Рабочие программы на тему Проблемы экологии

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1 сабақ

Сыныбы: 8а,к

Сабақтың тақырыбы: Экология ғылымының қазіргі кезеңдегі проблемалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Экология ғылымының қазіргі кезеңдегі проблемалары туралы түсіндіре отырып, оқушыларға білім беру.

Дамытушылық: Оқушыларға экологияның қазіргі кезеңдегі проблемаларын айта отырып, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Экологияны және табиғатты қорғауға, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе

1.Экология ғылымынын қалай түсінесін?

2. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы қандай?

3. Экология ғылымына әсер ететін факторла

Жаңа сабақ : Экология ғылымының қазіргі кезеңдегі проблемалары

Жапонияның оңтүстік-батысындағы қатты нөсер жаңбыр мен арты су тасқынына ұласқан табиғат апаты.

Су тасқыны салдарынан 70-тен астам үй құлап, 300-ге жуық құрылыс ғимараттары су астында қалды. Аймақтың бірқатар аудандарында су құбырлары істен шығып, ұялы байланыс, электр қуаты желісі жұмысын тоқтатқан.

Айта кетейік, Жапонияда кеше басталған қатты нөсер бұрын-соңды болмаған деңгейде жауған. Кейбір аудандарда жауған жаңбырдың мөлшері бір айдағы жауын-шашынның көлеміндей болған. Қазір төтенше жағдайға байланысты қауіпті жерлерден 50 мың адам шығарып алынды.

Рабочие программы на тему Проблемы экологии



Қарағанды облысы - Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды. Мəселен, тұрақты көздерден атмосфераға тарайтын ластанған заттар жылына бір миллион тоннадан асады. Ал бұл жалпы республикадағы барлық қалдықтардың үштен бірі деген сөз. Негізгі ластаушы көздер Теміртауда «Испат-Кармет» АТАҚ (жылына 361,5 мың тонна), Жезқазғанда «Қазақмыс» АҚ (жылына 138,4 мың тонна), Балқашта «Балқашмыс» АҚ (жылына 299,4 мың тонна, сол сияқты Қарағандыдағы энергетикалық кəсіпорындардың өзі жылына 96,2 мың тонна ластандыратын қоспа таратады.
Қала маңына орналасқан ГРЭС-1, N3 ЖЭО жəне Қаражал ЖЭО-ның күлі мен түтіні бұрқырап мазаны алуда, сол сияқты Ақжал байыту фабрикасының, Қайрақты, Жамбыл, Қарағайлы Ақшатау кеніштерінің қалдықтары да бұрқырап, желге ұшып жатыр. Бұларда қауіптілігі 1-3 класты қорғасын, мырыш, берилий, висмут жəне радионуклидті флотация қалдықтары көп. Тозаңданып аспанға ұшудың салдарынан мұндай заттар маңайын да шаңдатып жібереді. Бұған қоса атмосфералық ауаны автокөліктер де ластандырып, одан шығатын тастанды қалдықтар жылына 110 мың тонна көлемінде зиянды заттар таратса, оның ішінде 200-ге жуық əртүрлі қоспа бар екендігі анықталғаны баршаға мəлім.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатынкөксерке балықтарының кеміп кетуі;

  • осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

  • аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

Сабақты бекіту:Қарағанды облысы- Қазақстандағы экологиялық жағынан ең ластанған, өнеркəсіптік өндіріс орындары көп шоғырланған ірі өнеркəсіп орталығы. Бұл өңірдегі өндіргіш күштердің даму барысы көптеген жылдардан бері экологиялық зардаптар ескерілмей іске асырылды. Соның салдарынан облыстың атмосфералық ауасы бұзылды.

Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын наш арлатты. Жапонияда су тасқыны салдарынан 70-тен астам үй құлап, 300-ге жуық құрылыс ғимараттары су астында қалды. Аймақтың бірқатар аудандарында су құбырлары істен шығып, ұялы байланыс, электр қуаты желісі жұмысын тоқтатқан.

Үйге тапсырма

§1, Экологияда проблемалық сұрақтар.



© 2010-2022