Қолжетімді мақсат қоя білу-білім сапасын көтерудің көрсеткіші ретінде

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қолжетімді мақсат қоя білу-білім сапасын көтерудің көрсеткіші ретінде.


Картбаева Дарига Андреевна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы

бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін

арттыру институтының «Деңгейлі бағдарламалар»

орталығының тренері


«Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ!»

Абай


Жаһандану процесі жүріп жатқан заманда жан-жақты қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі-білім беру. Білім - біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Заманға сай білім беру - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан да, заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін игеріп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.

2014 жылғы 17 қаңтардағы ҚР Президентінің «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру» тұжырымдамасында басты басымдылық ретінде ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту, оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»,- деп белгілеген болатын.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықта «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім»(Strong, Ward & Grant, 2011) деп көрсеткен. Дей тұра, оқушы жетістіктерін өрістетуде,бәсекеге қабілетті ұрпақ даярлау ісінде тамыры тереңге кеткен кейбір ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Сол себепті, жаңашыл идеяларды танудан және тәжірибе жасаудан жалықпағанымыз абзал. Осы орайда, мұғалімнің жемісті жұмысы дұрыс мақсат қоюдан басталатындығын айтқым келеді.

Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар - Smart, Smart education белсенді түрде еніп келеді. Smart education ұғымы көптеген елдерде іс жүзіндеқолданыста. Smart education ұғымының негізгі мәні неде? Сөздің түбіріне келетін болсақ, «smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. Смарт - бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы - парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде - ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Дәл осы оқыту жүйесі қазіргі заман мүмкіндіктері мен міндеттеріне сәйкес білімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, жастардың тез өзгергіш қоғам жағдайына бейімделуіне, оқулықтан нақты белсенді әрекетке негізделген білім алуына мүмкіндік береді.

SMART - оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған.

Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.

Specifik- арнайы, нақты;

Measurable-өлшеуге болатын, шектеулі;

Attainable-қолжетімді;

Realistic-шынайы, қысқа да нұсқа;

Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.

Қысқаша айтқанда, ол қойылған мақсат нақты (Specific), өлшенетiн (Measurable), әрекетке негiзделген (Action-oriented), қол жетiмдi (Realistic) және уақытпен шектеулi (Time-bound) болуы тиiс деген қағидалар.

Ал ендi, сабақ өтуде мұғалімдерге тиiмдi әрi оңай мақсат қоюға арналған ойыммен бөліскім келедi.

Мысалдар келтiрiп қарастырсақ:

Мысал №1

  1. Жақсы мұғалім болу

  2. Мiнсiз сабақ өту

Бұл қойылған мақсаттарға жетуге болады, бiрақ та олар нақты (specific), өлшенетiн (measurable), әрекетке негiзделген (action-oriented) және уақытпен шектеулi (time-bound) емес екендігі туралы ойлаған дұрыс.

Мысал №2

  1. Ән салу қабiлетiмдi жетiлдiру

  2. Әдеби кiтапты бiтiру

Бірінші мақсат қол жетiмдi және едәуiр нақты, бiрақ уақытпен шектелмеген. Айта кететiн жәйт, бұл мақсатты өлшенетiн және әрекетке негiзделген етуге болады (мысалы, музыкадан он сабақ аламын).

Екінші мақсатты жоспарлағанда кiтапта неше тарау бар, қаншасы оқылып шықты және қашан бiтiремiн деген сұрақтарға жауап берiлсе SMART-мақсат деуге болады.

Мысал №3

  1. Компьтер клубына аптасын 3 рет барып 1 айда компьютерде жазуды үйрену

  2. Ағылшын тiлiнде сөздіксіз тілдесуге үйрену: ағылшын тiлiнде екi онлайн-сабақ қарап шығу (breaking bad пен himym), айына екі кiтап оқып шығу (кiтаптардын тiзiмiн келтiру)

Бірінші: Бұл қарапайым болғанмен өте жақсы мысал. Ол нақты (Specific - жазуды үйрену), өлшенетiн (Measurable - қашан канша рет бару саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - аптасын 3 рет бару), қолжетiмдi (Realistic -клубқа барып) және уақытпен шектелген (Time-bound - 1 айда бiтiру).

Екінші: Бұл да сондай: нақты (Specific - ағылшын тiлiн жетiлдiру), өлшенетiн (Measurable - оқыған кiтаптар саны және қараған онлайн сабақтар саны), әрекетке негiзделген (Action-oriented - кiтап оқу ), қолжетiмдi (Realistic - иә) және уақытпен шектелген (Time-bound - мысалы күнде кешке кiтап оқи отырып айына екі кітап бiтiру).

Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі қарыштап дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады.

Елбасымыз: «Ұлттың дамуы толығымен білім сапасының дамуына тәуелді»,- дейді. Демек, мақсатты дұрыс қою арқылы біз сол сабақтағы жұмыстың нәтижесін болжаймыз. Сабақты өткізген соң мақсатымызға қайта оралып, оқыту тиімділігін анықтай аламыз.

Мақсатты дұрыс қою нәтиженің нақты және сапалы болуына алып келеді. Әр сабақты бастаған кезде «Мен осы бір сабақта нені нақты жүзеге асыра аламын, оқушыларым қалай, не алады?» деген сұраққа жауап беріп, кіріскеніміз дұрыс. Бұл жерде сабақтың тақырыбына қарай оқушылармен бірге мақсатты қойып алу да тиімді.Сол мақсатқа жету жолдарын яғни белгілі бір критерийлерді де талқыға салу өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Яғни, оқушы нені оқуы керек екендігін және неліктен бұны жасау керек екендігін біліп оқуға деген қызығушылығы артады. Оқушының өзіне және өзінің біліміне деген сыни көзқарасы қалыптасады.

Сонымен, мақсат жұмыстың нәтижесін анықтайтындықтан оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

«Қазақстан халқына Жолдауы» 2014ж.

2. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2013ж.



© 2010-2022