Конспект урока по казахскому языку

Қазақ тілі 5-сынып. Сабақтың  тақырыбы: Диктант «Қошақан» Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып,                                       сауатты сөйлеу  мен жазуға үйрету;                                       б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,                                       қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын                                        қалыптастыру;                                       в) тәрбиелік: өз елін, жерін ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 5-сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қошақан»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету; б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сауатты жазу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу

- Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тыныс белгілердің қойылу ережелерін пысықтау, етістіктерді еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: құм, әлсіз, алғыс

Диктант. Қошақан

Дәулет пен Хасен құмнан жуа терді. Олар жолдың шетінде қалған ақ қозыны көрді. Қошақанның енесі жоқ екен. Қошақан өз аяғымен жүре алмады. Ол өте әлсіз еді. Екі бала қозыны кезектесіп көтерді. Екі дос түс ауа қошақанды ауылға аман-есен жеткізді.

Олар қозыны аға шопанға әкеліп берді.

Шопан балаларға алғыс айтты. (50 сөз)


  1. Грамматикалық тапсырма. "балаларға, қозыны, ауылға" - сөздін сөз құрамына талда.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау



© 2010-2022