Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қаракөл орта мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Астық тұқымдастар»

Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Биология пәні

6 «а» сынып

Биология пәнінің мұғалімі: Д.Искендирова









2015 жыл



Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі Г.Умирзакова

6 сынып

Биология

7.03.2015 ж

Сабақ тақырыбы

Астық тұқымдастар

Сабақ мақсаты

Астық тұқымдас өсімдіктерінің негізгі ерекшелігі мен маңызын туралы мағлұматтар беру

Сілтеме

Биология 6 сынып

Ғаламтор материалдары

Күтілетін нәтижелер

1.Астық тұқымдастардың түрлерін сипаттап айта алады.

2. Астық тұқымдастарының маңызын біледі.

3. Астық тұқымдас өсімдіктердің өкілдерінің тірі организм үшін маңыздылығына тұжырым жасай алады.

Тапсырмалар

І.Ой- қозғау (өткенге шолу) «Лотерия» ойыны (сұрақтар)

ІІ.Айқындау(нені білдім?) Оқушы шығармашылығы

ІІІ.Іздену, білу (нені білгіміз келеді?) Жаңа сабақ-«Түрлі-түсті конверттер» топтық жұмыс

ІҮ. Ой-қорыту (нені білдік?) тапсырмалар

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалім және оқушы немен айналысады

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру

3 минут

1.Оқушылармен амандасады, түгендеу

2.Топқа бөлу

3.Жағымды психологиялық ахуал тудыру

4. Әр топ топ ережелерімен

4.Сабақ кезеңдерімен таныстыру

5.Бағалау парақтары беріледі.

Амандасады, кезекші оқушы мәлімет береді.

Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Сергіту жаттығуы

Бағалау парақтарымен танысады.

Постер, маркер, стикер, интерактивті тақта, ғаламтор материалдары

Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

І. Өткен сабаққа шолу жасау
І. Ой қозғау

«Лотерия» ойыны арқылы сұрақтар беру

ІІ. Айқындау ( нені білдім?)

Пияз, сарымсақ олардың пайдасы туралы оқушылардың

ойларын тыңдау

Жаңа тақырыпты білу мақсатында сөзжұмбақ шештіру

Сұрақтарға жауап береді.

Дайындап келген пияз, сарымсақ туралы жұмыстарын оқиды.

Сұрақтарға жауап бере отырып сөзжұмбақ шешеді.

Жаңа сабақ

10 минут қорғауға 5 минут

«Астық тұқымдастар» туралы мағлұмат беремін. Одан әрі «Түрлі-түсті конверттер» арқылы тақырыптарды бөліп беремін. Оқушылар өз бетімен оқып, талдайды, постер дайындау

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды да, қорғайды. Оқушыларды «Басбармақ» әдісімен бағалау

«Түрлі-түсті конверттер»

Жаңа сабақты бекіту


IV. Ой - қорыту ( нені білдік?)

Астық тұқымдастарына жататын өсімдіктерді тауып жазыңдар:

1. Сары бөрібұршақ

2. Егістік қарабидай

3. Егістік сұлы

4. Шалғындық кекіре

5. Қызғылт жоңышқа

6. Дәрілік бақбақ

7. Бетеге

8. Жатаған бидайық

9. Егістік күріш

10. Мәдени қыша

11. Кәдімгі қамыс

12. Егістік яруткасы

13. Арпа

14. Жұпарбас

15. Егістік тары

16. Шалғындық атқонақ

Дұрыс жауаптар: 2,3,8,9,11,13,15,16

Астық тұқымдасына жататын өсімдік белгілерін бөліп ата :

1. Тіршілік формасы - ағаш, бұта, шөптесін

2. Ұсақ гүлдері масақ гүлшоғырына жиналған, олар біріге келіп күрделірек гүлшоғырына айналады.

3. Жемісі - тұқымша

4. Гүлсерігі 4 тостағанша жапырақшалардан және 4 күлте жапырақшаларынан құралған.

5. Жапырақтары ұзын, параллель жүйкелі және ұзын қынапты.

6. Жемісі - жидек.

7. Жемісі - дәнек.

8. Гүлінде екі гүл қауашағы, үш аталығы және бір аналығы болады.

9. Сабағы - буынды сабансабақ.

10. Гүлдері түтікшелі, тілшелі немесе воронка тәрізді болуы мүмкін.

Тексереміз: 2,5,7,8,9

Сәйкестендіру тесті

Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Жаңа тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды.

Интербелсенді тақта

Қорытындылау

«Бір айналым сұхбат»

(өзгені қайталамай тақырып бойынша бір- бір сөйлем айту )

Рефлексия

2 минут

«Білім» ағашы

Сабақты бағалау

2 минут

Әр оқушы бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма

&32 Астық тұқымдастар,

тест құру, кесте толтыру



© 2010-2022