11 сынып сабақ жоспары

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: ______________ Күні: 13.01.2016ж Сыныбы: 11 "Ә"

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Архей заманындағы тіршіліктің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға архей заманында тіршіліктің дамуы туралы мағұлмат беру

Тәрбиелілік: Оқушыларды архей заманында тіршіліктің дамуы туралы білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың архей заманында тіршіліктің дамуы туралы ой - өрісін

дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру

1. Жер тарихының замандарын рет - ретімен атап бер?

2. Жер тарихының шежіресін айт?

3. Криптозой ұғымы нені білдіреді?

III.Жаңа сабақ

Архей заманы (Архей эрасы) - жердің геологиялық тарихында ұзақтығы 1 млрд жылдай болған тым ескі заман. Ол көбінесе кристалды сланңылардан, гнейстерден, гранит гнейстерден және вулканныңатқылауынан пайда болған жыныстардан құралады; мұнда шөгінді жыныстар сирек, бірақ құрамында әктас, графит тағы басқа да жыныстар да кездесіп отырады.

Архей-эрасы - Жердің геологиялық тарихындағы ең көне эра. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасының ең көне жыныстары осыдан 3,5-4 млрд жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой эрасына ауысу уақыты қазіргіден шамамен 2,6-2,8 млрд жыл бұрын өткенге ұқсайды.

Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз болған. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда мембранасы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болып, суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Осылайша алғашқы тірі организмдер - гетеротрофтар (дайын органикалық қосылыстармен қоректенушілер) пайда болған. Канада, Аустралия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі анықталған.

Көк жасыл балдырАрхей заманында тіршілік еткен

Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар архей заманында тіршілік еткен. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да көбеюге қабілетті болған. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясында фотосинтез процесінің рөлі өте зор, өйткені фотосинтез органикалық дүниенің жануарлар және өсімдіктер деп бөлінуіне себепші болды. Ең алғашқы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар - көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табиғат эволюциясындағы бастыароморфоз (күрделі өзгеріс) фотосинтез процесінің жүруімен тығыз байланысты. Архей заманының соңында шоғырлы (колониялы) балдырлардың тіршілік еткендігіне Аустралиямен Африка құрлығынан тасқа айналған олардың қалдықтарының табылғаны дәлел бола алады.

Архей мен протерозой заманының ауысатын кезеңінде екі ірі эволюциялық өзгеріс болғандығы анықталды.

1. Жыныстық жолмен көбею процесінің пайда болуы.
2. Көп жасушалы организмдердің пайда болуы.

Архей заманы-жер қыртысының тарихындағы көне заман.Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ақзалардың-бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған.Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай,құрлыққа шыққандығы көрінеді.Өйткені,құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып,соның нәтижесінде топырақ түзілген.Архей заманындағы жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар:1.Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болады,гендердің алмасуы,комбинативтік өзгеріштіктің жүруі,табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
2.Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ақзаларды екіге:автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар)бөлуге бастама берді.
3.Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ақзалардың құрылысы күрделенді,ортаның жаңа жағдайларын игере отырып,оған бейімделушіліктер қалыптасты.
Протерозой заманы.Ең ұзаққа созылған бұл заманда алғашқы тау түзілу әрекеті жүре бастады.Олар негізінен,су түбіне бекініп тіршілік етті.Жер бетіндегі температура әлі де болса жоғары болғандықтан,тіршілік тек суда ғана жүріп жатты.

Тіршілік біртіндеп геологиялық жағдайға айналды.Протерозой заманындағы негізгі ароморфоздар мыналар еді:
1.Жануарларды екі жақтылық симметрия қалыптасып,соның нәтижесінде қорғаныштық қызмет атқаратын дененің алдынғы және артқы бөліктері ажыратылды.
2.Ең жоғары сатылы жануалар-желілілер типінің алғашқы өкілдері шықты,Оларда желі бұлшықеттерге тірек қызметін атқарды.
3.Түтік тәрізденген орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы тіршілік әрекеттерінің қарқынды жүруіне әсер етті.
4.Желбезек түрінде тынысалу мүшелері қалыптасты.

IV. Бекіту

1. Жер тарихында қандай замандарды ажыратады?

2. Архей заманында жер бетінде қандай өзгерістер орын алды?

3. Фотосинтез прцесінің ерекшелігі неде?

V. Қорытынды

Архей заманы (Архей эрасы) - жердің геологиялық тарихында ұзақтығы 1 млрд жылдай болған тым ескі заман. Ол көбінесе кристалды сланңылардан, гнейстерден, гранит гнейстерден және вулканныңатқылауынан пайда болған жыныстардан құралады; мұнда шөгінді жыныстар сирек, бірақ құрамында әктас, графит тағы басқа да жыныстар да кездесіп отырады.

Архей-эрасы - Жердің геологиялық тарихындағы ең көне эра. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасының ең көне жыныстары осыдан 3,5-4 млрд жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның протерозой эрасына ауысу уақыты қазіргіден шамамен 2,6-2,8 млрд жыл бұрын өткенге ұқсайды.

VI.Үйге тапсырма

§33 Архей заманындағы тіршіліктің дамуы

VІІ.Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау


© 2010-2022