Құстар - біздің досымыз. Сыныптан тыс жұмыс

сыныптан тыс жұмыс 5-сынып оқушыларының табиғатты сүю, қорғау туралы түсініктерін кеңейту мақсатында беріліп отыр. халқымыз сөзге бай халық, мақал-мәтелдерді оқушылардың ойын айта білу, сөз қорларын кеңейту мақсатында және логикалық қабілеттерін арттыру үшін енгізіп отырмын. балаларды туған жерінің табиғатын қорғауға, құстарға қамқор болуға шақырады. жергілікті жерімізде құстардың қандай түрлері болатынын білу оқушыға туған мекенін жақсы көретінін көрсетеді. әр бала құстарға қалай қамқр болатыны...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты: "Құстар біздің досымыз"

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты:

1. Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы құстардың мағынасы жайлы мағлұмат беру, құстарды қорғау. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

2. Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.

3. Тәрбиелік: Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң- құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

І. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар! «Құстар біздің досымыз » атты тәрбие сағатын бастаймыз. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.

II.Сұрақтар.

Бейбітшілік құсы қай құс?

Көгершін.

А) Құстар балапандарын қайда өсіреді?

Б) Киелі құс?

В) Қандай құстың құйрығы айыр?

Г) Түнде ұшатын құсты ата!

Д) Орман дәрігері?

Е) Өз атын өзі шақыратын құс?

III. Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?

« Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.» - деп Абай атамыз жырлағандай өлең жолдарына кезек берейік.

IY. Жұмбақтар:

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы. (бұлбұл)

Қараңғыда ұшады, құбылады.

Жарық көрсе қашады, тығылады. (жарқанат)

Шарлап келіп даланы,

Үйіне үй салады. (қарлығаш)

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай. (қарлығаш)

Орман іші солқылдап,

Жаңғырықты түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ,

Тұмсығының түбімен. (тоқылдақ)

Y.Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

· Құс жүнін үрпитсе- жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

· Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

· Шымшық ұя салса- қыс қатты болады.

· Қарға қарқылдаса - қар жауады

YI. Қорытынды.

Қымбатты құстарға қамқор болайық.

© 2010-2022