Шаянтәріздестер сабақ жоспары 7 сынып

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8сынып биология пәні
Сабақтың тақырыбы:
Бунақденелілер класы. Бунақденелі лердің дамуы және пайда-зияны.
Сабақтың мақсаты:
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ типі : аралас
Құрал -жабдықтар: Интерактив тақтасы, презентация
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1-ші тапсырма :
Санмен тізбеленген белгілердің қай буынаяқтыларға тән екенін кестеге толтырыңдар:

Шаянтәріздестер
Өрмекшітәріздестер

1.Зәршығару жүйесі -жасыл бездер
2.Ұзын және қысқа мұртшасы болады
3.Жүретін 8 аяғы бар
4.Зәршығару жүйесі -сатанбез және мальпигий тамырлары
5.Тыныс алу мүшесі-желбезек
6.Тыныс алу мүшесі- өкпе қапшығы және демтүтік
7.Астың ішектен тыс қорытылуы тән
8.Хитинде нәруыз көбірек болады
9.Хитинге әктенген заттар көбірек сіңеді
10.Көздері қарапайым құрылысты
11.Циклоп,дафния,таңқышаян
12.Кене, құршаян,бүйі
2-ші тапсырма : Сәйкестігін тап:
Мамықкене

Мөлшері 0,2-1,0 мм ,өрмек бездері болады

Қышыма кене

Түрлі өсімдіктердің шырынын сорады

Алма кенесі

Мал шаруашылығына зиян келтіреді

Тайгалық кене

Азық-түлік қорын бүлдіреді

Қамба кенесі

7-9 рет ұрпақ береді;алма,алхорыны зақымдайды

Нәзікбас кене

әкаяқ ауруын туғызады

Берішкене

адамда қышыма ауруын туғызады

Өрмеккене

энцефалит ауруын жұқтырады

ІІІ Жаңа тақырып бойынша жұмыс
Жоспары:
1. Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы
2. Бунақденелілердің даму жолдары
3. Бунақденелілердің маңызы
4. Зиянды бунақденелілер

ІV Тақырыпты бекіту
Сандық диктант 1 - " иә" 0- " жоқ"
1.Бунақденелілер буынаяқтылар типіне жатады
2.Дене бөлімдері: баскөкірек және құрсақ
3.Демтүтік арқылы тыныс алады
4.Масаның ауыз мүшесі-кеміріп-жалаушы.
5.Толық түрленіп даму 4 сатыдан тұрады.
6.Имаго-дернәсілдің бір түрі.
7.Инелік толық түрленіп дамиды.
8. Қанқыз -зиянды жәндік.
9.Жаяушегірткелер -қанатсыз дернәсілдер
10.Энтомология -бунақденелілерді зерттейді
Диктант жауаптары:
1-1
2-0
3-1
4-0
5-1
6-0
7-0
8-0
9-1
10-1
V қорытынды бөлім
1.Сипаттаңыз
2.Салыстырыңыз
3.Ұсыныс жасаңыз
VІ Үйге тапсырма: § 47; тапсырмалар 1,2 / 223 бет/



© 2010-2022