• Преподавателю
  • Биология
  • Биология Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, түлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері

Биология Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, түлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, түлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Адам қаңқасының бөліктері мен маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Табыс критерийі: Әртүрлі өздік тапсырмалар орындата отырып,адам қаңқасының

бөліктерін талдап,дәлелдеу.

Күтілетін нәтиже: Адам қаңқасының бөліктері туралы біледі,олардың маңызы мен олардың орналасу ерекшеліктерін дәлелдеп көрсете алады.

Сабақтың міндеті: 1.Адам қаңқасының бөліктерімен таныстыра отырып,

олардың құрылысы мен маңызы туралы іскерлік дағдыларын,

білімге деген құштарлықтарын арттыру.

2.Өз мүмкіндіктерінің деңгейіне сай шығармашылықпен ізденіп

еңбек етуге дағдыландыру, қабілеттерін ұштау.

Сабақтың формасы: Топтық,жекелеме,жұптық жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта,таратпа материалдар,адам қаңқасының

нақпішіні.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық қолайлы ахуалды қалыптастыру.

Сынып оқушыларын топқа бөлу. «Ойлы болсаң,озып көр» сайысы арқылы адам қаңқасының бөліктері жайлы мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы топқа бөлу.

1-топ. Тасқа, қына, бітеді, бітеді, басқа, білім. 2-топ.Көз,батыр,қорқақ,қол.

3-топ.Тұлға,ер,азамат,сүйсіну,ел. 4-топ.Ақмақ,аяқ,бас,тыным,бермеу.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. Биологиялық диктант.

Үйге берілген «Сүйектердің құрамы, құрылысы,олардың пішіндері және қызметі» тақырыбына орай биологиялық диктант арқылы үй тапсырмасы қорытындыланады.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру,талдау.

1.Топтық талдау.

2.Кластер құрастыру.

3.Жауаптарын дәлелдеу.

ІV. Сергіту сәті.Адам қаңқасының бөліктері.

V.Қорытынды,бекіту кезеңі.

Тапсырмалар:

1.Карта ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту,қайталау. Топтық жұмыс.

А) 1-топқа «Бас қаңқасының бөліктері» тақырыбы бойынша

Б) 2-топқа «Кеуде қуысының бөліктері» тақырыбы бойынша

В) 3-топқа «Иық белдеуі мен қолдың еркін қозғалатын бөліктері» тақырыбы бойынша

Г) 4-топқа «Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын бөліктері» тақырыбы бойынша.

2.Жекелеме жұмыстар ұйымдастыру.Әр оқушы алдына жеке таратылады.Кестені толтыр:

Адам қаңқасының бөліктері

Оны құрайтын сүйектер

Ұпай саны

Бас сүйек

Омыртқа жотасы


Кеуде қуысы



Иық белдеуі

Қол сүйектері



Жамбас белдеуі



Аяқ сүйектері

3.Жұптық жұмысқа ауысу.

Адам қаңқасының

бөліктерінің ерекшеліктері

Қаңқаларының

ұқсастықтары

Жануар қаңқасының бөліктерінің ерекшеліктері



4.Дәйек сөзбен жұмыс.

Топ басшыларының бағалауы.Бағалау.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасын

пысықтауы

Топ ережесіне бағынуы

Жаңа тақырыпты меңгеруі

Өзіндік ой-пікірі

Тапсырма бойынша ұпай саны

Қорытынды

баға




Үйге тапсырма: Адам қаңқасының бөліктері.

М.Әуезов атындағы орта мектебінің химия-биология пәні мұғалімі: Ығиева Құралай Жұмағалиқызы. ШҚО.Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылы



© 2010-2022