Презентация по биологии на тему Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері

Раздел Биология
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Биология 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері
Сабақтың мақсаты: Тіршілік үшін күрес түрлерінің ерекшеліктерін түсіне отырып, қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қатынасқа сипаттама береді.
Табыс критерийлері:
 Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі туралы түсініктері қалыптасады.
 Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруге толық мүмкіндік алады.
 Оқушылардың өз ойларын дәлелдеуіне көмектеседі.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:
Үйренеді:
• бірлескен жұмысқа;
• топ арасындағы ынтымақтастыққа;
• ұжымдық жауапкершілікке.
Сабақтың типі: білім,білік,дағдысын тексеру
Сабақтың түрі: ізденіс
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, жеке, топпен жұмыс, топтастыру.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, электрондық оқулық, кітап.
Пәнаралық байланыстар: география, математика, экология
Сабаққа кіріктірілген модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту, АКТ-ні пайдалану, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу, даярлығын қадағалау
• Оқушылардың көңілін сабаққа аударып,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
• Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.
1 топ «Эволюция іліміне үлес қосқан ғалымдар»
2т оп «Ғалымдардың еңбектері»
3 топ «Эволюциялық терминдер»
Психологиялық дайындық
• Әрбір адам? /туысым,досым, жұрағат/
• Әрбір сабақ? /үйрену,ұғу, ұлағат/
• Әрбір ісің? /тірлік,тірек, адамдық/
• Әрбір сөзің? /шындық,бірлік, адалдық/

Білу теориясы
«Миға шабуыл»
1. Тірі табиғаттың пайда болуы және дамуы туралы ертедегі ойшылдар қандай көзқараста болды?
2. Киттер мен құмырсқажегіштердің тістерінің болмауын, жирафтардың иойнының ұзын болуын Ламарк қалай түсіндірді?
3. Қолдан сұрыптау дегеніміз не? Оның қандай формалары бар?
4. Эволюцияның қандай қозғаушы күштері бар?
5.Дарвин Жер шарына саяхат жасаған кезінде органикалық дүниенің тарихи дамуын дәлелдейтін қандай мәліметтер жинады?
6. Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
7. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті Дарвин қалай түсіндірді?
8. Сұрыпталу дегеніміз не?
«Сен білесің бе?»
3000 тұқым- Көкнар өсімдігінің бір қауашағының ішінде 3000 - ға дейін немесе одан да көп тұқымдар жетіледі. Бір түп көкнарда 10 қауашақ дамыса, онда жыл сайын жерге 30000 тұқым шашылады. Барлық организмдер ұрпақ қалдыруға тырысады, сондықтан қарқынды түрде көбейе бастайды
Мутация- кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгерістер
Қосарлы атау тізімді енгізген ғалым-Карл Линней
Эволюциялық табыстың екі ұғымы - биологиялық алға басу, биологиялық кері кету
Ч. Дарвин- эволюция іліміне үлес қосқан ғалым
1831-1836- Дарвин «Бигл» кемесімен саяхатқа шыққан кездері
Эволюция-органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тарихи дамуы процесі
"Миға шабуыл"
1. Тірі табиғаттың пайда болуы және дамуы туралы ертедегі ойшылдар қандай көзқараста болды?
2. Киттер мен құмырсқажегіштердің тістерінің болмауын, жирафтардың иойнының ұзын болуын Ламарк қалай түсіндірді?
3. Қолдан сұрыптау дегеніміз не? Оның қандай формалары бар?
4. Эволюцияның қандай қозғаушы күштері бар?

5.Дарвин Жер шарына саяхат жасаған кезінде органикалық дүниенің тарихи дамуын дәлелдейтін қандай мәліметтер жинады?
6. Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
7. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті Дарвин қалай түсіндірді?
8. Сұрыпталу дегеніміз не?
"Түсіну"
"Салыстыру"
Қолдан сұрыптау Табиғи сұрыпталу

Жаңа сабақ
"Қолдану"
"Тірек мәтін" техникасы бойынша мәтінді оқып , не білгендігі туралы пікір алмасып, сұрақтар дайындау тапсырылады.
«Жұмыс қабырғасы» сұрақтарға жауап береді топ мүшелері.

"Талдау"
1-топ-Түраралық күрес
2-топ-Түрішілік күрес
3- топ- Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес

«Жинақтау»
«Бірге ойлаймыз» /суретпен жұмыс/



Проблемалық сұрақ
Бекіре балығы 50 жыл тіршілік етеді жыл сайынәрбіреуі 3-6 млн уылдырық шашады немесе үйшыбыны 5 күнде 20 мың жұмыртқа салады.Осындай қарқынды дамумен көбеймеу себебі неліктен?
Жауабы:
Мұндай қарқынды даму, тек қолайлыжағдай болғанда ғана өніп - өсіп, тіршілігін
сақтап қалады. Түрлер неғұрлым көп қырылса,соғұрлым қарқынды дамиды. Бұл табиғи сұрыпталу нәтижесі.
Қорытынды
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын
Бас ұрып қара жерге сұлағанын
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік,
Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп,
Қалжырап, қансыраған, қабақ түскен
Кімге батар ол байғұс тартқа күйік?
Мен көрдім сынық қанат көбелекті
О да білер өмірді іздемекті,
Күн шуаққа жылынар қалт - құлт етіп,
Одан ғибрат алар жан бір бөлекті.
В.А.Крылов Абай аудармасы
Кері байланыс
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» - оң әсер еткен фактілері, алған білімдері.
«Минус» - "қолымнан келмеді" немесе " түсініксіз болды "
«Қызықты»- не қызықты болды.
Үйге тарсырма: § 40 Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері
186-189бет А,В,С тапсырмалары.
Іздену жұмысы: "Тіршілік үшін күреске тікелей адамның әсері" эссе жазу

Топтың бағалау парағы


Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Жаңа
сабақ Бекіту
Қорытын
ды баға
Сен білесің бк? Миға шабуыл Салыс
тыру Кластер қорғау Сұрақ
жауап
Суретпен жұмыс Проблема
Лық сұрақ
1
2
3
4
5
6
Топтың бағасы :
Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі

Тақырыбы:

Тіршілік үшін күрес, оның себептері
мен түрлері

© 2010-2022