Құстар біздің досымыз 7 сыныптар

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құстар біздің досымыз 7 сыныптарҚұстар біздің досымыз 7 сыныптар№20 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі








Сабақтың тақырыбы:





7 сыныптар

Пән мұғалімі: Молдабаева А.Ж.



Меркі 2012-2013оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Сабақтың мақсаты: Құстар туралы мағлұмат жинақтау, сан алуандылығымен танысу. Құстар туралы мақал-мәтелдер айтып,өлеңдер

жаттау. Құстардың табиғаттағы маңызын түсіндіре отырып оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сайыстың бағдарламасы:

1. Топтардың таныстыруы

2. Викториналық сұрақтар

3. Өлең сұрақтар

4. Ең,ең,ең....

5. Мақал-мәтелдің жүйрігі

6. Құстар туралы өлең жолдары

7.Ертегі жұмбақ

Сайыстың барысы:

Кіріспе сөз

Құс табиғат байлығы. Құстар ауылшаруашылығының көмекші досы. Құс-табиғат көркі. Халық күміс көмей әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, сұлуын аққуға, жігерсіз,намыссыз жігітін жапалаққа теңеген.

Бүгінгі сайыс сабағымыздың тақырыбы «Құстар біздің досымыз».

Мақсатымыз: табиғаттың байлығы құстарды қорғау. Олардың өсіп-өнуіне мүмкіндік беру. Адамға тигізер пайдасын танып білу,табиғатты аялау.

Бүгін алдарыңызда мектебіміздің 7-сынып оқушыларынан құралған «Ақсұңқар» және «Лашын» топтары өз білімдерін сынамақ.сонымен сайысымыздың негізгі кезеңдеріне көшсек.

  1. Таныстыру. Әр топтың топбасшысы өз тобын таныстырады.

  2. Викториналық сұрақтар. Әр топқа екі екіден сұрақ беріледі,егер топ сұраққа жауап бере алмаса екінші топқа мүмкіндік беріледі.

1-топ.

1.Құстар неге ұшады,ал адамдар неге ұша алмайды?

2. Қазақтың саятшылық өнері туралы не білесіңдер?

2-топ

1.Мұрт атауы тауықтың құрылысында кездесе ме,әлде мысықта кездесеме?

2.Махамбеттің өлеңіндегі «қызғыш»адам ба әлде құс па, өлеңнің атауы қандай?

3. Өлең сұрақтар.

1.Көлдің көркі сән екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған.

Ол қандай құс?

2.Ұшады, қалықтайды,

Сайраудан бір жалықпайды.

Ақы алмайды әніне

Сонда да еш тарықпайды.

3.Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап

Балшықтан үй салады.

4.Қара арғымақ мінгенім

Қыр айнала жүгіргенім

Сегіз найза сенгенім,

Он екі қылыш енгенім

5. Қарағайдың, шыршаның

Бүрін шағып уатты.

Бұл қандай құс айтшы дос,

Тұмсығы қайшы сияқты?

6.Сайрайды көкке, қалықтап ұшып,

Сүңгиді суда,балықтай жүзіп.

Ақтарып тасты, астына түсіп,

Іздейді жемін, адымдап жүріп.

Бұл қандай құс, су болмайтын, ақпайтын,

Жер бетінен қорек іздеп таппайтын?

4.Ең,ең,ең..... Кесте толтыру

1-топ

Құс тар

Ең,ең,ең.....

1.Африка түйеқұсы

2.Кеа

3.Кукабара немесе

зымыран

4.Марғау

5.Жұмақ құсы

6.Ақбас субүркіт

7.Калифорния кандоры

2-топ

Құс тар

Ең,ең,ең.....

1.Колибри

2.Нанду

3.Тәжді көгершін

4.Пингвин

5.Жаппаторғай

6.Таспалы жұмақ құсы

7.Айдарлы түйеқұс

5. Мақал-мәтелдің жүйрігі.Екі топ құстар туралы мақал-мәтелдер айтады.

Сұңқар шашып жейді,

Құзғын басып жейді.

Қарға баласын аппағым дейді.

Тауықтың түсіне тары кіреді.

Аққу көлдің сәні,

Өсімдік жердің сәні

Қарға, қарғаның көзін шұқымайды.

Қарға мақтанып сұңқар болмас,

Есек мақтанып тұлпар болмас.

Таптырмайтын аңшыға,

Алғыр құс ол - қаршыға.

Құс патшасы-бүркіт

Аң патшасы арыстан.

Екі қарға таласа,бір құзғынға жем болар.

Аққу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды.

Шабан үйрек бұрын ұшар.

Қаз келсе жаз келер,

Қарға келсе қатқақ келер.

Аққуды атпа,досыңды сатпа.

Аспандағы тырнадан,

Қолдағы бозторғай артық.

Тауықты тойдыра алмайсың

Қызды киіндіре алмайсың.

6. Құстар туралы өлең жолдары

1- оқушы Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек - қаз қонды.

2- оқушы Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді менің тұрағым.

3 - оқушы Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап құттықтап ,

Біз оларды қорғаймыз.

4 - оқушы Қызыл гүлдер қауыз ашып маңдағы,

Торғай шулап, бұлбұл сайрап талдағы,

Сай қуалай, жаңа гүлден бал сорып,

Ара біткен өлеңдете бастады.

5 - оқушы Жарайсыңдар, балалар !

Ей қазақтың ұланы !

Болғайсың дала қыраны.

Жер - суын қорғау бабаңның,

Емес пе елдің ұраны?

7. Ертегі жұмбақ

1-топ

Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап

болып, бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан

жараланып,елсіз иен шөлде жығылып,жалғыз қалады.Шөлден

әбден қақырығы түтеп,өлуге айналады.Осы сәтте көк аспаннан бір

"құс" ұшып келіп,аузына су тамызып,оны өлімнен құтқарған.Бұл

қандай құс?

2-топ

Ертеде ағайынды үшеу: Күн,Ай және бір "құс" аспанда тұрыпты.Бірде үлкені

Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде,үйде Ай мен бір "құс"

қалыпты.Ай барып тұрған сотқанақ екен.Жаңағы "құсқа" тыным

бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн

болған оқиғаны біліпті.Ойланып отырып,Айға былай депті:"Менің

байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ

екен.Қайтып енді көрмейін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен

тек түнде шығасың".Содан бері әлгі бір "құс" қызарып шығып келе жатқан

Күн ағасын көргенде: "Қайырлы таң, мейірімді аға !" - деп шақыратын

болыпты.Ал Күн батып,Ай көріне бастаған кезде әлгі бір "құс" үйшігіне

тезірек кіріп алуға асығады екен.Бұл қандай құс?

Сайыс қорытындысы.Әділ қазылар алқасының сөзі. Жеңімпаз топты марапаттау.


© 2010-2022