Прокариоттық және эукариоттық жасушалар. Биология, 9-сынып

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күнделікті сабақ жоспары

Пәні: биология Өтетін күні Сыныбы IX

Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық және эукариоттық жасушалар, олардың құрылысындағы ерекшеліктер

Сабақтың мақсаты: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылысы, олардың ерекшеліктері туралы оқушыларды білімге жұмылдыру.

Сабақтың міндеті:

1.Білімділік: Прокариот және эукариот жасушаларының негізгі айырмашылықтарының неде екендігін талдау, өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылыстарын салыстыра отырып, меңгерту. 2.Дамытушылық: Жасушаның құрылымы мен қызметі туралы осы уақытқа дейінгі алған білімдерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Тірі жүйені қолдан жасаудың мүмкін еместігі туралы алған білім негізінде тіршілікке ықыласпен қарауды қалыптастыру.Қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен қорғау қажеттігін түсіндіре отырып, экологиялық білім мен тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа білім мен дағдыны меңгерту

Сабақтың түрі: Түсіндірме-көрнекі бейнелеу

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу

Сабақ кезеңдері: I.Ұйымдастыру;

II. Өткен сабақты қайталау, оқушылардың білімін тексеру;

III. Жаңа сабақты меңгерту;

IV.Зертханалық жұмысты орындату;

V. Алған білімдерін бекіту;

VI. Сабақты қорытындылап, бағалау;

VII. Үйге тапсырма беру;

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

2.Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

3.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту;

II.Өткен сабақты қайталау, оқушылардың білімін тексеру: Тексерудің әдісі: сұрақ-жауап. Қате жауаптарын оқушыларға түзеттіру.

III.Жаңа сабақты меңгерту: Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалар прокариоттар және эукариоттар болып екі топқа бөлінеді. Эукариоттарға (ядросы бар) өсімдіктердің, жануарлардың және саңырауқұлақтардың барлығы жатады.

Өсімдік жасушасында пластидтер, ірі вакуоль және жасунықтан тұратын жасуша қабығы бар. Қор заты крахмал.

Саңырауқұлақ жасушаларының қабырғасы хитиннен түзілген, пластидтері болмайды. Қорға жиналатын зат-гликоген.

Жануар жасушаларында жасуша қабырғасы тығыз болмайды, пластид және нағыз вакуоль жоқ.

Бактериялар, олардың ішінде цианобактериялар прокариоттарға (ядросы жоқ, сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады. Оны жарғақша қоршамайды, сондықтан тікелей цитоплазмада жатады) жатады.

Прокариот цитоплазмасында ұсақ, қарапайым құрылысты рибосомалар болады. Прокариот жасушаларында митохондриялар мен хлоропластар жоқ, олардың рөлін арнаулы жарғақша қатпарлары атқарады.

IV.Зертханалық жұмысты орындату;№3 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы.

Мақсаты:Олардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.

Жұмыс барысы: 1.Өсімдік, жануар және бактерия микропрепараттарын зерделеп қарау.

2.Микропрепаратты және оқулықты пайдалана отырып, төмендегі кестені толтыру.

Жасушаның бөліктері және органоидтары

Өсімдік жасушасы

Жануар жасушасы

Бактерия жасушасы

1

Қабық

2

Цитоплазма

3

Ядро

4

Үлкен вакуоль

5

Пластидтер

6

Лизосомалар

7

ЭПТ (эндоплазмалық тор)

8

Митохондриялар

9

Гольджи жиынтығы

10

Рибосомалар

11

Микроденешіктер

12

Талшықтар, кірпікшелер

13

Хромосомалар

14

Ядрошықтар

15


3.Осы жасушалардың ұқсастық және айырмашылық себептері туралы жалпы қорытынды жаса.

Қорытынды: 1. Жасуша- тіршіліктің құрылым-қызмет өлшем бірлігінің негізі. Барлық ағзалар жасушалардан тұрады.

2.Барлық ағзалар жасушаларының химиялық құрамы, құрылысы және атқаратын қызметтері ұқсас.

3.Жаңа жасушалар бастапқы жасушалардың бөлінуі арқылы түзіледі.

4.Кез келген жасуша өсімдіктер мен жануарлардың барлық жасушаларына тән үш құрамбөліктен: қабықша, ядро және цитоплазмадан құралады.

V.Алған білімдерін бекіту: Оқушы түсінігі сұрақ қою арқылы байқалады.

VI.Сабақты қорытындылау: Атқаратын қызметіне қарай ядро құрылысының ерекшеліктері. Прокариот пен эукариот арасындағы негізгі айырмашылық.

VII.Үйге тапсырма: § 8. Тақырып соңындағы сұрақтарға даярланып келу.





© 2010-2022