Ашық сабақ 6 сынып

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ 6 сыныпАшық сабақ 6 сыныпАшық сабақ 6 сынып

6«Б»сынып 23.02.15

Сабақтың тақырыбы: Бұршақ тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің негізгі ерекшеліктерін және тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіретіні жайлы оқушылырдың түсінігін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Гүлдерінің құрылысындағы ерекшеліктерді ұғындыру.

б) тәрбиелік: Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызын білуге тәрбиелеу. Оқушының логикалық білімін жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, өздік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі слайдтар, интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.(оқушыларды түгендеу)

  2. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Алқа тұқымдастырының неше мақсаты бар?

2. Алқа тұқымдастарының неше түрі бар?

3. Олар қай жерде өседі?

4. Алқа тұқымдастарының жемісі?

5.Гүлінің құрылысы?

6.Алқа тұқымдастар қандай топқа жатады?

  1. Жаңа сабақ.

  1. Бұршақ тұқымдастарына жалпы сипаттама.

  2. Бұршақ тұқымдастарының өсімдіктерінің ерекшеліктері.

  3. Гүл құрылысының ерекшелігі.

  4. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерінің маңызы.

Бұршақ тұқымдастардың 12000 түрі бар. Оның 150 ге жуық түрі Қазақстанда өседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі - тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Гүлі біріккен бес тостаған жапырақшалар, бес күлтежапырақшадан тұрады. Күлтенінің құрылысына қарай ір түрлі атаулары да бар. Ең ірі күлтежапырақша - «желкен», күлтенін екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша - «ескек» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі - «қайықша». Қайықшаның ішінде 1 аналық бар, оны 10 аталық қоршап тұрады. Аналығы аналық аузынын, аналық мойнынан және жатыннан құралады. Бұршақ тұқымдастардың басым көпшілігі бкнақденелілер арқылы айқас тозанданады. Жемісі құрғақ - бұршаққап.

  1. Жаңа сабақты бекіту.

№1 тапсырма. Семантикалық карта.

Желкен

Тамыр түкшелері

Шие

Ескек

12000

Бұршақ тұқымдастарының түрі.


Бос азот сіңіреді.


Ең ірі күлте жапырақша.


Бүйірлік күлте жапырақша.


Тері бөртпелерін емдейді.


№2 тапсырма. Сәйкестендіру тест.

Тұқымдастар

Өсімдіктер

  1. Көкнәр

А) Сексеуіл

Ә) Сүйелшөп

  1. Алабота

Б) Қызылша

В) Көкнәр

  1. Орамжапырақ

Г) Мақта

Ғ) Қыша

  1. Күрделігүлділер

Д) Рапс

Е) Соя

  1. Бұршақ

Ж) Ас бұршақ

З) Үрме бұршақ

№3 тапсырма. Кім жылдам?!

Күлте жапырақшасының негізгі бөлімдерін ата?

  1. Дәптермен жұмыс.

Күлте жапырақша

Ескек Қайықша Желкен

Гүлінің формуласы: Т(5) К3+(2) А(9)+1 Ж1

Жемісі - бұршаққап.

  1. Миға шабуыл.

Биологиялық диктант

Бұларды.............. өсімдіктер деп атайды. Бұршақ тұқымдастарының............. түрі бар. Оның............... жуығы Қазақстанда өседі. Олардың ерекшелігі тамыр түкшелері арқылы.......... сіңіреді. Гүлінің құрылысының, ерекшелігінің бірі күлте жапырақша............. бүйірлік күлте жапырақша................... тұтасып өскен екі күлте жапырақшалары............... деп аталады. Бұршақ тұқымдастарының аталықтарының.............. біріккен ..................... бос күйінде болады.

  1. Рефлекация.

Не білдік?

Не ұғындық?




  1. Үйге тапсырма: Бұршақ тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

  2. Бағалау.





© 2010-2022