Сабақ жоспары. Жүректің құрылысы

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 18.01.2016 ж Сыныбы: 8 «А» Пәні: Биология


Сабақтын тақырыбы: Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Жүрек қақпақшалары. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпақшалар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды жүректің құрылысы және жұмысы қанайналымның маңызды қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.СТО-элементі.

Сабақтың пән аралық байланысы: Медицина, әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, таратпа материалдар, оқулық т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;

- сынып оқушыларын түгелдеу;

- оқушылар назарын сабаққа аудару;

Психологиялық дайындық
Бір - бірімізге күлімсіреп қарап, амандасайық. Демді терең ішке тартып, демді шығарайық. Біз байсалды, деніміз сау, қайырымды, мейірімді және ақжарқын балалармыз. Бір-бірімізге тек қана жақсы тілектер тілейік.

Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаз беріледі, оның артына 1,2,3 саны жазылып, оқушылар сан бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ аттарын болжау әдісі арқылы анықтау. Әр топқа топ аты туралы анықтама жазылған парақ таратылады. Оқушылар оқып, топ аттарын анықтайды.

Бұлар ядросыз қан жасушалары.Оларда ерекше нәруыз гемоглабин болады. Негізгі қызметі - оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау осы гемоглабин арқылы іске асырылады. Олардың тіршілік ұзақтығы шамамен 120 күн. (Эритроциттер)

Бұлар ядросы бар белсенді қозғалатын қанның ақ жасушалары. Тіршілік ұзақтығы 2 - 4 күн. Негізгі қызметі - организмді ауру тудыратын бактериялардың, бөгде денелердің енуінен қорғау. (Лейкоциттер)

Бұлар қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері. Негізгі қызметі - қанның ұюы және қан кетуді тоқтату процестеріне қатысады. (Тромбоциттер)

1-топ: Эритроцит

2-топ: Лейкоцит

3-топ: Тромбоцит

Топ басшыларын өзім сайлаймын. Әр топтан бір оқушының артына стикер жапсыру арқылы топ басшыларын сайлау. Топ басшыларына бағалау парағын таратамын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Жылдам және дұрыс»

1. Организмнің ішкі ортасына не жатады: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа

2. Қан қандай ұлпаға жатады? Дәнекер

3. Қан беруші адамды қалай атайды? Донор

4. Қанның ұйымайтын, тұқымқуалайтын ауруы қалай аталады? Гемофилия

5. Қанды қабылдаушы адам? Реципиент

6. Адам ағзасында неше литр қан болады? 4,5 - 5 л

7. Оксигемоглабин деген не? оттекті гемоглобин

8. Иммунитет деген не? ағзаның бөгде затқа қарсы тұру қабілеті

9. Қан топтары: 1,2,3,4 топ

10. Қанның түссіз жасушалары: лейкоцит

11.Иммунитеттің неше түрі бар? 2

12. Егу арқылы қабылданатын иммунитет: жасанды

13. Қан ұю ұзақтығы: 4-5 мин

14. Қанның қызыл пигменті: гемоглобин

15. Қан ұюына қатысатын жасуша: тромбоцит

16. Тұқымқуалайтын иммунитет: табиғи

17. Ядросыз қан жасушасы қалай аталады? эритроцит

18. Қан құрамы: қан жасушасы, қан плазмасы

19. Қанды қанша уақыт сақтайды: 30 күн

20. Қан ұюына қандай элемент қатысады: кальций тұзы

2) «Сәйкестігін табу тест»

Әр топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі.

1-топқа:

1.Ішкі ортаға не жатады: : а) 4,5-5 л

2.Қанның мөлшері қанша : ә) қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа

3.Қан пластинкасы қалай аталады: б ) 3

4.Гемоглобин деген не: в ) Мечников

5.Эритроциттің диаметрі: г) бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту

6.Плазма нәруызы қаншаға бөлінеді: ғ) тромбоцит

7.Оксигемоглабин деген не: д) фибриногеннің фибринге айналуы

8.Фагоцитоз қандай процесс: е) 7,5 мкм:

9.Лейкоцит қызметін ашқан ғалым: ж) қанның қызыл пигменті

10.Протромбин деген не: з) оттекті гемоглобин

2-топтың сұрақтары:

1.АИВ: а) 4-5 мин

2.Қанның түссіз жасушалары: ә) жасанды

3.Қанды қабылдайтын адам: б)адам иммунитет тапшылығы вирусы

4.Егу арқылы қабылданатын иммунитет: в) фагоцитоз

5.Қан ұйымайтын ауру: г) реципиент

6.Қан ұю ұзақтығы: ғ) гемофилия

7.Қанның қызыл пигменті: д) лейкоцит

8.Қан ұюына қатысатын жасуша: е) табиғи

9.Бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: ж) гемоглобин

10.Тұқымқуалайтын иммунитет: з) тромбоцит

3- топтың сұрақтары:

1.Адам лимфа түйіндерінің саны: а) 3

2.Қан беруші адам ә) қан ұю

3.Қан глюкозасы қызметі: б) жасушаның энергия көзі

4.Ядросыз қан жасушасы: в) эритроцит

5.Плазма нәруызы қанша топ: г) 460

6.Тромбоцит қызметі: ғ) донор

7.Рентген сәулесінен лимфоциттер: д) 4

8.Адамның қан тобының саны : е) жойылады

9.Тромбоциттің тіршілік ұзақтығы : ж) қызғылт-сұр

10. Лимфа түйіндерінің түсі: з) 7-10 күн

Жауаптары:

І - топ ІІ - топ ІІІ - топ

1. Ә 1. Б 1. Г

2. А 2. Д 2. Ғ

3. Ғ 3. Г 3. Б

4. Ж 4. Ә 4. В

5. Е 5. Ғ 5. А

6. Б 6. А 6. Ә

7. З 7. Ж 7. Е

8. Г 8. З 8. Д

9. В 9. В 9. З

10. Д 10. Е 10. Ж

ІІІ. Жаңа білім беруге дайындау

«Миға шабуыл» стратегиясы
- Біз бүгін адам организмі туралы білімді толықтыруды жалғастырамыз. Кәнеки, балалар, мен бірнеше жұмбақ оқимын, ал сендер шешуін табасыңдар.
Жанды мотор сынбайды,

Күні-түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін,

Дәрігерлер тыңдай (Жүрек)

2. Тарам-тарам бір ғалам,

Айқыш-ұйқыш шырғалаң.

Толған ағыс тоқтаса,

Жоғалады бірге адам. (Қантамырлар)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қанайналым жүйесі. Жүрек және оның қызметі»

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Адамның жүрегі оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Жүректін әр бөлігі құлақша мен қарыншадан кұралады. Құлақша мен қарыншалар қақпақшалар арқылы байланысады. Жүректің қақпақшалары деп, кұлақша мен қарынша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлім. Қақпақшалар тек қарынша жаққа ғана ашылады да, қанның құлақшадан қарыншаға еркін өтуіне мүмкіндік жасайды, сондықтан ол кері қарай ақпайды, үнемі алға қарай ағады. Адамның жүрегі 4 бөлімнен тұрады: екі құлақша, екі қарынша. Қанның тұйық жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозгалуы қан-айналым деп аталады.

Жүрек - пішіні конус тәрізді, кеуде куысының сол жақ жартысына жақын, екінші - бесінші қабырға деңгейінде орналасқан куыс бұлшық ет мүшесі. Ересек адамның жүрегінің массасы 250 - 300 г. Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар жүрек қабында орналасқан. Жүрекшелер мен қарыншалар жақтаулы қақпақшамен өзара байланысты болады. Оң жағы үш жақтаулы қацпақша, ал сол жақ бөлікте қос жақтаулы қақпақша болады. Қарыншалар жиырылған кезде сіңір жіпшелері қақпақшалардың жүрекше жаққа ашылуына жол бермейді. Сол жақ қарынша мен қолқа, оң жақ карынша мен өкпе артериясы шегінде айшық тәрізді қақпақшалар болады. Олардың пішіні - жартылай дөңгелек терең қалта тәрізді. Бұл кақпақшалар қанды жүрек қарыншасынан артерияға өткізеді, бірақ канның артериядан карыншаларға кері ағуына кедергі келтіреді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Сыртқы кабат - эпикард жүрек бетін қаптайды, ортаңғы бұлшық ет қабаты - миокард еріксіз жиырылатын ерекше көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасынан түзілген. Ішкі кабат - эндокард жүректің ішкі қабатын және жүрек қакпақшаларын түзеді. Оң жақ қарынша қабырғасы - жұқалау, ал жүрекше қабырғасы одан да жұқа болады.

Артериялар - қан жүректен барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар. Олардың ішіндегі ең ірісі - қолқа (аорта). Ол сол жақ қарыншадан басталып, артерияларга тармақталады. Артерия қабырғасы қалың, иілгіш және серпімді. Олардың құрамына арасынан созылғыш талшықтар өтетін бірыңғай салалы бұлшық еттер кіреді. Артерия жүректен қашықтаған сайын тармақталып, капиллярларга айналатын, арнасының диаметрі, шамамен, 100 мкм артериолага айналады.

Капиллярлар - ең жіңішке қан тамырлар, арнасы 4 - 20 мкм құрайды, ал қабырғасы жалпақ жасушалардың бір қабатынан тұрады. Адамда капиллярлардың жалпы саны 2 млрд. Капиллярға таралған артерия қаны біртіндеп вена қанына айналады да, венаға түседі. Капиллярдың вена ұшы бірігіп венула түзеді, ол венаға айналады.

Веналар - қан мүшелер мен ұлпалардан жүрекке агатын ірі тамырлар. Вена кабырғасы артерия ағасынан жұқа, сондай-ақ бұлшық ет және созылғыш талшықтар аз. Венаның ішкі қабырғасы қанының бағыты бойынша орналасқан қалта тәрізді қақпақшалар түзеді, бұл қанның жүрекке қарай ағуына себепші болады.

V. Жаңа сабақты бекіту.

І-топқа Биологиялық диктант

1.Жүрек кеуде қуысының _______________ орналасады.

2.Жүректің өзінің өте жұқа қабатын _____деп аталады

3.Жүректің жұмысы ___ кезеңнен тұрады

4.Жүрекше мен қарынша аралығында ашылып- жабылып тұратын арнайы бөлім ____ деп аталады

5.Жүректің салмағы _____.

ІІ-топқа Адасқан сөздер (Сәйкестігін табыңдар)

1.Жүректің үстіңгі бетін қаптайтын өте жұқа қабат

а) Артериялар

2.Жүректің сыртын қаптап тұратын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек

б) миокард

3.Жүректің ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты

в) Перикард

4.Жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жататын қабат

г) Капиллярлар

5.Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратын қан тамырлары

с) Эпикард

6.Дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайтын қан тамырлары

д) Веналар

7.Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайтын қан тамырлары

е) Эндокард

ІІІ - топқа Адасқан сандар (Сәйкестігін табыңдар)

1.Жүрекшелер жиырылып (систола), қан қарыншаларға өтеді

а) 70-75

2.Қарыншалар жиырылып (систола), қан қолқа мен өкпе артериясына айналады

б) 0,4

3.Жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде тынығып, босаңсуы (диастола)

В)0,1

4.Жүректің 1 рет соғуына барлығы мынадай уақыт кетеді

Г) 2 млрд

5.Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына қанша рет соғады?

С)250-300

6.Ересек адамның жүрегінің салмағы

Д)0,3

7.Адамда капиллярлардың жалпы саны

Е)0,8

Жауаптары:

І - топ ІІ - топ ІІІ - топ

1. Сол жағында ІІ-V омыртқалар арасында 1. С 1. В

2. Эпикард 2. В 2. Д

3. 3 кезеңнен тұрады 3. Б 3. Б

4. Жақтаулы қақпақша 4. Е 4. Е

5. 250 - 300 г 5. А 5. А

6. Г 6. С

7. Д 7. Г

«Біздің жүрегіміз» қызықты мәліметтер оқу (мұғалім баяу оқиды)

«Жүрек» деп аталатын бұлшық ет әлемде махабаттың символы болып табылады. Гректер жүрек жанның арашасы деп ойласа, қытайлықтар бақыт жүректе деп сенген, ал египеттіктер эмоция мен интелект жүректе туады деп санаған. Жақында америкалық ғалымдар достармен көп араласу жүректің саулығын сақтайтынын анықтады. Адамның араласатын ортасы кеңейген сайын, оның жүрек ауруымен ауру қаупі азаяды екен. Мамандардың есептеуінше вальс музыкасы адамның жүрек ырғағына сәйкес келеді. Жүректің біздің өмірімізде алатын орны тым ерекше болғаны соншалықты барлық елде «Жүрек күні» аталып өтіледі, ол 25 қыркүйек. Бұл күні адам өміріндегі ең басты мүшеге ерекше көңіл аударылады. Сонымен қатар шведтік ғалымдардың зерттеуінше хор айтылғанда хорға қатысушылардың жүрек ырғағы бір үйлесімдікте болатынын анықтады.

2-тапсырма. Дәптермен жұмыс.

1-топ: Терминдік болжам. Тақырып бойынша жаңа сөздерді дәптерге жазу.

2-топ: Жүрекке жарнама жасау. Өз ойларын дәптерге жазу топ болып.

3-топ: "Сандар сырына саяхат". Тақырып бойынша дәптерге жазу

VI.Сергіту: «Жүректен жүрекке»

Адам организмінде жүректің құрылысын, қызметінің маңызын білдік.Адам өмірінде осы жүрегіміздің ерекшелігі өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына байланысты.Әр адам жүрегі мейірімділік пен махаббатқа толы болсын дей келе, сабағымызды ақын ағамыз Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» атты өлең жолдарымен қорытындылаймыз.

Жүрек арызы

"Бас, ием менің.
Өзіңнен бұрын жаралғам.
Алдымен - менмін,
Сонан сон, - сенсің жаралған.
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың,
Аяқ пен қолың -
Барлығы менен нәр алған.
Балғын шағыңда, өмірге жаңа аттанған,
Бағыңа бастар адамдық жолға ап барғам.
Кезім де болды қайғырған әрі шаттанған,
Кезің де болды, қайтейін, маған дақ салған.
Келеді сенің кей-кейде мені мұз еткің,
Бәріне көндім, қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа,
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім.

Жалындым саған жақыны бол деп баршаның,
Жан-ием, сенің жақсылығыңды аңсадым,
Өткіздім сені қаншама қауіп-қатерден
Ал енді, маған, демалыс берші, шаршадым!..

...Қақың жоқ сенің дем алуға да, соқпауға,
Қарсы барамыз оқтарға, әлі оттарға.
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге,
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!!!

VII. Үйге тапсырма. тақырыпты оқу, « Жүректің құрылысы» реферат жазу.

VIII . Бағалау













© 2010-2022