Судың қасиеттері, Ас қорыту жүйесі

Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алипбаева Нағима Наматжанқызы № 11.М.П.Окороков

атындағы жалпы орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы


Сабақтың мақсаты: оқушыларды асқорыту мүшелер жүйесінің құрылысы, зат алмасуда асқорытудың атқаратын рөлі, ауыз қуысында, қарында, ішектерде астың қорытылуымен толық талдау жасау, оқушылардың салыстыра ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: экспедиция сабақ

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру:
Ойын жүрісі.
Сабақ саяхат түрінде өткізіледі. Саяхат арқылы білім шыңына жету. Ойын 2 сатыдан тұрады.
1. Саяхатқа дайындық.
2. Шыңға жету.
І. І. Саяхатқа дайындық.
А. «Ауа райы болжам».
Бірнеше бұлттар бейнеленген. Бұлтты бейнелердің артында сұрақтар мен тапсырмалар бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін қажет зат.
2. Минералды тұздардың тәуліктік мөлшері қанша?
3. Қандай дәрумен жұқпалы ауруларға қарсы тұра алады?
4. Нәруыздың тәуліктік мөлшері қанша?
5. Адамның тіршіліг үшін тәулігіне неше литр су ішу керек?
6. Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?

7. Қандай тағамдардың құрамында нәруыз мол болады?

8. Көмірсуларға қандай заттар жатады?


Білу: Ә. «Жолға не алу керек?»
Жол сөмкелерінде биологиялық терминдер жазылған қағаздар бар. Оқушылар терминдерге түсінік беру керек.
Терминдер: сілемейлі эпителий, дәнекер ұлпасы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш қарын аш ішек, тоқ ішек, ерін, ұрт, тіс, қызылиек, аран, таңдай, кеңірдек, тік ішек, ұлтабар, бүрлер, бүйен, соқырішек, аппендикс,

Бұларға жауап берген оқушылар ІІ сатыға өтеді.

ІІ. Шыңға жету.
Алдын ала шынығу. Сынып оқушылары 4 топқа бөлінді, өйткені шынға шығу жолы қиын, сондықтан оған тәртіп, сергектік, ақыл - ой керек.
А. «Тәртіп орнату»:
Түсіну: Ә. «Ұйықтамай тыңда!» « Жауабын тап!»
1. Адамның асқазан безінің бөлетіні
а) шырын
в) химозин
с) птиалин
д) күкірт қышқылы
е) пепсин
2. Бауыр қақпасынан өтетіндер
а) сілекей безінің өзегі
в) жүйкелер
с) веналар
д) өт жолы
е) артериялар
3. Адамның күрек тістерінің саны
а) 2
в) 4
с) 6
д) 8
е) 10
4. Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді?
а) тұзды
в) ащыны
с) тәттіні
д) қышқылды
е) хош иісті

Талдау: Б. «Ойлан тап».
Тақтада ( 4 топқа қысқа сұрақтар береді) асқорыту мүшелері құрлысының суреті ілінген. Жауаптар «ия» және «жоқ».
1. Мынау ауыз қуысы ма?
«Ия!»
2. Мына жұтқыншақтың ұзындығы 11 - 12см бұлшық еті ме?
«Ия!»
3. Дәм сезу рецепторлары жұмсақ таңдайда орналасқан ба?
«Жоқ!»
4. Ас қорыту және тыныс жолдары жұтқыншақта қиылысады ма?
«Иә!»
5. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 3 - 5см ма?
«Жоқ!»

6. Бауыр асқорыту жүйесіне жатады ма?

«Ия»

7. Ұлтабар ұшының ұзындығы 5,5-6 м ма?

«Жоқ»

8. Соқырішектің ұзындығы 7-8 см ма?

«Ия»
Шыңға жеткен оқушылар - «Нағыз альпинисттер».

Жинақтау: ІІ. Қарлы бұрқасын. (14 ұпай)
«Бірінші асудан асу».
Сәйкестендіру тесті


Орналасатын бөлімдері

Мүшелер

1

Ас қорыту жолының ең көлемді бөлімі -

1Бауыр

2

Ас қорыту жолының ұзын бөлігі -

2Ұйқыбез

3

Ең үлкен асқорыту безі -

3Жұтқыншақ

4

Жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлім -

4Өңеш

5

Асты сорып, сіңіретін бөлімі -

5Тоқ ішек

6

Құрт тәрізді өсіндісі - аппендикс бар -

6Асқазан

7

Төменгі жағына өт қабы жалғасқан мүше -

7Аш ішек



Қолдану:ІІ. Мұздық. (16 ұпай)

І - нұсқа
Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.
1. Қоректі заттар организмде энергетикалық және құрылыстық қызмет атқарады.
2. Жұтқыншақ асқорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
3. Асқазанның сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін көптеген бездер бар.
4. Аш ішек - асқорыту жолының ең ұзын бөлігі.
5. Ұйқы безі тек сыртқы секреция безіне жатады.

ІІ - нұсқа

Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.

  1. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан.

  2. Нағыз ауыз қуысында жұтқыншақ орналасқан.

  3. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.

  4. Аш ішекте бадамша бездер орналасқан.

  5. Тоқ ішекте өте көп бактериялар болады, оларға ағзаға пайдалы.

ІІІ - нұсқа

Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.

  1. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері - соқырішек деп аталады.

  2. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы - ұзына бойы, екінші тобы - көлденең, үшіншісі - тік бағытта жатады.

  3. Тілдің екі жиегі - тәттіні сезеді.

  4. Қарынның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады.

  5. Ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп.

ІV - нұсқа

Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.

  1. Қарын-іші қуыс қалың бұлшықетті мүше.

  2. Нағыз ауыз қуысы соңғы жағы аранмен шектеледі.

  3. Тағам құрамында нәруыз, майлар, көмірсулар болмайды.

  4. Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады.

  5. Өңештің ұзындығы 5,5-6м-дей болады.

    ІІІ. Тасты жартас. «Микс» жаттығу
    Барлық топқа асқазан, тоқ ішек, жұтқыншақ, ауыз, қорғаныш, қан, тамақ, жұтады, аш ішек, қорытады.
    Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланып, үздік жауабымен көзге түсіп, білім шыңына жеткен оқушы «Нағыз альпинисттер» атанады.


















Сабақтың тақырыбы:Мың түрлі мамандық


Сабақтың мақсаты: оқушылардың өмірде өз таңдау дұрыс жасауға көмектесу. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру. Мамандық таңдауда қателеспеу керек екендігін түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ,тіре-сызба

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақ

Мамандық таңдауда қателікке ұрын ба!

Мамандық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Сен қандай мамандық иелерін білесің?

-Неліктен мамандық иесі болу керек?

-Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?Неліктен?

-Халыққа пайда келтіру дегенді қалай түсінесің?

-Ата-анаңның мамандықтары туралы әңгімелеп бер.

-Халыққа өзің қалай пайда келтіретініңді әңгімелеп бер.

«Мен өнер жолын таңдадым»

«Өнер адамы қандай болуы керек?»

«Мұғалім болу қиын ба?»

«Мен таңдаған мамандық»

Судың қасиеттері, Ас қорыту жүйесі



  1. Дұрыс таңдау керек.

  2. Икемділік.

  3. Үлкен өнер, зор шеберлік

  4. Еңбексүйгіштік

  5. Білім

  6. Халқыңа көмегің тию керек







© 2010-2022