Пресс конференция - дұрыс тамақтану

Сабақтың формасы:мұғалімнің әңгімелесуі, пресс-конференция Мақсаты: Білімділік: оқушыларды тамақтанудың негізгі факторларымен таныстыру; оқушыларға дұрыс тамақтану туралы түсінік беру; қоректік заттар және олардың қызметі туралы білім беру. Дамытушылық:1.Интелектуалдық: негізгі қоректік заттарды және қызметін біле отырып, анализ және синтез жасай білу қабілеттерін;өзінің жасаған тамақтану пирамидасын дұрыс тамақтанудың пирамидасымен салыстыру; тамақтанудың негізгі факторларын біле отырып, қорыты... Құрылымы және мазмұны Әдіс-тәсілдер І.Кіріспе кезең: а)сыныпты ұйымдастыру б)мақсатын айту Мұғалімнің кіріспе сөзі, әңгімелесу ІІ.Мазмұнын ашатын сұрақтар а)тамақтану факторлары б)негізгі қоректік заттар және маңызы Топта таратпа материалдармен жұмыс, әңгімелесу. Топта өз тамақтану пирамидасын құру. Қоректік заттар, олардың қызметі, қандай тағамдарда кездеседі. 3.Дұрыс тамақтану пирамидасы Топта құрған өз пирамидаларын дұрыс тамақтану пирамидасымен салыстыру 4.Дұрыс тамақтану ережесі Топта тамақтану ережесін құру 5.Қортындылау Қортынды әңгімелесу ІІІ.Қортындылау кезеңі Мұғалімнің соңғы сөзі                                                     Анкета  «Сіз қалай тамақтанасыз?» 1.Сен таңғы ас іштің бе?-иә, жоқ 2.Таңғы асқа не жедің?- жұмыртқа, жеміс-жидек, ботқа, сүт т.б 3.Таңғы ас ішу міндетті ме?- иә, жоқ 4.Сен қантты көп жеймін деп ойлайсың ба?- иә, жоқ 5.Сенің сүйікті жемістерің? - сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, бұршақ т.б 6.Сен қандай жемістер жейсің? 7.Шикі жемістерді жейсің бе?- иә, жоқ 8.Қандай шикі жемістерді жейсің? – сәбіз, салат, түсті орамжапырақ, тәтті бұрыш т.б 9.Ас ішу...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пресс конференция-дұрыс тамақтану

Сабақтың формасы:мұғалімнің әңгімелесуі, пресс-конференция

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды тамақтанудың негізгі факторларымен таныстыру; оқушыларға дұрыс тамақтану туралы түсінік беру; қоректік заттар және олардың қызметі туралы білім беру.

Дамытушылық:1.Интелектуалдық: негізгі қоректік заттарды және қызметін біле отырып, анализ және синтез жасай білу қабілеттерін;өзінің жасаған тамақтану пирамидасын дұрыс тамақтанудың пирамидасымен салыстыру; тамақтанудың негізгі факторларын біле отырып, қорытынды жасай білу қабілеттіліктерін дамыту. 2.Практикалық: таратпа материалдармен, графикалық әдістемелермен жұмыс істей білу. 3.Жалпыбілімдік: кесте толтыра білу.

Тәрбиелік: Таратпа материалдармен дұрыс және ұқыпты жұмыс істеу арқылы еңбекке тәрбиелеу. Салауатты өмір салты туралы валеологиялық көзқарастар қалыптастыру.

Көрнекіліктер: таратпа материалдар-тамақтану факторлары жазылған карточкалар.

Дайындық кезеңі: «Сіз қалай тамақтанасыз?» атты анкетаны толтыру, өз тамақтану пирамидасын құру, оқушылардың арасында рөлдерді бөлу: 5 дәрігер және 5 корреспондент.

Іс-шара барысы:

Құрылымы және мазмұны

Әдіс-тәсілдер

І.Кіріспе кезең:

а)сыныпты ұйымдастыру

б)мақсатын айту

Мұғалімнің кіріспе сөзі, әңгімелесу

ІІ.Мазмұнын ашатын сұрақтар

а)тамақтану факторлары

б)негізгі қоректік заттар және маңызы

Топта таратпа материалдармен жұмыс, әңгімелесу. Топта өз тамақтану пирамидасын құру. Қоректік заттар, олардың қызметі, қандай тағамдарда кездеседі.

3.Дұрыс тамақтану пирамидасы

Топта құрған өз пирамидаларын дұрыс тамақтану пирамидасымен салыстыру

4.Дұрыс тамақтану ережесі

Топта тамақтану ережесін құру

5.Қортындылау

Қортынды әңгімелесу

ІІІ.Қортындылау кезеңі

Мұғалімнің соңғы сөзі



Анкета «Сіз қалай тамақтанасыз?»

1.Сен таңғы ас іштің бе?-иә, жоқ

2.Таңғы асқа не жедің?- жұмыртқа, жеміс-жидек, ботқа, сүт т.б

3.Таңғы ас ішу міндетті ме?- иә, жоқ

4.Сен қантты көп жеймін деп ойлайсың ба?- иә, жоқ

5.Сенің сүйікті жемістерің? - сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, бұршақ т.б

6.Сен қандай жемістер жейсің?

7.Шикі жемістерді жейсің бе?- иә, жоқ

8.Қандай шикі жемістерді жейсің? - сәбіз, салат, түсті орамжапырақ, тәтті бұрыш т.б

9.Ас ішу аралықтарында сен жемістер жейсің бе? - иә, жоқ

10.Жемістерді күніне неше рет жейсің? - 0,1,2,3,4 ,одан да көп

11.Сен көкеністерді жақсы көресің бе?-иә,жоқ

12.Сенің сүйікті көкеністерің?-алма,банан,алмұрт,апельсин,т.б

13.Таңғы аста көкеністер жейсің бе?- иә, жоқ

14.Түскі аста көкеніс жейсің бе?- иә, жоқ

15.Күніне неше рет көкеністер жейсің?- 0,1,2,3,4 одан да көп

16.Қандай көкеністердің шырынын ішесің?

17.Нанның қандай түрін көбірек жейсің?-ақ нан, қара нан т,б

18.Күніне неше рет сүт ішесің? - 0,1,2,3,4 одан да көп

19.Таңғы аста сүт ішесің бе? - иә, жоқ

20.Негізгі астардың аралығында көбінесе не жейсің?-ірімшік, бұршақ, көкеніс, кәмпит, печенье, жемістер

21.Көбіне сен не ішесің?-лимонад, көкеніс шырыны, сүт, су, шәй, кофе т.б

22.Негізгі астардың аралығында ішкен шырындарың, тағамдарың денсаулыққа пайдасы бар ма?- иә, жоқ

23.Негізгі астың аралығында жеген тағамдарыңның ішінен бір пайдалы тағамды ата.

24.Сен тағамға тұз саласың ба? - иә, жоқ

25.Тұзды көп қолдану денсаулыққа зиян деп ойлайсың ба?- иә, жоқ

26.Сен балықты жақсы көресің бе? - иә, жоқ

27.Тауықтың етін жақсы көресің бе? - иә, жоқ

28.Сен еттің басқа түрлерін жақсы көресің бе? - иә, жоқ

29.Көбіне сен ненің етін жейсің? - балық, тауық еті т.б

30.Сен жаңа тағамның дәмін көруді ұнатасың ба? - иә, жоқ

31.Дұрыс тамақтанып денсаулықты сақтауға болады дегенді қостайсың ба? - иә, жоқ

32.Сен пайдалы тағамдармен тамақтанам деп ойлайсың ба? - иә, жоқ

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сендерге «Жаны саудың-тәні сау» деген сөз жақсы таныс. Осылай болу үшін салауатты өмір сүру керек. Ол не?

Оқушылар: дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек, зиянды әрекеттерден аулақ болу керек, дұрыс тамақтану керек.

Мұғалім:Дұрыс тамақтану деген не? Қазір біз сол туралы сөйлесеміз.

Қазір топ болып жұмыс істейміз. Әр топқа үш сұрақ және тамақтануға әсер ететін факторлары бар карточкалар беріледі. Сендердің мақсаттарың: топта сұрақтарды талдап, жауап беру, карточкаларды қолдану.

1.Қалай ойлайсыңдар ,адамдар неге тамақтанады?

Өмір сүру үшін Тынышталу үшін

Өсу үшін Мейрамды тойлау үшін

Қанағат алу үшін Қуат алу үшін

Денсаулығы мықты болу үшін

2.Сен үшін тағам не?

Салт - дәстүр Қорғанышты сезу

Махаббат Қарым-қатынас құралы

Жейтін нәрсе Қуат алу құралы

Көңіл көтеру көзі

3.Төменде берілген сөздердің қайсысы сендердің қалай тамақтанатындарыңды көрсетеді?

Аштық дәм сүйікті

Иіс қарым-қатынас сүйкімсіз

Дәстүр жарнама тұратын орын

Баға қорабы құрбылардың пікірі

Мұғалім: Осы сұрақтар арқылы біз тамақтанудың кейбір факторларымен таныстық. Енді үйде жауап берген анкета сұрақтарын қолдана отырып, топта тамақтану пирамидасын жасаңдар.Тақтада керекті тағамдар тізімі берілген: сүт, балмұздақ, көкеністер, шырындар, май, ет, балық, ботқа, жұмыртқа, ірімшік, йогурт, жемістер, нан, кеспе, күріш (топта пирамида құру жұмысы жүріп жатыр).

Мұғалім:Тамақтану пирамидасын тақтаға бекітіңдер. Балалар, сендер үшін не маңызды, тағам түрі немесе тағамның құрамы?

Оқушылар: тағамның құрамы

Мұғалім:тағамның құрамына кіретін қандай заттарды білесіңдер?

Оқушылар:Нәруыздар, көмірсутектер, майлар, дәрумендер, минералды тұздар.

Мұғалім:Ал енді біраз демаламыз,валеологиялық сергіту сәтін өткіземіз (әр топ сапқа тұрады, содан кейін бірінің арқасын бірі уқалайды, қолдың қырымен жоғары -төмен).

Мұғалім:Ал енді шағын пресс-конференция өткіземіз. Бізге диетолог дәрігерлер келді, олар бізге дұрыс тамақтану пирамидасы туралы, тағамның құрамындағы заттардың пайдасы туралы айтып береді.

Конференцияға журналистер келді.

1-журналист (журнал «Денсаулық») Біздің оқушыларды ағзада көмірсулар қандай қызмет атқарады деген сұрақ толғандырады?

1-Оқушы(диетолог рөліндегі)

Ағзадағы барлық мүшелердің қызметіне энергия керек. Көмірсулар жасушадағы бірден-бір әмбебап энергия көзі-АҮФ синтезінің негізгі материалы ретінде пайдаланылады. Көмірсулар организмге, негізінен, өсімдіктекті тағамдармен, сондай-ақ аз мөлшерде жануартекті тағаммен түседі. Глюкозаның бір бөлігі бауырда, бұлшық етте, жануар крахмалы-гликоген түрінде қорға жиналады. 1г көмірсу ыдырағанда 17,6 кДж энергия бөлінеді.

2-журналист (журнал «Спорт») Көмірсуларға бай тағамдарды білгіміз келеді?

2-оқушы (дәрігер рөліндегі). Көмірсуларға бай тағамдар: картоп, кішміш, шоколад, бал, қарақұмық және сұлы жармасы ботқасы, ұннан жасалған тағамдар.

3-журналист:(«Семей таңы»газеті) Неге дәрумендерсіз адамның дұрыс дамуы мүмкін емес?

3-оқушы (дәрігер рөліндегі). Витаминдер денсаулықтың нығаюына әсер етеді, организмнің суық тиюден болатын және жұқпалы ауруларға қарсы тұруын жоғарлатады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Қандай да бір витамин жетіспегенде, организмнің әлсіреуіне себепші гиповитаминоз пайда болады.Тағамда қандай бір витаминнің болмауы зат алмасудың бұзылуына - организмнің тіршілігін жоюға себепші авитаминоздың пайда болуына апарып соғады.

4-журналист («Егемен Қазақстан»газеті) Нәруыздар ағзада қандай қызмет атқарады және нәруызға бай тағамдарды атап беруін сұраймыз?

4-оқушы (дәрігер рөлінде) Нәруыздар - организм ұлпасының жасушаларының түзілуіне қатысатын негізгі құрлыс материалы. Нәруыздар адам денесінің 25%массасын құрайды. Олар аминқышқылдарынан тұрады. Аминқышқылдарының шамамен,20 түрі белгілі. Организмге тәулігіне 100г нәруыз қажет. Ет, балық, жұмыртқа, бұршақ, ірімшік, нан, асбұршақтарда нәруыз көп, ал өсімдіктекті өнімдерде аз.

5-журналист(«Жұлдыз»газеті) Майлардың ағзадағы қызметі туралы білгіміз келеді?

5-оқушы Майлар жануартекті және өсімдіктекті тағамдар құрамына кіреді. Олар адам денесінің массасының 10-20%-ын құрайды. 1г май көмір қышқыл газы мен суға дейін толық ыдыраған кезде 38,9 кДж энергия бөлінеді. Май ұлпасы организмді механикалық зақымданудан қорғайды және жылу реттегіш болып табылады.

Сергіту сәті

Қане қанат қағайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Қайта келіп қонайық.

Мұғалім: Ал енді топтың жасаған тамақтану пирамидасын дәрігерлердің берген пирамидасымен салыстырайық. Осы салыстырудан қандай қортынды шығаруға болады?(қортындыны оқушылар өздері жасайды)

Қортынды: Денсаулық мықты болу үшін, өмір сүру үшін, өсу үшін күнделікті әртүрлі тағам түрлерімен тамақтану өте маңызды.

Мұғалім: Келесі топтық жұмыс: Дұрыс тамақтану ережесін құрап жаз

Оқушылар: Ереже: әр түрлі тамақ, жеміс-жидектерге бай, қанттың мөлшерін қадағалау, күнделікті 3-4рет тамақтану, артық тамақтанбау, тамақты жақсылап шайнау, жүріп тамақ ішпеу, ұйықтауға дейін екі сағат бұрын тамақтану.

Мұғалім: Біз дұрыс тамақтану туралы білдік. Енді осы ережелерді естеріңде сақтасаңдар, денсаулықтарың мықты болады. Барлықтарыңа денсаулық тілеймін және мына алмадан дәм татыңдар.







© 2010-2022