• Преподавателю
  • Биология
  • Ғылыми жұмыс (үзінді)/немесе мақала ретінде/ тақырыбы: Компост дайындау арқылы экологиялық таза өнім алу

Ғылыми жұмыс (үзінді)/немесе мақала ретінде/ тақырыбы: Компост дайындау арқылы экологиялық таза өнім алу

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КОМПОСТ ДАЙЫНДАУ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМ АЛУ

Олжас ҚҰТЫМ, 8 сынып оқушысы

Жетекшісі:

Дәулетбай Ақмарал

Жамбыл атындағы мектеп-лицейі мүғалімі, Шәуілдір ауылы Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы

Ғылыми жұмыс (үзінді)/немесе мақала ретінде/ тақырыбы: Компост дайындау арқылы экологиялық таза өнім алу

Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

Компост - қоспа шірінді. Өсімдік пен жануарлар тегінің қоспасы, оларды тыңайтқыш ретінде пайдалануға шіріту үшін қалдырады. Шөп, түскен жапырақ, көкөніс қалдықтары, құс саңғырығы, көң, осылардың бәрі жақсы шірінді тыңайтқыш.

Компост дайындау үшін әр түрлі органикалық қалдықтардан сонымен қатар, астық қалдықтарынан, үйде ас дайындағаннан қалған түрлі өсімдіктердің қалдықтарын, жануарқиынан, құс кеңсірігін қосып, бетіне топырақ себелеп, бірнеше қабатты сапалы тыңайтқыш дайындауға болады.Мұндай қолдан жасалған тыңайтқыштарды барлық өсімдіктерге тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады. Сондықтан қолдан жасалған компостты көбінесе бау-бақшаларда, теплицаларда, саяжайларда мол өнім алу үшін қолданылады. Компостты құнарсыз, нашарланған жерге және лайлы, грунтты жерлерді көп өнім беретін құнарлы жерге айналдыру үшін қолданылады.Компост дайындау үшін мынадай нәрселер қажет: бақтағы орнын дайындап алу керек: органикалық қалддықты салатын контейнер немесе қоршау; ылғалды орын /жер/ алты айдан бастап 1 жыл шамасында уақыт қажет.Компост жәшігіне майдаланған бұтақтар,ағаштардың бүршігі, майдаланған шөптер, қураған жапырақтар, орылған шөптер, тамақ қалдықтары (жұмыртқа қабығы, жемістердің көкөністердің қалдығы, шәй және кофенің қалдығы) опилка, шөппек сабанды және ауруларға қарсы себетін химиялық ерітінділер саламыз/ауру өсімдіктерді компосттау қажет емес/. Космпост дайындауда қолдануға болмайтын заттар: ас үйден шыққан пісірілген, қуырылған заттар, еттен басқа, /мұндай заттар паразиттерді өзіне жинайды/; цитрусты қалдықтарды қолданбаған жөн / құрамындағы қышқылдар құрттардың белсенділігін бәсеңдетеді./дәндердің қалдығы және тамырланған әр түрлі ауруларға шалдыққан өсімдіктерді, тастарды химиялық заттарды және құрылыс қалдықтары.Өсімдіктер құрамындағы азот пен углеводтардың дұрыс балансын сақтап отыру қажет. Азот көбінесе өсімдік жапырағынан алынады, ал углерод- қартайған өсімдіктің бұтағынан, қабығынан алынады.Сондай-ақ салынған шөптің пропорциясына туралап сабан, опилка, картон қағаздарын салуға болады.Ағаш материалдары мен басқа ірі заттарды майдалау керек. Картонды, қағазды жиынтықтарды қосуға болады, ал жылтырақ қағаздар немесе түрлі-түсті полиграфиялы қағаздар болмауы керек. Ондай заттарды да өте ұсақтап, мыжып, арасынан ауа өтетіндей жасау керек. Компосттың арасына неғұрлым ауа жақсы өтсе соғұрлым тез дайын болады.

Компосттық қалдықтардың көлемі аз болған сайын, ол процесс тез өтеді. Әсіресе тездету үшін жануарлардың жерге жаңа түскен қиын және құс кеңсірігін қосып, ай сайын, әсіресе ерте көктемде шыбалшаң салуға болады

  • Компосттық процесті жеделдету үшін арнайы бактериалды препараттарды қолдануға болады

Казіргі таңда көптеген бақшашылар минералды тыңайтқыштардан бас тартып немесе оларды қолдануды азайтып, органикалық жер игеруге көшуге тырысуда. Мұндағы басты мақсат - ақшаны үнемдеумен қатар, экологиялық таза өнім алу.

Адал еңбек, маңдай тер кез келген адамды игілікке жеткізері сөзсіз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­станның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: «Жал­пыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» ма­қа­ласы - ел эко­номи­ка­сын одан әрі дамытумен қатар қоғамдық сананы да ортақ мақсатқа үндейтін, сонымен бірге бүкіл қо­ғамды елдікке, бірлікке, кемел келешекті бірге қар­сы алуға шақыратын бағ­дарламалық идея.

Халықта «Еңбек еткеннің - ісі оң, бағыты - мұратты» деген қанатты сөз бар. Олай болса, біз меже тұтқан «Қазақстан - 2030».



© 2010-2022