Түр. Түр критерийлері. Популяция (9 клас)

Сабақтың тақырыбы:§38 Түр. Түр критерийлері. Популяция . Сабақтың мақсаты: а) жаңа тақырып туралы түсінік қалыптастыру.                                       б) ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.                                       в) пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: Жаңа сабақты хабарлау Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру. Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырып туралы түсініктері бар, сүрақтарға жауап беру. Үйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу.                                   ...
Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:§38 Түр. Түр критерийлері. Популяция .

Сабақтың мақсаты: а) жаңа тақырып туралы түсінік қалыптастыру.

б) ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

в) пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты хабарлау

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырып туралы түсініктері бар, сүрақтарға жауап беру.

Үйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу.

Жоқ оқушыларды тексеру.

Сабаққа даярлықтарын тексеру.

Зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ жауап

1.Онтогенез дегеніміз не? Бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы.

2.Филогенез? Барлық тірлік атаулының тарихи даму үдерісі.

3.Полеонтологиялық дәлел? Өліп біткен тірі ағзаның қазынды қалдықтарына негізделген.

4.Анатомиялық дәлел? Жеке мүшелер және тұтас ағзаларды салыстырып, қатарлап орналастыруға негізделген.

5.Генетикалық дәлел? Хромосомалық құрылысын, саны мен мөлшерін салыстыруға негізделген.

6.Биогеографиялық дәлелдер? Тірі ағзаның ғаламшарларға таралып орнығуының заңдылықтарын зерттеу ғылымы.

Жаңа сабақ: Түр - тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық өлшем бірлігі.

1.Морфологиялық өлшем дегеніміз не? Сыртқы және ішкі құрылысының ұқсастығы. Мысалы бір түрге жататын өсімдіктің гүлі және өзге мүшелердің құрылысы бірдей болады. Бір түр жануарлары сырттай ғана емес, іштей де ұқсас болып келеді. Олардың жүрегі,өкпесі,миы және өзге мүшелерінің құрылысы бірдей.

2.Физиологиялық өлшем? Дарақтардың белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде, оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану.

3.Генетикалық өлшем? Хромосомалық мөлшері,саны,пішіні,көбею және эмбриогенез мерзілік, тіпті мінез құлығының жүру жолы еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беруді қамтиды.

4.Экологиялық өлшем? Түрдің таралуы, оның таралу аймағы, дәл сол ағза мүдделігіндегі табиғи жағдайлар жиынтығын қамтиды.

5. Бұл таралу аймағының белгілі бөлігінде тіршілік ететін, үнемі еркін шағылысатын бір түр дарақтарының тобы.

Дәптермен жұмыс: Сөздікпен жұмыс

Популяция

Морфология

Генетика

Физиология

Қорытынды: Түр деген не?

Популяция гъдегеніміз не?

Қазір қанша түр өлшемдері бар?

Үйге тапсырма: §38 түсінік айту.









Сабақтың тақырыбы:§37 эволюциялық дәлелдемелері.

Сабақтың мақсаты: а) жаңа тақырып туралы түсінік қалыптастыру.

б) ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

в) пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты хабарлау

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Жаңа тақырып туралы түсініктері бар, сүрақтарға жауап беру.

Үйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу.

Жоқ оқушыларды тексеру.

Сабаққа даярлықтарын тексеру.

Зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ жауап



© 2010-2022