Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу жолдары

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Биология 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: §47.Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларынының алдын алу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тамақтану гигиенасы мен асқазан-ішек ауруларының алдын алу жолдарымен таныстыру.

Дамытушылық: Тамақ ішу ережелерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Дұрыс тамақтануға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру

Сабақтың әдісі: "жуан және жіңішке сұрақтар", "ой қозғау", "екі жұлдыз, бір тілек"

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,плакат "Астың аш ішекте өзгеруі", үйлестірме қағаздар,жетондар.

Қолданылған әдебиеттер:
8-сынып "Биология" Е.Очкур,Л.Аманжолова, Р.Жұмабаева.Алматы "Мектеп" 2012
9-сынып"Тәнтану" З.Жөкебайқызы,С.Сейсенбекқызы.Алматы"Рауан" 1996
"Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы"Қ.Дүйсембин,З.Алиакбарова.Алматы,2003

А.Қ.Сәтпаева "Адам физиологиясы"
А.Рақышев "Адам анатомиясы"
М.Дайырбекова "Адам анатомиясы"

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
II.Үй тапсырмасы.
III.Жаңа сабақ.
IV.Бекіту.
V.Қорытынды.
VI.Бағалау.

VII.Үйге тапсырма.

I.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сергіту сәті.
2. Оқушыларды кездейсоқ алған қағаздары арқылы 2 топқа бөлу.
3. Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлайды.
II.Үй тапсырмасы.
«Білім» минутты. "Жіңішке және жуан сұрақтар" әдісі бойынша жүзеге асады. Бұл кезеңде үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар арқылы жауап алдым.Сұрақтар әр топтағы оқушыларға жеке қойылады. Белсенді қатысып отырған оқушыларға арнайы жетондар таратылады. Жетондар алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5».

1.Ашішектің жоғарғы бөлімі не деп аталады?
2.Ұлтабар асқорыту жолының қандай бөлімдері арасында орналасқан?
3.Түссіз,мөлдір, сілтілік реакция көрсететін сұйықтықты ата?
4.Трипсин ферментінің қызметі қандай?

5.Ашішектің сілемейлі қабығы неден түзіледі?
6.Микробүрлер дегеніміз не?

7.Сіңірілу процесі не арқылы реттеледі?
8.Қай витамин майлардың сіңірілуін тездетеді?
9.Қандай без өзектері ұлтабарға ашылады?

10. Ашішек қабырғасы неден тұрады?

11.Нәруыздар,майлар,көмірсулар қандай жай заттарға дейін ыдырайды?

12. Су мен минералды тұздар қайда сіңіріледі?,,,,,,,,,,,,,

13.Астың қорытылуында өттің маңызы қандай?

14.Не себептен кішкентай балалар ағзасына жұмыртқа нәруызы мен сүттің табиғи нәруыздары мол сіңіріледі?
15.Ішектен тарайтын лимфаның ақ түсті болу себебі неде?

16. Ішектің қабырға маңында асқорыту дегеніміз не?
17.Сіңірілудің гуморальді реттелуі қалай жүзеге асырылады?
18.Судың сіңірілуі қай жерде басталады?
19. Судың сіңірілуі мен нәжістің қалыптасуы қайда жүреді?

20. Қалай ойлайсың асқазанда спирттік ішімдік жақсы сіңеме немесе глюкоза жақсы сіңіріледі ме?

І топқа: Тест тапсырмасын беру.
ІІ топқа: Сәйкестілік тестісін беру.

Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап, топтар өзара дәптерлерін ауыстырып тексереді.
1-тапсырма:" Сәйкестілік тесті".
1. Тіл А. Шықшыт, тіл асты, жақ асты
2. Ерін Ә. Қозғалмалы бұлшық етті мүше
3. Сілекей бездері Б. Астын ыстық-суығын тез сезеді
4. Эмаль В. Тіс ұяшықтарына цемент арқылы бекиді
5. Тіс мойны Г. Тіс сауытының жылтыр кіреукесі
6. Дентин Д. Сілекей нәруызы
7. Тісжегі Е. Орталығы сопақша мида орналасқан
8. Жақ асты безі Ж. Асты қозғалтады, жұтқыншаққа жылжытады
9. Муцин З. Дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады
10. Жұтудың К. Сүйекке ұқсас тығыз зат
11. Мальтаза Л. Микробтардың әсерінен дентиннің бұзылуы
12. Лизоцим М. Өзектері тіл астына ашылады
13. Амилаза Н. Сілекей құрамында зиянсыздандыратын нәруыз
14. Сілекей О. Тұтқыр, түссіз сұйықтық
15. Ас қорыту П. Крахмалды мальтозаға дейін ыдыратады

1-Ә, Ж, 2-Б, 3-А, 4-Г, 5-В, 6-К, 7-Л, 8-М, 9-Д,10-Е, 11-З,12-Н, 13-П, 14-О, 15-И.

2-тапсырма:" Тест жұмысы".
1. Асқазаннан кейін қандай мүше орналасады?
А) аш ішек; ә) тоқ ішек; б) ұлтабар
2. Ас қорыту мүшелерін белгілеңіз?
А) ауыз қуысы, өкпе, асқазан; ә) жұтқыншақ, өңеш, жүрек; б) тоқ ішек, өңеш, асқазан.
3. Ас қорыту және тыныс алу мүшелері қай жерде қиылысады?
А) жұтқыншақ; ә) ауыз қуысында; б) өңеште.
4. Адамда ас қорыту мүшелерінің ұзындығы:
А) 3 - 5м; ә) 8 - 10м; б) 15 - 18 м.
5. Тоқ ішектің бөлімдері:
А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек;
Ә) соқырішек, тік ішек, ұлтабар;
Б) соқырішек, жиек ішек, тік ішек.
6. Ас қорыту мүшесінің бұл бөлімінде нәжіс қалыптасады:
А) аш ішекте; ә) тоқ ішекте; б) асқазанда.
7. Ол мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан ас қорыту мүшесі:
А) өңеш; ә) жұтқыншақ; б) асқазан
8. Аш ішектің бөлімдері:
А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек;
Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек;
Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек.
9. Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастырыңыз:
а) ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек, жұтқыншақ, өңеш;
ә) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек;
б) жұтқыншақ, өңеш, ауыз қуысы, асқазан, аш ішек, тоқ ішек.
10. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
А) жұмсақ таңдайда; ә) ұрттың сілекейлі қабығында; б) тілде.
Жауабы: 1. Ә 2. Б 3. А 4. Б 5. Б 6. Ә 7. Ә 8. Ә 9. Ә 10. Б
III.Жаңа сабақ: §47.Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларынының алдын алу.

Тақырыпты тақтаға жазу және оқушыларға дәптерлеріне жазғызу

«Білу» жүйесі. Бұнда оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған "ой қозғау" әдісі бойынша ашық сұрақтар бердім. Дұрыс тамақтанудың адам өміріндегі маңызы қандай?, Қанша мезгіл тамақтанасындар?,

Не үшін тамақтану керек? Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

"Қызығушылықты ояту"сатысы.
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларынының алдын алу". Олай болса,ең алдымен бәріміз "тамақтану гигиенасы" дегенді қалай түсінеміз,соны айтып кетейік.
Оқушылардың әрқайсысы өз ойларын білдіреді.

"Мағынаны тану"
1. Жеке жұмыс. Топтағы әр оқушы оқулықтағы"§47.Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларынының алдын алу" тақырыбын оқып, мазмұнымен танысады.
2.Ой толғаныс.Постер қорғату."Тамақтану гигиенасы".
Екі топ бір-бірімен постер алмастырады,толықтырады.

Қосымша мәлімет.

Тамақтану режимі.
Негізгі тамақтану мезгілі үшке бөлінеді:
таңертеңгі ас үлесі (рацион) қант қосылған ботқа, сүт тоқаш, сары май т.б. - организмде қант құрамын тұрақтандырады, тәбетті ретке келтіреді, сонымен қатар күні бойы тамақты шамадан тыс көп жеуден және семіруден сақтайды;

екінші таңетртеңгі ас (ланч) - жеміс-жидек немесе тоқаш, сусын немесе шырын;

түскі ас (сағат 13.00-14.00 аралығы) - ас үлесі (рацион) құнды - әр түрлі тағамдар жиынтығы, организмді керекті құнарлы заттармен қанықтырады;

түстік - сусын немесе шырын, айран.

кешкі ас (сағат18.00-19.00) - ас үлесі (рацион) жеңіл тағамдар - ұйқы кезінде адам организмін жайландырып, қорытылуына көп қуат кетпейтін тағамдар;
"Диагностика" кезеңі.Слайдта көрсетілетін аурудың суреттері мен атауы бойынша 1-топ аурудың болу себептерін және белгілерін, 2-топ аурудың жою жолдарын айтады.

Асқорыту жүйесінің аурулары:

1.Ішекқұрт аурулары:аскаридоз,энтеребиоз,трихинеллез,эхинококкоз.

2.Инфекциялық аурулар:дизентерия,холера.

3.Тамақтану улану: бутулизм.

4.Зат алмасудың бұзылуы: семіздік

5.Ішімдік әсерінен болатын аурулар: гастрит,бауыр циррозы.

1.Ішекқұрт аурулары:аскаридоз,энтеребиоз,трихинеллез.

Аскаридоз - адам мен жануарлар денесінде тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру.Ол адам денесінде жұптасып өмір сүреді. Жуылмаған көкөністерді,жеміс-жидектерді жегенде, қайнатылмаған суды ішкенде құрттар адам денесіне түсіп, ауру туғызады. Әсіресе А-бен балалар көп ауырады. А-дың алғашқы кезеңінде баланың дене қызуы аздап көтеріліп, жөтеледі, аяқ-қол басында қызарған бөртпелер пайда болады. А-дың асқынған кезеңінде бала тәңертеңгілік жүрегі айнып құсады, іші өтеді. А-ды құрттарға қарсы препараттар ішкізу, асқазанға таза ауа жіберу арқылы емдейді. А-дан сақтандыру жолдары: қолды сабындап жуу, жеміс-жидектерді таза сумен жуып жеу, қоғамдық орындарда тазалық сақтау.Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларының алдын алу жолдары

2.Инфекциялық аурулар:дизентерия,холера.Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларының алдын алу жолдары

Дизентерия:Ол адамнан - адамға тез жұғып, тарайды. Әсіресе жаз айларында көбейіп кетеді. Кесел ауру қоздырғыштары бар тамақтардан, ішетін судан, кір ыдыс - аяқтан, лас ойыншықтардан, көбіне тазаланбаған жеміс -жидектерден, қауын - қарбыздан, көбірек тұрып қалған қолдан жасалған салаттардан, қаймақ және сүзбелерден жұғады. Сондай-ақ әр адамның жеке басының гигиеналық тазалығын дұрыс сақтамауынан да болады.Ауру аяқ астынан басталады. Ең бірінші белгісі -іштің өтуі.Сонымен қатар дене ыстығы 38-39 градус шамасына дейін көтеріледі. Алғашқы кезде әлсіздік пайда болып, асқа тәбеті төмендейді, онан соң аздап іші ауыра бастайды. Аурудың ішінің өтуі 3-5 рет,кей жағдайда 8-10 ретке дейін болады. Науқас кідірмей дәрігерге көрінгені және ауруханада емделгені жөн.
Алдын-алу шаралары:
Тамақ ішердің алдында және әжетханадан кейін қолды сабындап жуу керек. Көкөністерді, жеміс-жидектерді пайдаланар алдында мұқият тазалап жуған дұрыс.

3.Тамақтану улану: бутулизм

Бутулизм организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 - 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет. Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларының алдын алу жолдары

4.Зат алмасудың бұзылуы: семіздік

Семіздік, май басу - ағзада артық майдың жиналуы, Мұндай жағдайда майдың пайда болу процесі оның ыдырауына қарағанда жылдам жүреді. Көбінесе, семіздік үнемі артық тамақ ішкеннен болады. Бұл жерде қабылдайтын тағамның мөлшері мен калориясынан гөрі, адамның атқаратын жұмысына байланысты (ой еңбегі не дене еңбегі) тағамды организмнің қалай сіңіретіні үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ семіздікке дұрыс тамақтанбау, тәуліктік рационда сіңімді көмірсулар, қант, кондитерлік, тәтті тағамдар мен мал майларының (сары май, майлы ет) мөлшерден тыс көп болуы және организмнің тұқым қуалаушылық - дене бітімдік ерекшелігі де белгілі бір дәрежеде себеп болады. Емі: диета сақтау, май, көмір, су және калориясы аз, бірақ белогы мен витаминдері мол тағамдарды ішу керек; дәрігердің кеңесімен тәбетті төмендететін дәрі ішу және ашығу күнін белгілеу; суға шомылу, массаж жасату, спортпен шұғылдану қажет. Шипажай, санаторийлерде емделу де пайдалы.Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларының алдын алу жолдары

5.Ішімдік әсерінен болатын аурулар: гастрит,бауыр циррозы.

Гастрит
Асқазанның созылмалы қабыну сырқаты жиі кездесетін аурулардың бірі. Асқазанның созылмалы аурулары көбіне мектепке дейін және мектеп жасында басталады. Сырқаттың туындау себептері - астан улану, ішек жұқпалары, тамақтану уақыты мен сапасы бұзылғанда, тамақты құрғақтай жеу, асығып шайнау, ұзақ дәрілер ішуден, басқа да ас қорыту ағзаларының зақымдануынан пайда болады. Белгілері - іштің ауруы, ауырсыну, ұстама тәріздес эпигастрит байқалады..Негізгі емі - емдік тамақтану. Ащы, қышқыл дәмді, кока-кола секілді газдалған сусындарды ішіп-жеуге болмайды. Ботқалар, шырышты сорпалар, буға пісірілген котлеттер, қайнатылған ет, балық, көкөніс пен жемістердің езбелері, жеміс шырындары, сүзбе, омлет, айран беріледі. Тамақтан кейін таза ауада 30-40 минут серуендеу пайдалы. Балаларға қатты жүгіруге, секіруге, ауыр заттарды көтеруге болмайды.

Үйлестірме қағаздарды тарату.
IV.Бекіту.
"Ой қорыту".Жаңа білімді меңгеруді тексеру.(Нені білдік?)

1.Неліктен бірден көп мөлшерде тамақ ішуге болмайды?

2.Едәуір қолайлы тамақтану режимі қандай?

3.Неліктен таңертенгі асты ішпеу зиянды?

4.Неге белгілі бір кақытта тамақ ішу керек?

5.Тамақтан улану себебі неде?

6.Қандай асқазан аурулары жиі кездеседі?

7.Неліктен тамақ ішер алдында қолды жуу керек?

8.Ішекқұртты жұқтыру көзі неде?

9.Қандай асқазан ауруларын білесіңдер?

V.Қорытынды.

Бүгінгі сабағымызда тамақтану гигенасын сақтаудың маңызы мен асқазан - ішек ауруларының алдын алу жолдарымен таныстық. ."Ауру астан" дегендей, әр адам ішетін ауыз суы мен күнделікті тағамының сапасына көңіл бөлгені жөн. Таза су,құнарлы тамақ адам бойындағы түрлі ауруларға деген иммунитетті жетілдіріп, қорғаныш қабілетін арттырады.ДДҰ дерегі бойынша адам ағзасына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының 80%-ы тамақ арқылы беріледі екен.Сондықтан тамақты уақытымен және мөлшері мен ішіп жесеңдер, дендерің сау болады.
VI.Бағалау.
Әр белсенді қатысқан оқушыларға әр түрлі түсті жетондар үйлестіріледі. Алған жетон түсіне қарай баға қойылады. Қызыл түс-«3», сары түс-«4», жасыл түс-«5»
Рефлексия. "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі бойынша жүзеге асады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып,тақтаға ілу.
VII.Үйге тапсырма. §47.Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларынының алдын алу.
2) Әр кім өзінің тамақтану режимін жазып келу.


© 2010-2022