Сабақ жоспары Палеозойдағы силур, девон кезеңінде пайда болған тіршілік (11-сынып)

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Биология

11-сынып

Күні: 26.01.2016ж

Тақырыбы:

§31.Палеозойдағы силур, девон кезеңінде пайда болған тіршілік.

Мақсаты:

1.Оқушыларға палеозойдағы силур, девон кезеңінде пайда болған тіршілік туралы түсінік беру;

2.Ой-өрісін биологиялық тұрғыдан дамыту;

3.Тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1.Оқушылар палеозойдағы силур, девон кезеңінде пайда болған тіршілік туралы түсінік алады.

2.Силур мен девон кезеңінде пайда болған тіршіліктің ерекшеліктерін басқа палеозой кезеңіндеріндегі болған ерекшеліктерден ажырата алады.

3.Жеке және жұптық жұмысты орындау барысынды оқушылар ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиеленеді.

Керекті жабдықтар:

Ковшарь А.Ф." Биология" 11-сынып ,тірек-сызба,тақта, дидактикалық материалдар,

Әдістер:

Баяндау, сұрақ- жауап.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.


ІІ.Үй тапсырмасы

"Миға шабуыл"

Үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтар бойынша жауап береді.

1.Палеозой кезеңінің ерекшелгігі неде?

2.Палеозой ұзақтығы қанша уақытты қамтыды?

3.Палеозой неше кезеңнен тұрады?

4.Кембрий кезеңінің ерекшелігі қандай?

5.Ордовик неше жылға созылыды?

ІІІ.Жаңа сабақ

Силур 35 миллион жылға созылды.Силур теңіздерінде омыртқалылардан сауытты балықтар басымдық көрсетті, олар өркендей түсті.Басы сүйекті сауытпен қоршалған бассүйексіздер-үшемкөздер және күрмеуіктер кездеседі.Атап айтқанда силурдың соңында көпжасушалы тіршілік құрлыққа шықты.Құрлықта пайда болғандар:Жануарлардан -құршаян-қалқаншаяндар ұрпағы, өсімдіктерден - риниофиттер немесе псилофиттер.

Псилофиттер-алғашқы құрлық өсімдіктері, олардың денесі әлі ұлпаларға және мүшелерге бөлінбеген, сондықтан тармақталған білік іспеттес болып келеді.Олардың дене мөлшері шағын, шамамен осы заманғы мүк сияқты болды.Псилофиттердің саңырауқұлақтармен селбесуі құрлықта жеңіл игеруге себепші бол мүмкін.Осы заманғы мүктердің арғы тектері тәуелсіз эволюциялық жолмен түзілген, ал псилофиттер басқа споралы өсімдіктердің-жылысқылар мен қырықжапырақтылардың ататегі болған.

Девон 55 миллион жылға жуық созылды.Девон "балықтар ғасыры" деп аталады. Дәл осы кезеңде нағыз балықтардың барлық топтары: шеміршіекті, сүйекті, саусаққанатты және қостынысты балықтар дүниеге келген.Девонның соңында сауытты балықтар және жақсүйексіздердің едәуір бөлігі өліп бітті де, алғашқы құйрықты қосмекенділер түзіліп, олар құрлыққа қоныс тепті.

Өсімдіктер тек қана құрлыққа белсенді орнығушылар емес, керемет шапшаңдықпен эволюциялық жолмен де дамиды.Девон кезеңінде споралы өсімдіктер: мүктер, қырықжапырақтар, қырықбуындар, жылысқылардың барлық бөлімдерінің өкілдері пайда болды.Девонның соныңда тұқымды жапырақтардан алғашқы ашық тұқымдылар да түзіле бастады.Алайда құрлыққа орнығып, топырақты алғаш қалыптастырған псилофиттер өліп кетті.

"ҰБТ бұрышы"

Силур (тайпаның атауы) кезеңінде тау түзілу процесі қарқынды болғандықтан құрлықтың көлемі артты, ең алғашқы омыртқалылар пайда болды. Буынаяқтылардан ұзындығы 2 метрге жететін 6 жұп аяқтары бар алып ракоскорпиондар дамыды. Силурда ішкі қаңқасы шеміршекті, сырты қалқаннан тұратын сүйекті сауытпен қапталған ең алғашқы омыртқалы жақсүйексіз жануарлар - сауытты балықтар пайда болды. Сауытты балықтар жұп жүзбе қанаттары болмағандықтан, ұқсағанымен, шын мәнінде, жақсүйексіздер (дөңгелекауызылар) класына жатқан. Өте баяу қозғалу әрі қарай дамуға қабілетсіз етті, ақырында жойылды. Осы күнгі дөңгелекауыздылар - минога мен миксина сауытты балықтардың жақын туысы.

Судың азайып саяздануынан ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік - псилофиттер(риниофиттер). Оның құрылысы көп жасушалы жасыл балдырларға ұқсаған, нағыз жапырақтары болмаған. Жіңішке жіп тәрізді өскіншілері арқылы топыраққа бекініп, су мен минералды тұздарды сіңірген. Өсімдіктердің құрлыққа шығуы - эволюцияның ең негізі кезеңі. Бактерия мен көк-жасыл балдырлардың әрекетінен кұрлықта псилофиттер қорек корын алатын биогенді қабат - топырақ түзілді. Ең алғаш құрлыққппсилофиттермен қатар осы күнгі сарышаянға ұқсас өрмекшітектестер де шықты. Силурдың соңында қаңқасы шеміршектен тұратын жыртқыш балықтар пайда болды. Жақ сүйегінің болуы омыртқалы жануарлардың дамуына зор әсер етті. Өсімдіктер мен жануарлар құрлықты мекендей бастады.

Девон (Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметіне аталған). Девонды балықтар кезеңі дейді. Теңіздің көлемі азайып, саязданып, ауа-райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейді. Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі аққулар, скаттар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбе қанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбе қанаттары желпуіш тәрізді) және саусаққанаттылар(жүзбе қанаттары саусаққа ұқсайды) деп бөлінеді. Саусаққанатты балықтардың жүзбе қанаттары етті, қысқа болған. Екі көкірек, екі кұрсақ жүзбе қанаттарының көмегімен жүзіп қана қоймай, суы құрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүргенБалық мұражайы қызметкері К. Латимер ханымның есімімен латимериядеп аталған. Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы қосмекенділер -стегоцефалдар шыққан.

Девонда өсімдіктен споралы қырықбуындар,плаундар, қырықжапырақтар пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады.


ІV. Бекіту

"Сөйлемді толықтыр"

Силур ---------------------------------------------- жылға созылды.

Силурда құрлықта пайда болғандар: -------------------------------------------------------------------.

Псилофиттер------------------------------------ олардың денесі әлі ұлпаларға және мүшелерге бөлінбеген, сондықтан тармақталған білік іспеттес болып келеді.

Девон ----------------------------------------------------- жуық созылды.

Девон ------------------------------------------------------------------ деп аталады.

Девон кезеңінде нағыз балықтардың барлық топтары: ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------дүниеге келген.

Девонның соңында сауытты балықтар және жақсүйексіздердің едәуір бөлігі өліп бітті де, -------------------------------------------------------------түзіліп, олар құрлыққа қоныс тепті.

Оқулық 162-бет, 43-суретті талдау.

V. Бағалау

Сабаққа қатысқан белсенді оқушыларды мадақтап бағалау.

VІ.Үйге тапсырма.

§31.Палеозойдағы силур, девон кезеңінде пайда болған тіршілік.



© 2010-2022