Білім беру үдерісіндегі жаңа технология

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ

МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМДЕ ПАЙДАЛАНУ

Г.Н.Смет

№190 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы ,Қазалы ауданы ,Ақтан батыр ауылы

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрия- ландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімнің алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық техналогияларды меңгерген, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады

Бүгінгі біЗдің алдымызда тұрған міндет - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жаң-жақты дамыған жеке түлға даярлау. Қазақтың кеменгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтанда қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру денгейіне жетуге ат салысуда. Ертенгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы - қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты.

Уақыт талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, тиімді оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру арқылы ғана білім беру сапасын арттыруға болатыны белгілі. Қазіргі таңдағы білім беру сапасын арттыруда әсер ететін факторлар мыналар:

- Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;

- Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;

- Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды өзгерту;

- Оқушылардың қызығушылығын арттыру;

- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

- Оқушылардың сыни тұрғыдан өздерін-өздерін бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығы түсіндірудің қажеттілігі;

Қазіргі сабақтарда оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде топтық жұмыстардың маңызы зор. Оқушылар бірлесіп үйренуге шағын топтармен, жұппен жұмыс жасағанда ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу бағытында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларын қортып тұжырымдайды, ортақ жобаны дәлеледеп қорғап шығуға тырысады. Шағын топтарда бірлесе жұмыс жасағанда мұна жайттарды есте ұстау қажет: өзара сыйластық, бір-біріне құрметпен қарау, кезекпен сөйлеу, тындау дағдысын үйрету, ұтымды жұмыс істеу

Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатырса - бұл ұстаздар еңбегі. «Мұғалім - мектептің жүрегі» демекші, оқушыға білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса, жемісі де шырынды болмақ. Қазіргі заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады. Оның қызметін тұтастай адамтану ғылымы деп алсақ, бұл ғылым адамның күрделі де қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу шеберлігімен көрінеді.

Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір - бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді? Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.

Бұл технология бойынша:

- оқу үрдісінде қызығушылық артады;

- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі үйретеді, оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылығы, белсенділігі оянады.

оқушыларды топқа бөле отырып, бақылаушының, баяндаушының, топ басшысының,хатшының,уақыт сақшысының ережелерімен отырып, сабақты түрлендіре өткіздім.Сабақта сәйкестендіру тесті, дискуциялық карта, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, жұптық жұмыс әдіс-тәсілдерін пайдаландым. 8 «а» сыныбына «Тағамның құрам және маңызы» тақырыбын өттім.Сыныпты 3 топқа бөлдім. Оқушыларды бөлу кезінде 1, 2 3, 4,5,6 деп санайды. 1, 2-оқушылар 1топ-А тобы, 3,4-оқушылар 2топ-Б тобы, 5,6-оқушылар -3тобы-В тобы болып үш топқа бөлініп отырды. Топқа бөліп оқытудың тиімділігі-оқушылар бір бірімен ой бөліседі, бір шешімге келеді, сонымен қатар оқушылардың барлғы да жұмыс жасап отырады.

А,В,С деңгейлік сұрақтарға жауап беру арқылы жүргізілді.-Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен, ойлармен танысады

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, "ол немене?", "бұл немене?" деп, "ол неге үйтеді?", "бұл неге бүйтеді?" деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені (Жетінші сөз)

Абайдың жетінші қара сөзін оқушылар оқырман ретінде оқып шығады

- Топтан автор тағайындалады.

- Оған топ мүшелері сұрақтар қояды.

Бұл кезеңде оқушылар жаңа ақпаратпен, ойлармен танысады. Сабақтың негізгі кезеңін ашты

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі ,сол себепті оқушыларға сұрақты дұрыс қойылуы керек.Оқушылардың сабақты дұрыс түсінуі маңызды.Сұрақтарыдың екі түрі бар :төменгі және жоғарғы. Төменгі дәрежелі сұрақтар тек қана дұрыс немесе дұрыс емес деген жауаптармен шектеліп қалуы мүмкін.Ал жоғарғы дәрежелі сұрақтар кеңейтілген және талдауға бағытталған сұрақтар. Мысалы менің сабағымда С деңгейіндегі оқушы Адамның күнделікті қалыпты тіршілігі үшін тәуілігіне орта есеппен қанша грамм нәруыз болады?Мұғалім:дұрыс деген сияқты кейінгі әрекет болды.Асқорыту жүйесіндегі жұқпалы аурулардың алдын алу дегеніміз не ?деген сұраққа Гүлсезім өзінің алдын ала ақпарат көздерінен алған жұқпалы аурулардың алдын алуын түсіндіргенде жан-жақты талқылап аурудың себептерін,пайда болуын түсіндірді.Адамдардың тағамдардан улануын қалай түсіндіресің деп қайтадан оқушыға қайта бағыттау сұрағына да өте жақсы жауап берді

Білім беру - тек мұғалімді тыңдағаннан емес, вербальды құралдарды қолдану арқылы, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асады. Өз сабағымда оқушыларға бөшкедегі сұрақтар,топтық тапсырмалар берілді.Неге тағамдық заттар,мысалы,сүт немесе тауық сорпасын қанға тікелей жіберсе адам өліп қалады?Гүлсезімге сұрақ қойылыды .Оқушылар Гүлсезімді басбармақ арқылы бағалады.«Ойлан, бірік, бөліс» әдісін пайдаланып талдау жасады, «Үш қадам» әдіс - тәсілдерін түсіндіре отырып,

ақпарақ тараттым. Онда оқушылар топ бойынша жұмыс жасайды. Берілген тапсырманы жазбаша түсіріп, ауызша қорғайды. Жаңа сабақ сұрау кезінде оқушыларға сыни сұрақ тастаған болатынмын,ортадан В деңгейіндегі Жайна жауап берді.Сұрақ:Неге тағамдық заттар ,мысалы сүт немесе тауық сорпасын қанға жіберсе адам өліп қалады?Жайнаның жауабы: «Сыртқы ортадағы тағамдық заттар организмді қажетті заттармен және энергиямен қамтамасыз ету үшін олар сіңірілуге дайын күйге айналуы қажет.Тірі организмдер қоректік химиялық жолмен ыдыратады,олар зат алмасуға қатысады және сіңіріледі.Сондықтан эволюция нәтижесіндекез-келген тағамның негізін құрайтын нәруыз,май,көмірсуларды қорытатын көнтеген омыртқалы жануарларда бірдей әмбебап аппарат-асқорыту жүйесі құрылады»деп өте жақсы жауап берді. «Нәруыз,көмірсу және май»қоректік заттары

А. Сұрақ қойшы Б. Жазушы В.Жауап беруші

Оқушылар «Жақын арада даму аймағында» алынған ақпаратты жақсы қабылдайтын болғандықтан сабақта оқушыларды топқа бөліп оқытуды жөн көрдім, топқа бөлудің өзінде оқушыларды ойландыруға тырыстым. Сондықтан топқа бөле отырып,сабақты түсіну кезеңінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету стратегиясы бойынша оқушы алдына проблемалық тапсырмалар, сұрақтар беріп өз ойы жайлы ойлауға ықпал жасауды көздедім.

Оқушыларға сабақты қалай түсінгендігін,білуге өзін-өзі бағалау үшін рефлексивті ойларын бағалау парақшаларына жазып отырды.

Бүгінгі сабақта мен нені түсіндім?

Алған білімдерін ,түсіну дірежесін бағалап бекіту мақсатында жұппен жұмыс сәйкестендіру тестін орындаттым және жеке жұмыс тест тапсырмалары берілді. Сабақ соңында оқушыларға бағалау картасын толтыруды тапсырдым.

Бұл С деңгейіндегі оқушым

Сабақты бағалау сәтінде тағы бір жауабы біз көп сөйледік, ал сіз бұрын көп түсіндіріп айтатынсыз бұл жолы тек бізді бақылап қана отырдыңыз дегені маған ұнады. Мен С деңгейіндегі оқушыдан мұндай сұрақ пен жауапты күткен жоқпын.Кейінгі менің әрекетім осы оқудың мақсатын оқушыға қайта түсіндірдім.

Басқада оқушылар өз ойларымен бөлісті.Барлықтарының ойымен келістім.Оқушылар сын тұрғысынан ойлауға дағдылана түсті, олар бірлесіп ойланды.Соның нәтижесінде, өз жұмыстарын берілген уақытқа сай айтып шықты;

Бұндай тәсіл кезінде біліктілік, білім, мүғалімдер арқылы құрылады. Осы идея менің сабақ өткізгенімнен кейін мен рефлекстивті есеп сияқты сабағыма өзіндік талдау жасадым: сабақта мен не істедім, оқушыларым ұсынған материалды игерді ма, қойған мақсатыма жете алдым ба, не сәтті болды, қай жұмыс түрі сәтсіз болды, неліктен екенін талдадым, сабақ жөніндегі оқушыларымның да пікірлерін таразыладым. Адамгершілік мақсаты бар мүғалімдер өздерінің әріптестеріне және айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін сыртқа шығарады. Олардың көңілінде үнемі дүрыс, талапқа сай білім беру түрады Бұл кезде менің алғашқы айталатын өзгерісім сабақ түсіндірудегі жаңа тәсілімнің өзгергеру арқылы жаңа заманға ағымына қарай өзімніңде реттеліп келе жатқанымды байқадым..

Оқушыларға сабақ соңында түсінбеген сұрақтарың болса маған қоятын сұрақтарың болса өз ойларыңды ашық хат арқылы ойларын жазуды сұраған болатынмын.Сонда Айфара өз ойын ашық хат арқылы былай жеткізіпті

«Мұғалімге ашық хат!

Біздің құрметті ұстазымыз Гүлжамал апай!

Біздің сізге айтар алғысымыз шексіз.Себебі сіз бізге көптеген сабақтарды өз деңгейіненде жоғары деңгейде өткіздіңіз.Біз бұл сабақтарды күндегі сабақтарға қарағанда қызықты әрі көңілді өткіздік.Бұрын біз жеке сабақ айтып жүрсек ,қазіргі кезде топпен жұмыс жасауды үйрендік. «Бірлесе пішкен тон келте болмас»-деген даналық сөздің мағынасын енді ұғынғандаймыз.Сіз бізге сабақта әр түрлі жаңа тәсілдер арқылы достарымызға сабақ түсіндіруді,бір-бірімізді бағалауды үйреттіңіз.Біз әр сабақ сайын постер қорғап өз ойымызды басқаларға нақты әрі ашық түрде жеткізе білуге бейімделдік.Ой елегінен өткізіп отырсам бірінші сабақтарда біз сыныптастарымыздан «Ойыңды ашық жеткізе алмадың» деген сын естісек,сабақ соңында «Ойларын жақсы жеткізді»деген мақтау сөздер естідік.Мұның өзі мұғалім үшін үлкен жетістік.Өткен сабақтар арқылы мен топтың әр мүшесінің топ ішінде ерекше орны бар екендігін түсіндім.Сабақ барысында біріміз жазсақ,біріміз айтып,біріміз постердің ұқыптылығын қадағалап отырдық.Мұның өзі топ мүшелері бірімен -бірі тығыз байланыста екенінің айғағы іспеттес.Маған апайдың тәсілдерінің ішінде постер қорғау «Екі жұлдыз,бір пікір»арқылы бағалау сонымен қатар сергіту сәті ерекше ұнады.Мен алдағы уақытта барлық сабақтар топпен жұмыс жасау арқылы өтсе.Әзірге бізде қазақ тілі мен әдебиет ,география және биология сабақтары өткізіледі.Себебі бұл әдіс оқушыларға сабақ түсіндіруде өте тиімді.Себебі біз әр сабақта өз-өзімізді реттеп,бағалап,талдау жасап отырамыз Мен осындай қызықты әрі түсінікті сабақ өткізген Гүлжамал апайға алғысымды білдіргім келеді,Менің бұл ойыма достарымда келіседі деп ойлаймын.».

Мен не үйрендім?

Оқушы не үйренді?

●Блум токсономиясы бойынша мақсат қоюды

●Топқа бөлу арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды

●Ой-өрісім кеңейді

●Шығармашылығым шындалды

●Сыни сұрақтарын саралап беруге дағдыландым

●Сыни тапсырмаларды тақырыпқа сай ұсынуды меңгердім

●Білім беру үшін бағалауды, сабақ процесінде қолдануды үйрендім.

●Жан-жақты ойлана білді

●Ашық сұрақтар беру барысында түрлі ойлар айтылды

●Жұмылып пікір алмасуға дағдыланды

●Топпен бірлесіп жұмыс жасайды үйренді

●Оқушылар бір-бірін оқытуды үйренді

●Жұппен жұмыс жасауды үйренді

●Интернеттен керекті мәліметтер алуды үйренді

●Білім алу іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды үйренді

●Бағытталған нәтижеге қол жеткізуді үйренді

Ұсыныстарым:

Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау барысында сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модульі басшылыққа алу:

Оқушыларға сыни ойлауға тапсырмалар беруді жетілдіріп отыру;

Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлау барысында сөздік қорын дамыту;

Сыни тұрғыда үйрету әдістерін кеңінен қолдану

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы .Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей

  2. Иманбекова Б., Әбдіреймова К, Мазаржанова Қ. «Сабақ - оқытудың негізгі формасы». Алматы, 2003 жыл.

  3. «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журналы, 2006, №2.

  4. Ақпарат желісі

© 2010-2022