Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі

Күні: 28.09.2013 ж

Сыныбы: 7 «а»

Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Д.Искендирова

IV апта

Күні: 28.09.2013 ж

4 сабақ

Сабақтың тақырыбы

Кірпікшелі кебісше-күрделі құрылысты қарапайым жәндік

Сабақтың мақсаты:

Қарапайымдарға жататын күрделі құрылысты қарапайым жәндік кірпікшелі кебісшенің тіршілігі туралы білім беру, кебісшенің құрылысы туралы өз бетімен танып білуге бейімдеу

Сабақ типі:

Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ түрі:

Аралас сабақ

Оқу нәтижесі:

Оқушыларда тақырыпқа байланысты негіз қалыптасады, өзін - өзі және бірін - бірі бағалауы арқылы өз ісін ретке келтіреді, алынған нәтижелеріне сыни көзқарасы, мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік пен сенім қалыптасады, сабақ процесіндегі оқушыларының өзара сөйлесуіне, пікір алмасуына жасалған жағдайлар оларды еркін және ерікті түрде ойлауға жетелейді.

Жаттығулар мен тапсырмалар

  1. Сергіту

  2. Жаңа сабақ-мәтін бойынша жұмыс

  3. Бекіту-диалогтық әдіс

  4. Оқушыларды бағалау-оқушылар өзін-өзі бағалау, оқыту үшін бағалау

  5. Үйге тапсырма беру-суретін салу, қосымша материалдар қарау

  6. Рефлексия -стикермен жауап беру

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

3 минут

Оқушылармен амандасу,түгендеу,назарын сабаққа аудару

Сергітуді жіберу, бірге сергіту жаттығуын жасау

Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау

Оқушыларды топқа бөлу

Сергіту жаттығуларын жасайды.

Оқу құралдарын дайындау жемістің түрлеріне байланысты топқа бөлінеді,сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен

танысу,

Интерактивті тақта

Слайдтар

Негізгі бөлім


Жаңа сабақ

15 минут

Қорғауға

5 минут
















Әр топқа тапсырма беру

1 топ: Кірпікшелі кебісшенің тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы

2 топ: Қоректенуі, циста түзуі

3 топ: Тыныс алуы мен зәр шығаруы

4 топ: Көбеюі мен тітікенгіштігі

Мұғалім тарапынан түзету,қолдау, мадақтау;

Оқулықтан мәтінді оқып постермен жұмыс жасау

Постерді қорғау


Түрлі-түсті

маркерлер,

флипчарт,

бағалау парағы,

интерактивті тақтадан

слайдтер

Ой қозғау, сергіту жаттығуы

5 минут

Әр топтың басшыларына суреттер береді.

Әр топтың оқушылары бір тізбекпен тұра қалады да соңғы оқушы алдындағы оқушының арқасына мұғалім ұсынған суретті саусағымен салады.Ойынның шарты- не екенін сұрамай, денесімен сезініп, түйсіну.

Оны оқушы сезіп, түйсініп, сол түйсінген суретін алдындағы оқушының арқасына салады,солай жалғаса береді.Ең соңғы оқушы сезініп, түйсінгенін қағаз бетіне түсіреді де, алғашқы нұсқасымен салыстырады. Олардың арасында аса айырмашылық болмайды.

Қарапайымдардың суреттері

Жаңа сабақты бекіту

10 минут

Мұғалімнің сұрақты қайта бағыттап, немесе түрткі сұрақтар арқылы жауапты нақтылауға ұмтылуы

Оқушыларға суретпен жұмыс беріледі.

Сабаққа араласпай отырған оқушыға қосымша тапсырма беру.

Оқушылардың білімдерін жаңғырту және кірпікшелі кебісше туралы білімдерін анықтау мақсатында топ аралық диалог жүргізеді.

Суреттен оқушылар осы кезге дейін өткен қарапайымдардың құрылысы туралы жазады.

Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, видео



кестелер

Бағалау

3 минут

Оқушылардың бағалауларын ескере отырып жиынтық бағалау

Өзін-өзі және өзара бағалау

Үйге тапсырма

2 минут

Кірпікшелі кебісше-күрделі құрылысты қарапайым жәндік

Сурет салу, қосымша материалдар қарау

Рефлексия

2 минут

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектер




«Кірпікшелі кебісше-күрделі құрылысты қарапайым жәндік» тақырыбында рефлексиялық есеп

Мұғалімнің жазбалары

Тәлімгердің ескертпелері

Бүгінгі сабақта 7 «а» сыныбына «Кірпікшелі кебісше-күрделі құрылысты қарапайым жәндік» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақты бастамас бұрын психологиялық ахуал тудыру мақсатында оқушыларға сергіту жаттығуын жасаттым. Бүгінгі сабақтың ерекшелігін айтып өттім. Оқушыларды қарапайымдылардың өкілдері «Амеба», «Кірпікшелі кебісше», «Домаланғы», «Жасыл эвглена» топтарына бөліп, жаңа тақырып бойынша әр топқа тапсырмалар бердім. Оқушылар топ бойынша берілген тапсырмалары бойынша түсінгендерін постерге түсіріп қорғап шықты. Әсіресе сабаққа өте қызығушылықпен қатысқан Сансызбай Мерей, Серік Динара, Жампозова Айшат, Нұрлан Қаһарман. Күнделікті дәстүрлі сабақта сабаққа араласпай отыратын Меңдеш Нұркелді, Орақ Берекет сияқты оқушылар да қызығушылықпен қатысты. Топпен жұмыс жасап болған соң сергіту мақсатында оқушыларды тізбектей тұрғызып соңғы оқушыға қарапайымдылардың суретін беріп, арқаларына салдырдым. Ең алдындағы оқушы оны қағаз бетіне түсіріп, алғашқы нұсқасымен салыстырдық. Бекіту кезеңінде оқушыларға топтары бойынша айналдырып диалогтық әдіспен сұрақтар қойдырдым. Бұл кезеңде сабаққа жақсы араласып белсенділік танытқан Берікқали Алпамыс, Сүйіндік Алтынай сияқты оқушылар жақсы араласып отырды. Одан кейін оқушыларға осы кезге дейін өткен қарапайымдылардың суреттері берілді, суреттерге оқушылар құрылыс ерекшеліктерін жазды. Сабақтың соңында оқушыларды топ бойынша өздеріне бағалатып, оқушылардың бағаларын ескере отырып, жиынтық баға қойдым. Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап-тілектерін стикерге жазып тақтаға ілді.



























© 2010-2022