Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы (6 сынып)

Күні: 19,11,2014 Сынып: 6 Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы»Мақсаты: Білімділігі: Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну.Гүл – тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.Дамытушылығы: Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.Тәрбиелілігі: Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.Сабақтың көрнекілігі:...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы (6 сынып)Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы (6 сынып)Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы (6 сынып)Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы (6 сынып)Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы (6 сынып)Күні:
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы»
Мақсаты:

Білімділігі: Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну.Гүл - тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.
Дамытушылығы: Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.
Сабақтың көрнекілігі: «Гүлдің құрылысы», «Тозаңдану», «Ұрықтану», Гүлшоғырлар сызбалары. Сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б.
Сабақтың әдісі: Аралас, ойын сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, үй тапсырмасын анықтап болған соң сабақ мынадай өлең жолдарымен басталады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Кел, балалар, ойлайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

Оқушылар ойын сабақ екенін бірден сезеді. Оқушыларға ойын шарты түсіндіріліп, тапсырманың ұраны мен мақсаты хормен плакаттан оқылады.

Сабақтың ұраны:
Тіршіліктің тірегі өсімдікті қорғайық.
Тұқымдарын молайтып өсіруді ойлайық!

Сабақтың мақсаты:
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің?!

Ойын шарты:

Пойызда 4 вагон бар, әр вагон тапсырмамен келген, сол тапсырманы орындап болған соң «белгісіз әлемге» саяхатқа аттану.
(вагон суреттері жапсырылған)


№1 вагон тапсырмасы - сұрақтар.
1. Мүше деген не? Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді?
2. Көбею мүшелеріне нелер жатады?
3. Гүл деген не? Гүлдің бөлімдері қандай? Аталықтың, аналықтың бөлімдері қандай?
№2 вагон тапсырмасы тест.
1. Гүл шығаратын өркенде белгілі бір ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.
А) гүлшоғыр
Ә) гүлсағақ
Б) гүлтабан
2. Бидай мен қарабидайдағы гүлшоғыр түрі.
А) собық
Ә) шашақ
Б) күрделі масақ
3. Аналығы да, аталығы да бар гүл
А. Дара жынысты
Ә) қос жынысты
Б) екеуі де
4. Аталық гүлі бір өсімдікте, аналық гүлі бір өсімдікте болса
А) бір үйлі
Ә) дара жынысты
Б) қос үйлі.
№3 вагон тапсырмасы гүлге қатысты сөз.
1. Жайгүл сағақ есуге келгенде бір тостаған шай мен май ала келген, майын аузыма, мойныма жақтым. (гүлсағақ, тостағанша, аузы, мойны)
2. Майгүл Серікке: «Тозаң толып тұрған қаптың аузындағы жіп шешіліп кетпесін»- деді. (гүлсерік, тозаңқап, аузы, жіпше)
№4 вагон тапсырмасы - формула, жұмбақ.
1. Картоп гүлі. ♂ Т (5) К(5) А 5 Ж(2)
2. Қызғалдақ. ♂ К 3+3 А 3+3 Ж(3)
3. Асбұршақ  ♂ Т (5) К1+2+(2) А(9)+1 Ж1
4. Іші жұмсақ, сырты қатты.
Еті қызыл, сүті тәтті.
Соғым сайлап қойдым
Кіндігінен байлап қойдым. (қарбыз)
5. Аласа ғана бойы бар, қабат - қабат тоны бар. (орамжапырақ)
6. Бір анадан жүз бала
Жүзі де боз бала. (жүзім)
ІІІ. Жаңа сабақ - белгісіз әлемге саяхат.
Ұраны:
Білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Мақсаты: Гүлдің тұқыммен көбею мүшесі екендігін ұрықтану мен тозаңданудың көбеюдегі маңызын ұғыну.

Сабақ жоспарлы тірек - сызбалары арқылы түсіндіріледі.
1 . Жынысты көбею дегеніміз - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Тозаңдану - аталық тозаңның аналық аузына түсуі.

Тозаңдану

Бунақдене Өздігінен

(шие, шай) Айқас Жел
(бетеге, тары) (жүгері, емен)

Өздігінен тозаңдану дегеніміз бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің өз аналығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жармай тұрып және гүл жарған кезде тозаңданады.Мыс; жер жаңғағы, шегіргүл, саумалдық,бетеге, тары

Айқас тозаңдану - бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі.Бунақденелер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді,хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады. Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктерге қант қызылшасы,құлмақ, қарасора, жүгері,қарабидай,қайың,емен.

Ұрықтану - аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Жатында жұмыртқа жасушасы және тұқымбүршігінің ең ірі жасушасы болады.Тозаң түтікшесінің ұшында 2 жасуша болады.Оның біреуі жұмыртқа жасушамен екіншісі ең ірі жасушамен қосылады.Мұны қосарлы ұрыұтану дейді.Бұл құбылысты ашқан ғалым С.Г. Навашин.Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршігінен тұқым, жатыннан жеміс дамиды.
2. Дәптермен жұмыс
Орнитофилия - өсімдіктердің құстармен (колибримен, шірнеші құспен және т.б.) тозаңдануы. Орнитофилия негізінен тропиктік аудандардың өсімдіктеріне тән. Бұл жерде 50 тұқымдасқа жататын 2 мыңнан астам құс түрлері 100-ден астам тұқымдасқа жататын 1 мыңнан астам өсімдік түрлерін тозандандырады
Гамета (грек, gametos - жыныс клеткалары, грек, gamete - әйел, gametes - еркек) - аталық (сперматозоид) және аналық (овоцит) жыныс жасушалары.
Зигота - (грекше "zygotos" - бірге қосылған) - ұрықтанған жұмыртқа жасуша
Спермий (грек. spеrma - тұқым) - аналық тұқым жасушасымен қосылып, жануарлар мен өсімдіктердің жыныстық көбеюіне қатысатын ұрық жасушасы.
Жұмыртқа жасуша аналық жыныс жасушасы.
ІҮ. Қорытынды.
«Оқығаныңды айтпа - тоқығаныңды айт»
Тозаңдану - ұрықтану - жеміс - тұқым.

Ү. Бекіту. Жеміс пен тұқым өнімнің алтын қоры.

(Сөзжұмбақтар шешу арқылы) «Зигота», «Тұқымбастама» сөзжұмбағы

1. Тозаңдануға қажетті тозаңқапта жиналатын түйіршік. (тозаң).
2. Аталық гамета. (спермия).
3. Жыныс клеткасы. (гамета).
4. Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек. (тозаңтүтік).
5. Екі жыныс клеткасының қосылуы. (ұрықтану).
6. Аналық гамета. (жұмыртқажасуша).

1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі. (Аталық).
2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі. (Тұқым)
3. Гүлдің жыныс мүшесі. (Аналық)
4. Аталығы да, аналығы да бар гүл. (Қосжынысты).
5. Аналықтың екінші бөлімі. (Мойны).
6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік. (Бірүйлі).
7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі. (Гүлтабан).
8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі. (Гүлсағақ).
9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі. (Түйін).
10. Тозаң жиналатын орын. (Тозаңқап).
11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі. (Жеміс).
12. Аналықтың бірінші бөлімі. (Аузы).


ҮІ. Бағалау Еліміз дәулетті, еліміз сәулетті болсын!
4-5 жетон алғандарға «5»
2-3 жетон алғандарға «4»
1 жетон алғандарға «3»

ҮІІ Үйге тапсырма.

«Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы» тақырыбын оқып, біліп келу. Сөзжұмбақтар дайындау.



«Зигота» сөзжұмбағы

  1. Тозаңдануға қажетті тозаңқапта жиналатын түйіршік.
    2. Аталық гамета.
    3. Жыныс клеткасы.
    4. Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек.
    5. Екі жыныс клеткасының қосылуы.
    6. Аналық гамета.


«Тұқымбастама» сөзжұмбағы
1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі.
2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі.
3. Гүлдің жыныс мүшесі.
4. Аталығы да, аналығы да бар гүл.
5. Аналықтың екінші бөлімі.
6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік.
7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі.
8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі.
9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі.
10. Тозаң жиналатын орын.
11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі.
12. Аналықтың бірінші бөлімі.




© 2010-2022