11-сыныпқа арналған биология пәнінен сабақ жоспарлары

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 11 «а, б»

Күні:________

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: §40. Абиотикалық факторлар
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды абиотикалық фаторлармен таныстыру;
Дамытушылық : ойлау, салыстыру, ой -өрісін, көзқарасын дамыту;
Тәрбиелік : жануарлар мен өсімдіктерді қалай аялау керектігін үйрету
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, оқулық

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың тізімін тексеру

Оқушылардың оқу құралдарын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың барысы:

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Термин сөздермен жұмыс:

  1. Эпифиттер - (топырақта тамыры болмайтын, ағаштарға жабысып, шырмалып өсетін өсімдіктер (қыналар, мүктер, шырмауықтар)

  2. Фанерофиттер - (жер бетінде өсетін барлық ағаштар, бұталар мен шөптесін өсімдіктер)

  3. Хамефиттер - (өркендері жер бетіне төселіп өсетін көпжылдық өсімдіктер).

  4. Гемикиптофмттер - (жер бетіндегі өркендері үсір қалатын, ал пиязшықтары сақталатын өсімдіктер).

  5. Криптофиттер немесе геофиттер - (топырақтың терең қабатында тамыр түйнектері, пиязшықтары, тамыр сабақтары сақталып қалатын көпжылдық өсмдіктер).

  6. Терофиттер - (жер асты және жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын біржылдық өсімдіктер).

  7. Төзімділік шегі - (организмге әсер етудің минималді және максималді аралығы олардың тіршілік етуінің төзімділік шегі деп аталады).

  8. Шектеуші фактор - (организмдердің жер бетіне кең таралуын кейбір факторлар шектеп отырады. Оларды шектеуші факторлар деп атайды).

ІІІ. Жаңа сабақ.

Абиотикалық факторлар дегеніміз - организм тіршілігіне әсер ететін өлі табиғат факторлары. Оларға ылғал, температура, жарық сәулелер, ауа, оның құрамы, т.б әртүрлі өлі табиғат құрауыштары жатады.

Температура - экологиялық фактор. Дене температурасының сипатына қарай барлық организмдерді екіге топтайды: пойкилотермді және гомойотермді.

Пойкилотермді топқа барық омыртқасыздар, омыртқалылардан балықтар, қосмекенділер және бауырымен жорғалаушылар жатады.

Гомойотермді құстар мен сүтқоректілер жатады. Бұл организмдер қоршаған орта температурасына тәуелсіз дене температурасын реттеп отырады.

Өсімдіктер төменгі температураға шыдауына байланысты жылу сүйетіндер және суыққа төзімділер деп бөлінеді. Жылу сүйгіштерге жүзім, шабдалы, өрік, алмұрт, т.б жатса, ал суыққа төзімділерге мүктер, қыналар, қарағай, шырша, самырсын т.б жатады.

Ылғал. Ылғал да экологиялық фактор ретінде организмдерге әсер етеді. Ылғалдың әсеріне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары былай жіктеледі.

  1. Ксерофиттерге ылғал тапшы аймақтарда өсетін өсімдіктер жатады. Ксерофиттердің жапырағы, сабағы түрін өзгертуге бейімделген (сексеуіл, жусан, қылша)

  2. Сукуленттер - ксерофиттер типі. Олардың жапырақтары, сабақтары етжеңді болып жұмырланып немесе тікенектерге айналған. Мысалы, алоэ, агава, кактус, т.б

  3. Мезофиттер - ксерофиттери мен гигрофиттер арасындағы аралық топ; ылғалы жеткілікті топырақта өсетін өсімдіктер. Мысалы, беде, саумалдық, інжугүл, атқонақ.

  4. Гигрофиттер - ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер. Оларғы ылғалды тропиктік орманда өсетін өсімдіктер жатады.

  5. Гидрофиттер - төменгі бөлігі суда болатын, грунтқа бекініп өсетін су өсімдіктері. Оларға, элодея, балдырлар т.б жатады.

Су жануарлары -балық, судағы сүтқоректілер (киттер, дельфиндер т.б), буынаяқтылар, губкалар, былқылдақденелілер, құрттар т.б

Құрлық жануарлары - сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, жәндіктер т.б

Қосмекенділер - көл бақалары, теңіз тасбақалары.

Бекіту сұрақтары:

  1. Температура тірі организмдер үшін қажет пе?

  2. Температураға қатысты жануарлардың экологиялық топтарын атап, мысал келтіріңдер.

  3. Ылғалға қатысты өсімдіктер қалай жіктеледі.

  4. Түйе 40 күн шөлге шыдайды, оның себебін түсіндіріп беріңдер.

  5. Анабиоз кезінде организмдердің қоректенуі қалай реттеледі?

  6. Ылғалға қатысты организмдердің тыныс алуы қалай өзгереді?

  7. Мезофиттерге қандай өсімдіктер жатады?

  8. Құрлық жануарларына қандай жануарлар жатады?

  9. Абиотикалық факторлар дегеніміз не?

IV. Үй жұмысы: § 40. Оқу, мазмұндау.

© 2010-2022