Ашық сабақ Асқорыту мүшелері

Асорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жуйесін. құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық жәнехимиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.
Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелері

Мақсаты: Оқушыларға асқорыту туралы түсінік беру. Асқорыту жүйесіне жататын мүшелерімен таныстыру.

Міндеттері

Әдіс- тәсілдері

1

Білімділік: Оқушыларға асқорыту туралы түсінетін болады. Асқорыту жүйесіне жататын мүшелермен танысады.

Оқулық, мәтінді оқи отырып

2

Дамытушылық: Танымдық қызығушылықтарын, логикалық ойлау қабілеттері, білік дағдылары дамиды.

Оқулықты пайдалана отырып, топпен жұмыс істеу барысында

3

Тәрбиелік: Оқушылар асқорыту мүшелерімен таныса отырып, дұрыс тамақтануға, ас қорыту мүшелерін күтуге, салауатты өмір сүруге үйренеді.

Топпен жұмыс үстінде

Сабақ типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Түрі: СТО, АКТ.

Әдісі: Топпен жұмыс.

Құрал - жабдықтар: Плакаттар, флипчарт, маркер, суреттер, клей.

Мұғалімнің міндеті

Оқушының әрекеті

1.

Ашық сабақ Асқорыту мүшелері

2.

  1. Ұйымдастыру.

Қызығушылықты ояту.

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Әр топ өз атауларын қорғайды. І - топ. «Энергия» ІІ - топ. «Вита» ІІІ - топ «Ферменттер» IV - топ «Минералдар».5

3.

II. Мағынаны ажырату:

А. Мәтіндер беру.

1-топқа: Асқорыту жүйесі мен ауыз қуысы

2-топқа: Жұтқыншақ пен өңеш.

3-топқа: Асқазан.

4-топқа: Аш ішек пен тоқ ішек.

Б. Топ мүшелеріне берілген тапсырмаларды орындату.

Мәтіндермен танысады. 5

Топпен талдайды. 3

Топ мүшелері мәтіндері бойынша тапсырмаларды орындайды (постер құрайды).5

Жұмыстарын қорғайды.16

4.

ІІІ. Ой толғаныс:

«Қар лақтыру»

Әр топ қағазға өтілген тақырып бойынша сұрақтарын жазып, басқа топқа лақтырады. 10

5.

ІV. Қорытындылау

Әр топ бүгінгі сабақтан әсерлерімен бөліседі.

6.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

7.

Үйге тапсырма

Асқорыту жүйесінің аурулары туралы қосымша мәлімет қарастыру.




© 2010-2022