Урок по биологии на темуЕртедегі жорғалаушылардың алуантүрлілігі (7 класс)

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Жорғалаушылар класы. Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлілігі

Сілтеме

7 сыныпқа арналған биология оқулығы, жануартану оқулығы, интернет материалдары

Жалпы мақсаты

Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама бере отырып,бауырымен жорғалаушылар туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.

Міндеттер:

1. Жорғалаушылардың отрядтары мен олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білім қалыптастыру;

2. Сын тұрғысынан ойлаудың белсенді әдіс-тәсілдері, жоба қорғау, логикалық тапсырмалар арқылы жаңа тақырыпты мазмұндау;

3. Жорғалаушылар класымен танысуда оқушылардың сыни көзқарасы мен таным белсенділігін арттыру

Күтілетін нәтижесі

Бауырымен жорғалаушылардың отрядтарымен, қаңқа құрылысымен, негізгі өкілдерімен танысады, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсінеді

Түйінді идеясы

Өзін-өзі бағалауға төселеді, бірін-бірі толықтырады

Әдіс-тәсілдер


Жоба қорғау, топтық жұмыс, семантикалық карта, СТО технологиясы: «Көмек аралы», «Араласып кеткен оқиғалар», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Уақыты

Ресурсы

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3 минут

2 минут






«Ұқсас ұғымдар бойынша топқа бөлу»

Есім-акроним






1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, қызығушылықты ояту, сыныпта психологиялық ахуал тудыру

Есім-акроним

Әр оқушы өз есімінің бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын (немесе өзііне тән) сын есімдер (эпитеттер) келтіруі керек. Мысалы:

Мөлдір - мейірімдімін; т.с.с.

2.Ұқсас ұғымдар бойынша

4 топқа бөлу;


Оқушылар ұқсас ұғымдар бойынша суреттері арқылы (Гаттерия, құбылғы, тасбақа, гавиал) төрт топқа бөлінеді. Ақылдасып топбасын сайлайды. Топбасыларына бағалау парақшалары беріледі.




2 минут




Топтық жұмысты үйлестіру






Топ көшбасшысын өзара сайлауға уақыт беру, топ мүшелері арасында топ міндетерін бөлісіп алу, топ көшбасшысының бағалау парағын тарату;




Топ көшбасшысын сайлайды, топ мүшелері топта тақратын міндеттерін өзара бөліседі, бағалау парағы және табыс критерийімен танысады


3 минут

Сыныпқа жұмбақ жасыру:





Мақсат қою кезеңі:


Бар дауысымен тақылдап,

Шалшық көлді мақтайды.

Өзін-өзі мақұлдап,

Бірін бірі жақтайды.

Тәулік бойы бақылдап,

Мезгілімен жатпайды. (бақа)

Сабы жоқ қамшы,

Ешкімге ұсынба,

Уы бар бір тамшы,

Тілінің ұшында. (жылан)

Демек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жорғалаушылар класына» арналады.

Сабақтың мақсаты: «Жорғалаушылардың отрядтары мен олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білім қалыптастыру»

Қазір «Көмек аралы» стратегиясын пайдалана отырып, жаңа сабақты сендерге достарың түсіндіреді. Достарыңды мұқият тыңдасаңдар, үй тапсырмасын орындауда қиналмайсыңдар.









Үйге тапсырма беру: &54 оқу, жануартану оқулығынан &45, 46 оқып, 1-топ оқушыларына: «Тұмсықбастылар отряды»

2-топ оқушыларына: «Қабыршақтылар отряды»

3-топ оқушыларына: «Тасбақалар отряды», 4-топ оқушыларына «Крокодилдер отряды» қысқаша хабарлама дайындау

Күнделікке жаздыру

10 минут

Жобаның дұрыс қорғалуына қарай ең үлкен ұпай 5


Жаңа сабақ

«Көмек аралы»

стратегиясы


«Көмек аралы» әдісі бойынша, тақырыпты алдын ала мазмұндауды бөліп алған оқушылар мұғалімге көмекке келеді.

Алдын ала сабақ мазмұны бөліп берілген 4 оқушы бағыттар бойынша өз жобасын презентация түрінде қорғайды.


10 минут

Берілген ұпайлар бойынша есептеледі

Ең үлкен ұпай 5 ұпай

Бекіту кезеңі

Ұласпалы білім беру

«Араласып кеткен оқиғалар» тапсырмалары




Омыртқалылардың үш класының өкілдері көрсетілген суреттер мен олардың сипаттамалары берілген үлестірмелі материалдар таратылады. Оқушылар әр суреттегі түрге сәйкес сол кластың сипттамаларын тауып біріктіруі қажет.

(Топтық жұмыс жүргізу)

Әр топ оқушылары бірлесе отырып, балық, бақа, жорғалаушыға байланысты берілген тапсырмалары бар қағаз қиындыларын бір-біріне сәйкестендіріп, толтырады.


5 минут

Семантикалық картамен жұмыс жасау

Семантикалық карталар топтарға үлестіріліп беріледі

Топ мүшелері бірлесе отырып, семантикалық картаны толтырады.


3 минут

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі

Рефлексия кезеңі

Әр топтан бір оқушы басқа үш топқа екі мадақ, бір сын айтады, тілектерін білдіреді.

Барлық топ оқушылары алма ағашына стикерлерді жабыстырады.

Әр топтан бір оқушы, яғни бақылаушы міндетін атқарған топ мүшесі сөйлейді.

Стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазады.

Сабақ түсінікті болса бүтін алманы;

Сабақты толық түсінбесе жарты алма бөлігін;

Ал сабақты мүлде түсінбесе алманың тек өзегін ғана алма ағашына іледі.

7 минут

Оқыту үшін бағалау

Мұғалім формативті бағалау алдында топ көшбасшыларының бағалауын сұрайды.

Топ көшбасшылары бағалау парағына қойған бағаларын оқиды. Әр оқушы өзінің пікірін айтады.


Үй тапсырмасын пысықтау

Үйге тапсырма беру: &54 оқу

«Бауырымен жорғалаушылардың отрядтары» қысқаша хабарлама жазып келеді









© 2010-2022