Тыныс алу мүшелерінің құрылысы, қызметі

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№249 мектеп-лицей



Тақырыбы:Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу

мүшелерінің құрылысы және қызметі

(ашық сабақ)

Сыныбы: 8 «Ә»

Өткізген: биология пәнінің мұғалімі - Дөңесова Гүлнұр





Әйтеке би кенті

2010 жыл

Күні:

Сыныбы: 8 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу

мүшелерінің құрылысы және қызметі

Сабақтың мақсаты: Білімділік

Оқушыларға адам ағзасының тыныс алу мүшелерінің құрылысы

және қызметі,тыныс алудың маңызы туралы терең білім беру

Дамытушылық

Шығармашылық ізденімпаздыққа баули отырып,танымдық

қабілеттерін,белсенділіктерін жетілдіру,қызығушылықтарын

арттыру,білімдерін дамыту

Тәрбиелік

Білімділікке,тазалыққа,аденсаулықтарына жауапкершілікпен

қарап,қорғауға,зиянды әдеттерден сақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі: түсіндіру,талдап-жинақтау,сұрақ-жауап

Сабақтың формасы: топтық,жеке

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: валеология

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,назарларын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ бөлім.Жүрек-қан тамырлар жүйесі

І.Қан тамырлары

1.Вена қандай тамыр?

2.Қан тамырларындағы қысым қандай?

3.Артерияға сипаттама бер

4.Адамда капиллярдың жалпы саны қанша?

ІІ.Жүрек

1.Жүрек циклі дегеніміз не

2.Жүрек жұмысы қандай кезеңдерден тұрады?

3.Жүрекке сипаттама бер

4.Сурет бойынша жүректің құрылысын сипаттау

ІІІ.Қан айналым шеңберлері

1.Қан айналым дегеніміз не?

2.Қан айналымның үлкен шеңбері дегенеіміз не?

3.Қан айналымның кіші шеңбері дегеніміз не?

4.Қай венада артерия қаны ағады?

ІІІ.Жаңа сабақ

§41.Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Тыныс алу жүйесі өте маңызды - газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес.Ағза мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы-аңқа(носоглотка),көмей,кеңірдек,бронхылар (ауатамырлар) жатады.Бұлар ауа тасымалдайтын жолдар.Сонымен қатар өкпе жатады.Өкпеде газ алмасу жүреді.

Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі.Мұрын қуысында ауа жылынады,залалсызданады,ылғалданады.

Мұрын қуысынан ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.

Көмей - іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан.Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқарады.

Кеңірдек - ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік.

Бронхылар (ауатамырлар) оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып,бронхы ағашын түзеді.

Өкпе - кеуде қуысында орналасқан шымыр,кеуекті жұп мүшелер.Оң жақ өкпе үш бөліктен,сол жақ бөлік екі бөліктерден тұрады.Өкпенің сырты қабықшамен - өкпеқаппен (плевра) жабылған.

Альвеолалар - диаметрі 0,2-0,3 мм,тереңдігі 0,06-0,3 мм,ауаға толы өкпе көпіршіктері.Адам өкпесінде шамамен 700 млн альвеола бар.

ІV.Жаңа сабақпен жұмыс

І. Сәйкестігін анықтаңдар.

1.Мұрын қуысы

2.Көмей

3.Кеңірдек

4.Бронхылар

А)шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады

Ә)ауа жылытылады.зарасыздандырылады,ылғалданады және шаң-тозаңнан тазартылады

Б)шеміршек сақиналарынан түзілген

В)сілемейлі қабықта иіс сезу мүшелері бар

Г)сүйекті - шеміршекті қалқа бар

Ғ)сілемейлі қабықта бездері бар тербелмелі эпителий болады

Д)сілемейлі қабық қатпарындағы шеміршектер арасында дыбыс сіңірлері түзілген

Е)қалқада үш қалқан ораналасқан

Ж)дыбыс түзіледі

ІІ.Дұрыс жауабын табыңдар

1.Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?

А)екі бөлікке

Ә)үш бөлікке

Б)төрт бөлікке

2.Мұрын қуысының ішкі беті:

А)100 см²

Ә)500 см²

Б)1500 см²

3.Дыбыс түзу қызметін қандай мүше атқарады?

А)мұрын қуысыс

Ә)көмей

Б)кеңірдек

4.Кеңірдек қабырғасы неден түзілген?

А)бұлшық ет ұлпасынан

Ә)шеміршекті сақинадан

Б)шеміршекті жартылай сақинадан

5.Кеңірдектің жалғасы

А)аңқа мен жұтқыншақ

Ә)көмей

Б)бронхылар

6.Кеңірдек қалай бөлінеді?

А)екі бронхыға

Ә)үш бронхыға

Б)бронхиолаға

ІІІ.Мүшелерді тап

V.Жаңа сабақты бекіту

«Үш қадамды сұхбат» әдісі

І топ - сұрақтар қояды

ІІ топ - сұрақтарға жауап береді

ІІІ топ - қорытындылайды

VІ.Қорытындылау

Тыныс алу жүйесі өте маңызды - газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес.Ағза мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады.

Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы-аңқа(носоглотка),көмей,кеңірдек,бронхылар (ауатамырлар) жатады

VІІ.Үйге тапсырма

1.§41.Тыныс алудың маңызы.Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі

2.Суреттер салу

3.Кесте толтыру

Тыныс алу мүшелері

Құрылысы

Қызметі



VІІІ.Бағалау

Сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсене араласқан оқушыларды бағалау





© 2010-2022