Биология доклад Биология сабағында АКТ-ні қолдану тәсілдері

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология сабағында АКТ-ні қолдану тәсілдері.

Каспакова Ш.А.-биология

пәнінің мұғалімі №14 ОМГ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақ халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек»,-деп атап көрсетті.Қ.Р. «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың инновациялық технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп,білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделенеді.Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ұйымдарының,әр оқытушының күнделікті ізденісі арқылы барлық жаналықтар мен қайта құру,өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынастарға өту қажеттігі туындайды.

Заман талабына сай білім беру әр оқу орнының алдына қойған мақсаты.Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің міндеті-жастардың білімді үйреніп қана қоймай,алған білімін үздіксіз дамытып,оны бойына сіңіріп,тәрбиелі,әдепті,интеллектуалды болуын қамтамасыз ету. «Әрбір ұстаз-білікті маман,ал әрбір оқушы- ойшыл тұлға» деген қағидаларды ұстана отырып,білім беру үрдісінде кез келген ұстаз білім сапасын жақсарту мақсатында оқытудың озық технологияларын пайдаланады.Инновация-құрал және процесс ретінде әлдебір жаналықты ендіру деген сөз.Педагогикалық процесте инновация оқыту мен білім мазмұнына,оқытушы мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаналық енгізуді білдіреді.

Ақпараттық-коммуникативтік технология өміріміздің барлық саласында,оның ішінде білім беру ісінде өте маңызды орын алады.Кейінгі жылдары оқыту процесінде кеңінен қолданыла бастаған компьютерлік технология зор мүмкіндіктерге ие болып отыр.Ғылым мен техниканың жедел дамыған,мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда АКТ мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланбай,айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңінен өтуі.Қоғамды ақпараттандыруды-экономика,ғылым,мәдениет дамуының негізгі шарттарының бірі. «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялары»ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.Көптеген электрондық оқулықтар мен оқу бағдарламалары,мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды.

Қазіргі оқу орны шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған,жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген,мамандық шеберлігі қалыптасқан оқытушыны қажет етеді.Ол педагог,психолог,оқу- процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.Сондықтан,оқытушылар жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін қолданып,оқыту құралы ретінде пайдалануы керек.Қазіргі заманда ақпарат көздерінен мына мәліметтерді алуға болады:

  • интернет көздерінен:кітапханалар,энциклопедиялар,сөздіктер,анықтамалар,авторлар,белгілі адамдар,өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін,адамның сыртқы және ішкі құрылысын,т.б. туралы;

  • Электронды оқыту бағдарламалары,электронды оқұлықтар,бейне фильмдер;

  • Музыкалық және бейнелеу шығармалары.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны білім алушыға беру процесі.Бұл процесті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі-интерактивті,сенсорлық тақта,мультимедиялық және онлайн сабақтары.Биология пәні бойынша электронды оқулықтар ды пайдаланамыз.Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы,яғни оның көмегімен оқыту үдерісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған.Оның маңыздылығы:

  • оқыту үрдісіндегі жекелеп,саралап оқыту идеяларын дамыту;

  • білім,билік,дағды деңгейін қалыптастыру;

  • білімнің тереңдігі;

  • сабақта техникалық құралдарды,дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;

  • оқытушының АКТ игеру,сонымен қатар оқушылардың білімін шындалуы;

  • тексеру түрлері,бағалау;

  • оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Білім берудегі АКТ жолмен ұйымдастырудың мақсаты-жаңа бағыттағы оқытушының кәсіби шеберлігін шындауға,өз білімін қөтеруге жауапкершілігін арттыру.Әрбір жаңашыл оқытушы АКТ ғылыми-теориялық негізін меңгеріп,әрбір баламен ғылымның жаналықтарымен ой бөлісіп,жұмысында қолдануға тырысыу керек.Оқытушылар мен оқушылардың интернетке енуі олардың қажеттіліктері мен іскерліктерін жұмсау аймағын анықтауда мүмкіндік береді.Интерактивті оқыту-көпқырлы құбылыс.Білім алушы белгілі бір мәселені шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді,білімін басқалардың идеяларымен толықтырады,жаңа тәсілдерді меңгереді,өзінің стратегиялық бағытын анықтайды.Оқушылар арасында өтетін мұндай білім алу процесі бір мерзімде бірнеше міндетті шеше алады:танымдық, коммуникативтік,дамутышылық,интеллектуалдық.Тәжірибеде мен интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді жиі қолданамын.Сегізінші сыныпта «Витаминдер» тақырып бойынша оқушылар топ-топқа

бөлініп,ұялы телефондарын,планшеттерін қолданып витамендер туралы ақпаратты тауып,топтың ішінде талқылап,қорғайды.Жетінші сыныпта «Сүтқоректілер»тақырып бойынша оқушылар интернет арқылы қызықты фото слайд және видео материалдарды дайындап келеді.Алтыншы сыныпта «Виртуалды микроскопты» қолданып зертханалық жұмысты орындайды.Сенсорлық тақтамен жұмыс істеуге үйреніп,оқушылар тақырып бойынша суреттерді,кестелерді сызып,Вен-диаграмманы толтырады.Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім беру мен қатар оқуға,үйренуге деген ынтасын арттыру әр ұстаздың міндеті.Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру,енбек етуге баулу,жалпы оқушы бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру оқытушыға қойылатын басты талап.Осы талапты шешуде АКТ оқытудың пайдасы зор.

© 2010-2022