АКТ сабаққа енгізу аспектілері туралы ақпарат берілген

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг өткізу жоспары


Коуч

Карибаева Айша Асылхановна

Қатысушылар

Облыстық білім бөлімі департаментінің әдіскері,

Мойынқұм, Мерке, Т.Рысқұлов, Қордай, Шу ауданының биология пәні мұғалімдері

Өтетін орны, уақыты

Балжан Бөлтірікова атындағы №4 ом

26.11.2015 жыл

Іс-әрекет

Нәтижесі

1. Дайындық кезеңі

1. Әріптестермен кездесу, мәліметтер жинау.

Тақырыбы: Биология сабақтарындағы оқыту мен оқудағы АКТ қолдану тиімділігі.

Сауалнама өткізу. Қосымша №1

2. Өткізу орнын анықтау.

Биология кабинеті №204 кабинет

3. Өткізу мақсаты мен өзектілікті анықтау.

Мақсаты: Әріптестерге АКТ қолдану қажеттілігінің өзектілігіне көз жеткізу. Қиындықтарды анықтау және оны жеңу стратегияларын бірлесе қарастыру.

Күтілетін нәтиже

Әріптестер шынайылықпен іс-әрекетке жұмылады. Ойларымен бөліседі, қиындықты шешу стратегияларын құрады. Өзара сындарлы көмек көрсете алады.

4.Коучинг өткізу барысындағы қарастырылатын сұрақтарды тіркеу. Ресурстарды, тәсілдерді дайындау.

Жоспар құру. Көрсетілім дайындау.

Қолданатын тәсіл - кәсіби әңгіме, топтық жұмыс.

2. Коучинг жоспары «Биология сабақтарындағы оқыту мен оқудағы АКТ қолдану тиімділігі»

Коуч іс-әрекеті

Қатысушылар әрекеті, жұмыс нәтижесі

Ресурс

1. Релаксация, жұмыс істеуге қолайлы орта туғызу. Топқа бөліну.

Тренинг «Бүгінгі күнге тілек»

Шульманның үш көмекшісі.

«Бас, жүрек, қол»

4 топқа бөлінеді.

Түрлі-түсті стикер.

2.Коучинг мақсаты және жоспарымен таныстыру.

Көрсетілім демонстрациясы.Терең тыңдалым.

Көрсетілім№1

3АКТ сабаққа енгізу аспектілері туралы ақпарат берілген.. Шабуыл кезеңі.

Әр топқа флипчарттарда берілген шаблондардағы ұяшықтарға жауаптарын жазады. №1 Бүгінгі сабақтарда нені көрдіңіздер? №2 Өздеріңіз нені қолданасыздар? №3 Сіздерге қандай қиындықтар кедергі жасайды?

Флипчарттар,

маркер

4.Ой бөлісу кезеңі.

Әр топ өз постерлерінің мазмұнымен бөліседі, нәтижесінде барлық топтың жазған кедергілерінен ортақ қиындықтарды шығарады.

5.Қиындықты шешу жолдарын іздестіру кезеңі.

Әр топ шығарылған ортақ қиындықтардың шешу жолдарын қарастырады, ойларымен бөліседі, өзара кеңес береді.

6.Қорытындылау.

Бейнежазбаны көру «Ох, и не легко!»

Бейнежазба

7. Рефлексия кезеңі.

«Жеті басты айдаһар»

Стикер

3.Коучингтан кейін

Коуч рефлексиясы

Рефлексиялық есеп.

Қосымша №1

Сұрақтар

Мұғалімдер жауабы

(иә, жоқ)

1

Сабақ жоспарын АКТ қолдану бойынша құра аламын.

2

Сабақта оқушылардың жұмысын АКТ қолдану арқылы ұйымдастыра аламын.

3

Ғаламтордан оқытуға қажетті материалдарды таба аламын.

4

АКТ сабақтың барлық кезеңдерінде қолдана аламын.

5

АКТ әріптестеріммен қарым-қатынас жасау үшін қолдана аламын.

6

Ғаламтор-технологияларын(форум, электрондық пошта) оқушыларға көмек көрсету мақсатында қолдана аламын.

Сіздің жағдайыңызға қайсы жауап сәйкес, соны белгілеңіз

7

Төмендегі сандық инструменттер мен технологияларды қолдана аламын:

А) мәтіндік редактор

В) электрондық мәліметтер, электрондық таблица

С) көрсетілім дайындау бағдарламаларын

Д) бейнежазба бағдарламалары

8

Компьютерді іс-әрекетіңізде қаншалықты жиі қолданасыз?

А) күнделікті

В) аптасына бірнеше күн

С) аптасына бір рет

Д) айына бір рет

Е) өте сирек

9

Сіздің компьютерді қолдану формаңыз:

А) дидактикалық материал дайындау

В) арнайы бағдарлама дайындау

С) көрсетілімдер дайындау

10

Өзіңіздің компьютерлік технологияларды игеру деңгейіңізді бағалаңыз:

а) 5

б) 4

в) 3

г) 2

Вопросы

Ответы учителей

(да, нет)

1

Умею сделать поурочное планирование с использованием ИКТ

2

Умею подготовить урок с использованием ИКТ учениками

3

Умею подобрать программное обеспечение для своих учебных целей

4

Умею находить учебные материалы в Интернете

5

Умею эффективно использовать ИКТ для объяснений на уроке

6

Умею использовать ИКТ для взаимодействия с коллегами

Выберите ответы, которые соответствует вашему умению

7

Умею использовать цифровые инструменты и технологии, такие как:

а) текстовой редактор,

б) электронные базы данных, электронные таблицы;

в) программы для создания презентаций

г) программы для работы с видео, звуком и графикой;

д) электронная почта;

е) поиск информации в Интернете;

ж) Интернет-форум,

з) электронные тесты.

8

Как часто используете компьютер в своей деятельности:

а) ежедневно

б) несколько раз в неделю

с) раз в неделю

д) раз в месяц

е) несколько раз в месяц

ж) реже 1 раза в месяц

9

Перечислите формы использования компьютера:

а) разработка дидактического материала

б) разработка программного обеспечения

в) подготовка презентаций

10

Оцените свой уровень владения компьютерными технологиями по шкале:

а) 5

б) 4

в) 3

г) 2




«Биология сабақтарындағы оқыту мен оқудағы АКТ қолдану тиімділігі» тақырыбына өткізілген коучингіге рефлексия.

Коучинг алды рефлексиядан бастап жазбаса болмайды, өйткені коучингің сәтті өтуінің өзі оның алдында жүргізілген істерге тәуелді. Семинар өткізуге жауапты мұғалімдер арасында ынтымақтастық болудың өзі көп көмегін тигізді. Әсіресе, коучинг жоспарлау кезде ой бөлісіп, сындарлы пікір айтқан Ватулина А.А., Қалдарбекова А.Қ. болды.

Коучингіге қатысқан мұғалімдер саны - 18. Кездейсоқ топтарға бөлінген ұстаздар өзара тез тіл табысып, коллаборативті орта құра білді. Коучинг барысында мұғалімдер берілген тапсырманың барлығын үлкен қызығушылықпен орындап, атсалысып отырды. Оған дәлел мұғалімдердің бірлесе жазған постерлері және оны қорғауы. Нәтижесінде берілген флипчарттар мазмұнды ой-пікірлермен толып, әр топ өз тапсырмасын ортаға салып бөлісті. Барлық топтың жазған кедергілерінен ортақ кедергі мен қиындықтарды бөліп алу ешқандай қиындық туғызған жоқ. Анықталған кедергілерді шешу стратегияларын құрып, бірлесе отырып қиындықтан шығу жолдарын құрастырдық. Құрылған стратегиялар барлық ұстаздарға қолжетімді, іске асырымды болды. Қуантар жайы мұғалімдер ойларын ашық, бүкпесіз ортаға салудан сескенбеді, бұл ортаның әр мұғалімге өте қолайлы болғандығына дәлел. Олар өзіне де, әріптесіне де сенімді болды. Коучингтің басынан аяғына дейін бастапқы тақырыптан ауытқымай, ең соңында қатысқан мұғалімдер арасында желілік қоғамдастық құрайық деген мақсатта электрондық поштамызбен алмастық. Осы алмасуды қалай ұйымдастырдым: тақтаға Қордай аудыны бойынша бүгінгі күні ашық сабақтар берген мұғалімдердің поштасын жазып, ал қатысушы келген мұғалімдерге стикерге коучингтің өтуі жайлы пікірлері мен электрондық пошталарын жазып, көңіл-күйлерін сипаттайтын «жеті басты айдаһарға» жабыстыруын сұрадым.

Қорытынды түйін шығаратын болсам, барлық жоспарланған ісім жүзеге асты, көңілімнен толық шықты. Іс-тәжірибеммен бөлісу маған ұнайды, келесі істі жүзеге асыруға дайынмын.

АКТ сабаққа енгізу аспектілері туралы ақпарат берілген.

© 2010-2022