Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.Күні: 19. 04.14 ж.

Пәні: Биология 6ә

Тақырыбы: Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Оқу - тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Оқушыларға бактериялардың таралуы мен маңызы туралы білім беру

Міндеттері:

Білімділік: Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, биотехнология, ауру тудыратын бактериялар және олармен күресу шаралары туралы түсінік беру, жаңа терминдерді түсіндіру.

Дамытушылық:. Оқушылардың ой өрісін дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық , экологиялық тәрбие беру.

Құрал - жабдықтар: Слаид; Биология-7 сынып

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: СТО, сипаттау, топтастыру, салыстыру.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру. Бағалау парағы үлестіріледі.

2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау»

1. «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап». Әр қатарға 5 сұрақтан беріледі. Дұрыс жауаптар төмендегі түстер бойынша бағаланады: 5- дөңгелек қызыл түс; 4- төрбұрыш жасыл түс; 3- ұшбұрыш көк түс.

1) Бактериялар қандай организмдер?
2) Бактерия жасушасының құрылысының қандай ерекшеліктері бар?
3) Эукариоттар қандай организмдер?
4) Қандай организмдердің жасушасында ядро болмайды?
5) Бактериялардың формалары қандай болады?
6) Бактериялардың қозғалысқа келтіретін органоидтері бола ма?
7) Бактериялардың мөлшері қандай?
8) Бактериялар қалай қоректенеді?
9) Сапрофит бактериялардың қоректену ерекшелігі неде?
10) Паразит бактериялар қалай қоректенеді?
11) Бактериялар қалай тыныс алады?
12) Бактериялар қалай көбейеді?

13) Спора дегеніміз не?

14) Прокариоттарға қандай ағзалар жатады?

15) Бактериялар қандай жерлерде тіршілік етеді?

2. «Кім жылдам?» Суретті толықтырыңдар.
Бактерия суретіндегі органоидтерді орнына қою және атап айту.
3 тапсырма: «Сиқырлы түстер».
Тақтаға бактериялардың суреттері жасырылған 3 түрлі түс қойылған, оқушылардың әр қайсысы өз таңдаған түстерін ашады содан шыққан бактерия формасына сипаттама береді.

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында«Венн диаграммасын»толтыру.

3.Жаңа білімдерді қалыптастыру: «Мағынаны тану». Сабақтың тақырыбымен таныстырып, сабаққа мақсат қою оқушыларға тапсырылады.

Жекелеме оқушыларға тапсырмалар берілген, сол тапсырмалар бойынша жаңа тақырып түсіндіріледі.

1. «Бактериялардың таралуы»

2. «Бактериялардың табиғаттағы маңызы»

3. «Бактериялардың адам өміріндегі маңызы»

Оқушылардың мәліметтерінен кейін толықтырулар жүргіземін.

Жаңа білімді бекіту. «Ой толғаныс». 1.Топтастыру старегиясын жүргізу.

Топырақта Ауада Суда

Бактериялардың таралуы

Тірі ағзаларда Өлі ағзаларда Тағамның құрамында

2. Графиктік тест.

Жекелеме оқушыларға тапсырма: «Биологиялық диктант»; «Сәйкестендіру тест».

№1 Биологиялық диктант.

Бактериялардың ..............., ..........................., ..................................... сияқты ауруларды туғызатыны ертеден - ақ белгілі болды. Оба бактериясы топырақта ........... күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы .................. айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бақтериялар мен адамдардың жаппай ауруын .............................. дейді. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - ................................. .................................... сақтау.

Керекті сөздер: індет, тазалық ережелерін, оба, туберкулез, сіреспе, 25, 3.

№2 Биологиялық диктант.

............................... бактериялары - біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы. Себебі олар .................................................. қалдықтары мен ............................................................ өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта .................................................... түзілуіне себепші болады. 1г. қара топырақта ............................................................... бактерия болады.

Керекті сөздер: 5-6 млрд, өсімдіктердің, қарашіріктің, жануарлардың, Шіріту.

№1 Сәйкестендіру тест.

  1. Бактерияларды зерттейтін ғылым А.Туберкулез

  2. Бактерияларды қорғайтын қабықша Б.Микробиология

  3. Бактерия грек тілінде қандай мағына береді. В. Л.Пастер

  4. 1882 жылы Р. Кох анықтаған ауру тудырғыш Г.Пенициллин

бактерия

  1. Ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін Д.Таяқша

жоятын антибиотик

  1. Ауасыз ортада тіршілік ететін бактерияларды Е. Спора

ашқан ғалым

№2 Сәйкестендіру тест.

  1. Бактерияларды алғаш ашқан ғалым А.Шіріту бактериясы

  2. Бактериялар топырақта қанша уақыт

тіршілік ете алады Б.Сапрофиттер

  1. Спора грек тілінде қандай мағына береді. В. А. Левенгук

  2. Өлі ағзаларда тіршілік ететін бактериялар Г.Пенициллин

бактерия

  1. Ауру қоздырғыш бактериялар тіршілігін Д.20-30 жыл

жоятын антибиотик

  1. Біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы Е. Сеппе, екпе

Қорытынды: Кері байланыс парағын толтыру. Оқушылар сабақ бойынша өз пікірлерін жазып, «Мәуелі бәйтерекке» іледі.

Бағалау. Бағалау парағы арқылы жүргізіледі.

Үй тапсырмасын беру. §5 оқуға. Бактериялар бойынша тест тапсырмаларын құрастыру. Жекелеме оқушыларға: Хабарлама: " Саңырауқұлақтар дүниесі туралы түсінік" ; «Қалпақшалы саңырауқұлақтар»; «Саңырауқұлақтардың маңызы»







Бекітемін:........................

Күні: 26. 04.14 ж.

Пәні: Биология 6ә

Тақырыбы: Зең саңырауқұлақтары: мукор, пеницилл. Біржасушалы ашытқы саңырауқұлағы

№33 зертханалық жұмыс: Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрлысын зерттеп білу.

Оқу - тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Оқушыларға біржасушалы саңырауқұлақтар және олардың түрлері мен маңызы туралы білім беру.

Міндеттері:

Білімділік: Біржасушалы ашытқы, зең саңырауқұлақтарының құрлысымен таныстыру.Олардың маңызы мен көбеюі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық:. Оқушылардың ой өрісін дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық , экологиялық тәрбие беру.

Құрал - жабдықтар: Слаид; Биология7 сынып

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: СТО, баяндау.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау». §6,8,9 мазмұндау.

3.Жаңа білімдерді қалыптастыру: «Мағынаны тану».

Жаңа білімді бекіту. «Ой толғаныс». №33 зертханалық жұмыс: Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрлысын зерттеп білу. Жаңа терминдермен жұмыстар жүргізу.Зертханалық жұмысты қорытындылау.

Қорытынды: Венн диаграммасын қолдану арқылы қортындылау.

Үй тапсырмасын беру. §7 оқуға.




«№ 35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.









Тақырыбы: Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы

және адам өміріндегі маңызы.

Пәні: Биология

Сыныбы: 6«А» сынып

Оқытушы: Габдуллина Айнур Берикказыевна

Семей 2014 жыл.


© 2010-2022