Баяндама Сыни тұрғыдан ойлау

Раздел Биология
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыни тұрғыдан ойлау

Қaзіргі зaмaн тaлaбы өте өзгеше тез дaмып өзгерiп oтырaтын жoғaры технoлoгиялaр зaмaнындa елмiздегi бiлiм сaпaсынa қoяр тaлaбыдa зoр ендеше зaмaн тaлaбынa мұғaлімге oқтыyдың жaңa технoлoгиялaрын пaйдaлaнып, сaбaқты түрлендiрiп, бaлaлaрдың қызығyшылығы мен белсендiлiгiн жayaпкершiлiгiн, дүниетaнымын aрттырy aрқылы бәсекелестiкке қaбiлеттi, жaн-жaқты дaмығaн бiлiктi ұрпaқ тәрбиелеy мiндетi жүктеген.

Сын тұрғысынан ойлауға үйретумақсатында тәлім алушы мұғалім Рахым Жаңыл апайға бұл модуль туралы түсіну үшін , оз сабағыда пайдалануға көмектесу мақсатында "Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Көмірсулар. Липидтер" тақырыбында сабақ өткіздім. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сабақтың мақсаты:а) қызығушылықты ояту - сұрақ қою;ә) мағынаны ажырату - жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;б) ой толғаныс - ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.

сабақтарында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжербиесін сабақтарда қолданудамын.Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды,пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін - өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты дамытады, қызығушылықты артырады, кез - келген сабақты меңгертеді, оқушы өзін - өзі тәрбиелейді.

Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:

І - қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).

ІІ - мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.

ІІІ-ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.

СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:

1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.

Баяндама Сыни тұрғыдан ойлауБаяндама Сыни тұрғыдан ойлау







Д ә с т ү р л і с а б а қ т а р

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды

Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады

Жауап береді

RWCT с а б а қ т а р ы "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу"

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды



© 2010-2022