Сабақ жоспары: Жасушаның даму бірлігі

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: Жасушаның даму бірлігіСабақ жоспары: Жасушаның даму бірлігіСілтеме

Сабақ жоспары

Сабақ-4

Күні

Сыныбы: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Жасуша дамудың бірлігі екендігі, тірі организмнің құрылысы мен атқаратын қызметі.


Жалпы мақсаттар

Жасуша құрылысы мен қызметі тақырыбындағы тарауды қорытындылап, прокариотты және эукариотты ағзалар туралы түсінікті қалыптастыру


Міндеттері

  • жасушаның құрылысы мен қызметі, цитоплазмадағы органоидтер және олардың байланысы , эукариотты және прокариотты жасушалардың ерекшеліктері туралы білімді бекіту;

  • шығармашылық- ізденушілік жұмыстарды жүргізу арқылы бақылау, салыстыру, талдау және дәйектер мен қорытындыны жинақтай білуді дамыту;

  • қоғам мен биология ғылымының дамуында ғылыми жаңалықтардың маңызы арқылы оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, ой-өрісін кеңейту, көрнекілік құралдар арқылы эстетикалық тәрбие жақтарына көңіл бөлу; АКТ -ны пайдалана білуге үйрету; Топпен, жұппен, ұжыммен жұмыс істеуді дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже:

жасушаның құрылысы мен қызметі, цитоплазмадағы органоидтер және олардың байланысы , эукариотты және прокариотты жасушалардың ерекшеліктері туралы білімін қорытындылай білуеді прокариотты және эукариотты ағзалар туралы түсінікті қалыптастыру;АКТ-ны пайдалануды біледі; Топтық жұмыс арқылы ұжымдық жұмысқа, ұйымшылдыққа, сыни ойлауға үйренеді.

Сабақтың түрі:

қорытынды сабақ


Әдіс тәсілдері:

Проблемалық оқыту технологияларын қолдану. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдай ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау,оқытуда АКТ пайдалану, қабілетті оқушыларды анықтау.

Дерек-көздері:

Биология 10 сынып. Ғаламтор.Биология журналы.

Қажетті құралдар

интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, «Жасуша құрылысы» суреттер және слайдтар жинағы, оқушының нұсқаулық жұмыс парағы, сызба-нұсқалар т.б.

Түйінді идеялар

Митохондрия, Вакуоль, Нәруыз, Липидтер,Майлар, Пластидтер,Лизосома, Рибосома,Тұздар, Ядро ,Эндоплазмалық тор, Глюкоза , Гольджи жиынтығы

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Тапсырма мазмұны

Оқушының әрекетті

Бағалау

1.Ұйымдастыру

(3 мин)

Амандасады, түгендейді; Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастырады Топқа бөледі;

оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру

оқушыларда сабақ мақсаты және жоспарымен таныстыру

оқушылардың нұсқаулық жұмыс парақтарын тарату, түсіндіру

Оқушыларға әр түрлі органоидтар аттарын үсынып,

2 топқа бөледі.

«Митохондрия»-«Хлоропласт»

Амандасады, кезенші оқушы жауап береді.Органоидтардың аттарын тандап алын топқа бөлінеді.

Бағалау парпғы сабақтын алдында үлестіріледі.

2.Үй тапсырма

сын сұрау

(10ми)


Үй тапсырмасын тексеру
Тақтадағы тағамдарды жинау.

Интерактивті тақтаға жасушаның суреті қойылады.

Сұрақтар:

Суретте не көрсетілген?

Жасуша организмнің қандай бөлігі болып табылады?

Жасушаны қандай ғылым зерттейді?

Жасушаның ашылу тарихы туралы не білеміз?

Жасуша теориясының негізін қалаған қай ғалымдар?

Оқушылар дәптеріне тапсырмаларды орындайды;

Бағалау парағына критарийлер бойынша бағалайды.

Бағалау парағы үй тапсырмасы

Бойынша спикер оқушы тест қорытындысын қояды

3.Жаңа сабақ

(20ми)

3.1. Интерактивті тапсырма арқылы сабақтың тақырыбын анықтап алу.






3.2Интеративті

тапсырма арқылы

жасушадағы мен

брана және мен-

бранасыз органоид

терді топтастырып

алу


3.3Жасуша орга-

ноидтері мен қыз-

меттерін сәйкес-

тендіру тапс-сы

Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырманы орындайды. Төмендегі сөздерді мән-мағынасына қарай екі бағанға орналастыру: 1.Митохондрия, 2. Вакуоль, 3. Нәруыз, 4. Липидтер,

5. Майлар, 6. Пластидтер,

7. Лизосома, 8. Рибосома,

9. Тұздар,10. Ядро, 11.Эндоплазмалық тор,

12.Глюкоза ,13. Гольджи жиынтығы,14. Су;




( интерактивті тақтада тапсырманы бір оқушы орындап, интерактивті қаламның көмегімен сөздерді орналастырады да, әр бағанға тақырып қойып, бүгінгі сабақтың тақырыбы анықтайды)



3.2Оқушылар жұмыс парағындағы сызба-нұсқаны орындайды.

Органоидтер

Мембраналы Мембранасыз Митохондрия, хлоропласт және ядро ерекше түспен жазылады да, мұғалім оқушылардан олардың ерекше түспен боялып тұру себебін сұрайды. Бұл органоидтер қос мембраналы екені анықталады.

3.3

1. Митохондрия

А. Заттарды қорытатын органоид

2. Жасуша орталығы

Б. Нәруыз биосинтезі жүреді

3. Лизосома

С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады

4. Рибосома

Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады

5. Гольджи жиынтығы

Е. Энергия түзіледі, жиналады

6. Ядро

Ж. Лизосоманы түзеді

Жауап беріп жаңа сабақтың тақы- рыбын ашады.

-Көрсетілім бойынша тапсыр-маны орындайды;

-Оқушылар Төмендегі сөздерді мән-мағынасына қарай екі бағанға орналастыру:

Керекті терминдерді дәптерлеріне түртіп алады.

-Топ бойынша оқығандарын түсіндіреді, топта талдап, спикерлер тақырыпты айтады.

(бір оқушы интерактивті тақтада жасуша органоидтері жазылған сөздерді сызба-нұсқаға орналастырады)

(бір оқушы интерактивті тақтада жасуша органоидтері жазылған сөздерді сызба-нұсқаға орналастырады)

Бағалау парағына топтық жұмысқа қатысқанды критерий-лер бойынша оқушылыр өздерін бағалайды

4.Жаттығулар: Шағын танымдық-ізденушілік жұмыстар

(5 мин)

4.1

І-топ

Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

ІІ-топ

Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету

(Оқушылар бұл тапсырманы, бактерия мен жануар немесе өсімдік жасушасы бар суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)



(Оқушылар бұл тапсырманы, жануар және өсімдік жасушасы бар суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды

Жаттығуды орын- дайды.

Қорытынды Ядросы бар және ядросы жоқ жасушалар мен ағзалар .

Қорытынды:Жасушалардың ұқсастығы құрылыс бірлігінде, ал айырмашылығы жасушалардың эволюциясы туралы айтады.

5. Қоры

тынды, үйге тапсырма

(7 мин)

5.1. Тест тапсырмасын орындау (интерактивті тақта арқылы)

5.2. Рефлексия

5.3. Оқушылардың білімін бағалау.


Тест тапсырмасын орындайды. Рефлексия жазады.

-мұғаліммен қош-тасады

Қорытынды баға бағалау парағыны қойылады, журналға түсіріледі.

«Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі.» тақырыбы бойынша оқушыларды критериалды бағалау

Оқушы-ның аты-жөні

Үй тапсырмасы

бойынша

Кайталау

Топтық жұмыс

Қорытынды

баға:

40 балл-5

30 балл-4

20-10 балл-3

10-9

дұрыс


15балл

7-8

дұрыс


10бал

7-ден төмен


5 балл

Өткенді пысықтау

10 балл

Топтық жұмысқа белсене араласу

5 балл

Биология тілімен дұрыс жеткізе білу

5 бал

Өзіндік тұжырым жасай білу

5 балл

1



2



3



4



5








© 2010-2022