Бірінші жартыжылдыққа арналған тест (6 сынып)

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бірінші жартыжылдық бойынша тестілеу 6 сынып

1-нұсқа

  1. Өрік, шие, шабдалы сүйектері қай ұлпаға жатады?

а. түзуші в. жабын с. қор жинаушы д. тірек ұлпасы

2. Жарақаттанған жердің қалпына келуі қай ұлпаға байланысты?

а. түзуші в. жабын с. қор жинаушы д. тірек ұлпасы

3. Өсімдіктің вегетативті мүшесі?

а. тамыр в. гүл с. тұқым д. жеміс

4. Тұқымның ұрығынан өсіп шығатын алғашқы тамыр қалай аталады?

а. негізгі в. қосалқы с. жанама д. шашақ

5. Жемтамырлы өсімдік

а. батат в. топинамбур с. картоп д. сәбіз

6. Сабақты жуандатып өсіреді?

а. қабық в. камбий с. сүрек д. өзек

7. Қабық пен сүректің арасында орналасады

а. қабық в. камбий с. сүрек д. өзек

8. Тыныштық күйге ауысқан бүршік

а. төбе в. жанама с. қолтық д. бұйыққан

9. Кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік

а. төбе в. жанама с. қолтық д. бұйыққан

10. Өрмелегіш сабақты өсімдік

а. қияр в. бұршақ с. бақбақ д. шырмауық

11. Қысқарған сабақты өсімдік

а. қияр в. бұршақ с. бақбақ д. шырмауық

12. Түріөзгерген тамырсабақты өсімдік

а. картоп в. құртқашаш с. қызғалдақ д. жералмұрты

13. Жай жапырақты өсімдік

а. жөке в. асбұршақ с. итмұрын д. шетен

14 Күрделі жапырақты өсімдік

а. терек в.қарағаш с.қайың д. беде

15. Бірүйлі өсімдікті көрсет

а. жүгері в. қарасора с. қалақай д. терек

16. Гүлшоғыры жай масақ

а. жолжелкен в. жүгері с. пияз д. күнбағыс

17. Гүлшоғыры жай шатырлы өсімдік

а. жолжелкен в. жүгері с. пияз д. күнбағыс

18. Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі аталады

а. ұрықтану в. тозаңдану с. көбею д. желмен ұшу

19. Жел арқылы тозаңданады

а. шие в. қайың с. алма д. раффлезия

20. Бунақденелер арқылы тозаңданады

а. қарасора в. қайың с. емен д. шие











Бірінші жартыжылдық бойынша тестілеу 6 сынып

2-нұсқа


1. Сабақ пен тамыр ұшында орналасатын ұлпа?

а. түзуші в. жабын с. қор жинаушы д. тірек ұлпасы

2. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа?

а. түзуші в. жабын с. қор жинаушы д. тірек ұлпасы

3. Өсімдіктің генеративті мүшесі?

а. сабақ в. тамыр с. жеміс д. жапырақ

4. Сабақ немесе жапырақтан өсіп шығатын тамыр?

а. негізгі в. қосалқы с. жанама д. шашақ

5. Түйнекті тамырлы өсімдік (тамыры түрөзгеріске ұшыраған)

а. батат в. топинамбур с. картоп д. сәбіз

6. Жылдық шеңбер түзеді?

а. қабық в. камбий с. сүрек д. өзек

7. Органикалық заттар қорға жиналады

а. қабық в. камбий с. сүрек д. өзек

8. Өркеннің ең ұшында оранласқан бүршік

а. төбе в. жанама с. қолтық д. бұйыққан

9. Жапырақ қолтығына орналасқан бүршік

а. төбе в. жанама с. қолтық д. бұйыққан

10. Жатаған сабақты өсімдік

а. қияр в. бұршақ с. бақбақ д. шырмауық

11. Шырмалғыш сабақты өсімдік

а. қияр в. бұршақ с. бақбақ д. шырмауық

12. Түріөзгерген түйнекті өсімдік

а. картоп в. құртқашаш с. қызғалдақ д. бидайық

13. Жай жапырақты өсімдік

а. терек в. құлпынай с. таңқурай д. мия

14. Күрделі жапырақты өсімдік

а. терек в.қарағаш с.қайың д. беде

15. Бірүйлі өсімдікті көрсет

а. тал в. қарасора с. қалақай д. асқабақ

16. Гүлшоғыры собық

а. жолжелкен в. жүгері с. пияз д. күнбағыс

17. Гүлшоғыры себет өсімдікті тап

а. жолжелкен в. жүгері с. пияз д. күнбағыс

18. Аталық пен аналық гаметаларының қосылуы не деп аталады?

а. ұрықтану в. тозаңдану с. көбею д. желмен ұшу

19. Жел арқылы тозаңданады

а. шие в. қайың с. алма д. раффлезия

20. Бунақденелілер арқылы тозаңданады

а. қарасора в. қайың с. емен д. Шие




6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Тұқым құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Тұқым құрылысы, дамуы және қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат беру.

Сабақтың білімділік мәні: Оқушыларға тұқымның құрылысы туралы мағлұмат бере отырып, зертханалық жұмыстар арқылы негізгі ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мәні: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, талаптануын арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымын қалыптастыру, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекі құралдары ұлғайтқыш қол әйнегі, сызбанұсқа, тұқым құрылысы-аппликация, тест, биологиялық есеп.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ ,Биологиялық ойын .Зертханалық жұмыс.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың әдісі: Ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы, тірек-сызба, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Өткен сабақты сұрау (тест, биологиялық ойын).

  2. Жаңа сабақ . Зертханалық жұмыс.

  3. Бекіту жұмыстары (сызба), қорытынды.

  4. Бағалау.

  5. Рефлексия

  6. Үйге тапсырма.

І.Оқушыларды 4 топқа бөлу. Топ жетекшілерін сайлау. Топ жетекшілері жауап беріп отырған оқушыны белгілеп отырады. Әр топқа ұжымдық ойлау әрекетінің ережесі таратылады.

ІІ. Өткен сабақты сұрау. Биологиялық ойын. «Кім шапшаң?».

III - жаңа сабақ. Жұмбақ.

Біреуін бердім, онын тердім (тұқым)

Қос жарнақты тұқымның құрылысы.

Қабығы Екі жарнағы Ұрығы

\ \ \ алғашқы тамырша алғашқы сабақша бүршікше

Дара жарнақты тұқымның құрылысы


қабығы бір жарнақ эндосперм ұрық

(қауызы)

Зертханалық жұмыс: Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы.

Жұмыстың мақсаты: Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысымен жалпы танысу.

Құрал-жабдықтар: Үрмебұршақ және бидай тұқымы, ұлғайтқыш әйнек, ұстара.

1). Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін, қабығынын түсін, кіндігінін қай жерде орналасқанын анықтау.

2). Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу.

3). Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап атын жазу;

4). Бидай тұқымының сытқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағын қарау, суретін салу, атын жазу.

5). Ойыстау жағынан ұзынынан екіге (ұстарамен бөліп) ішкі бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызын) ерекшелігіне назар аудару.
IV. Сабақты бекіту. Қорытынды

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.




© 2010-2022