Онтогенез – организмдердің жеке дамуы

№176 орта мектепАШЫҚ САБАҚТақырыбы: Онтогенез – организмдердің жеке дамуыСыныбы: 10 «А»Сынып жетекшісі: Г.Ы.ИгембаеваҚызылорда қаласыСабақтың тақырыбы: Онтогенез – организмдердің жеке дамуыМақсаты: 1. Организмдердің жеке дамуы, оның ерекшелігін, маңызын түсіндіру 2. Организмнің дамуы мен байланысты танымдық қызығушылығын дамыту. 3. Біліктілікке, ынтымақтыққа, ізгілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар топтамасы.Әдісі: Сұрақ-жауапБарысы: І. Ұйымдастыру (сыныпты 3 топқа бөлу)...
Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың

тақырыбы: Онтогенез - организмдердің жеке дамуы

Мақсаты: 1. Организмдердің жеке дамуы, оның ерекшелігін,

маңызын түсіндіру

2. Организмнің дамуы мен байланысты танымдық

қызығушылығын дамыту.

3. Біліктілікке, ынтымақтыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар топтамасы.

Әдісі: Сұрақ-жауап

Барысы: І. Ұйымдастыру (сыныпты 3 топқа бөлу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

1. Эмбриология ғылымының даму тарихы

2. Онтогенез:

3. Постэмбриондық даму:

IV. Бекіту

1. Сәйкестендіру тесті:

2. Терминдермен жұмыс

3. Кітаппен жұмыс Тест жұмысы

Ү. Қорытынды

Барысы: Ой қозғау. Үй тапсырмасын сұрау

1.Аналық жыныс жасушасының дамуын сипаттау

2.Аталық гаметалардың дамуын сипатау

3. Қосарланып ұрықтанудың мәні неде?

Кім жылдам?

1.Ұрықтану дегеніміз не?

2.Ұрықтанған жасуша қалай аталады?

3.Жасушаның бөліну жолдарын ата?

4. Митоз қандай бөліну?

5.Телу дегеніміз не?

6.Жыныстық көбеюдің ерекше түрөзгерісі?

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспары: 1. Эмбриология ғылымының даму тарихы

К.Бэрдің еңбегі

К.Бэр «Ұрықтың ұқсастығы» жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұқыртық дамуының бастапқы кезеңі өт е ұқсас екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде «ұрықтың ұқсастығы заңын» ашты. Бұл заң бойынша ұрықтық даму кезінде, алдымен, типтің, одан кейін кластың, туыстың, түрдің, ең соңында, организмнің өз белгілері пайда болады.

Ковалевский мен Мечников еңбектері

А.О.Ковалевский ланцетниктің эмбрион жасушаларын зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде, ұрықтың бастапқы кезінде пайда болған жапырақшалар соңынан эктодерма, энтодерма және мезодерма қабаттарына айналатындығын дәлелдеді.

Мюллер мен Геккель еңбектері

Эволюциялық даму жөніндегі Ч.Дарвиннің пікірлері, К.Бэр, А.О.Ковалевский мен И.И.Мечниковтің және т.б. эмбриологтардың еңбектері неміс ғалымдары Ф.Мюллер мен Э.Геккельдің биогенетикалық заңының негізінің қалануына әсерін тигізді. Биогенетикалық заң бойынша онтогенез дегеніміз - филогенездің (тарихи даму) қысқаша қайталануы болып табылады.

2. Онтогенез: а) эмбриогенез(ұрықтық даму)

ә) постэмбриогенез (ұрықтан кейінгі даму)

Бір қабатты ұрықтың - бластуланың түзілуі.

Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16,32,64,128,т.б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады.

Гаструла. Үш қабатты ұрықтың пайда болуы

Гаструла - іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты - энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі.

Нейрула.

Нейрулла сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады.

3. Постэмбриондық даму: а) тура даму (ересегіне ұқсас болу)

ә) түрленіп даму (дернәсілінің

ересегіне ұқсас болмауы)

Тура даму

Тура даму-организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы. Бұған омыртқалы жануарлардан жорғалаушылардың, құстардың, сүтқоректілердің және т.б. дамуы, ал омыртқасыздардан сүліктердің, көпаяқтылардың, өрмекшілердің және т.б. дамуы жатады.

Түрленіп даму - толық

Түрленіп даму - эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы. Дамудың бұл түрі омыртқасыз жануарларға, сондай-ақ омыртқалылардан қосмекенділерге тән.

: Түрленіп даму - шала

Жұмыртқа - дернәсіл - имаго

Мысалы: шегіртке, таракан, т.б.

Онтогенез – организмдердің жеке дамуы




IV. Бекіту

1. Сәйкестендіру тесті:

Онтогенез – организмдердің жеке дамуыМитоз жеке даму

Мейоз тарихи даму

Амитоз дене жасушасы

Жынысты екі дара

Филогенез тарихи даму

Онтогенез ұрықтың дамуы

Эмбриогенез жеке даму

Онтогенез – организмдердің жеке дамуы



Онтогенез – организмдердің жеке дамуы



3. Терминдермен жұмыс

Эмбриогенез, Онтогенез, Овогенез, Гаметагенез, Сперматагенез

4. Кітаппен жұмыcОнтогенез – организмдердің жеке дамуыОнтогенез – организмдердің жеке дамуы




Онтогенез – организмдердің жеке дамуыОнтогенез – организмдердің жеке дамуы








№176 орта мектеп

Онтогенез – организмдердің жеке дамуы






Онтогенез – организмдердің жеке дамуы





Тақырыбы: Ұлпалар

Сыныбы: 10 «А»

Сынып жетекшісі: Г.Ы.Игембаева



Қызылорда қаласы

© 2010-2022