Ашық сабақ: Жапырақта органикалық заттардың жарықта түзілуі. Фотосинтез

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Күні: Сабақ жоспары

Сынып 6 «г»

Тақырыбы: §18. Жапырақта оргаикалық заттардың түзілуі. Фотосинтез. Сабақтың міндеттері:

Білімділігі - фотосинтез үдерісінің мәнісін, өсімдік үшін маңызын, органикалық заттардың жиналуы туралы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелілігі - өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншілігін ояту,оларды қорғай білуге,табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу. Тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымда әсер қалыптастыру;

Дамытушылығы - қосымша тапсырмалар,сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту,өздіктерінен жұмыс істеп, қорытынды шығаруға үйрету. Пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Қолданылатын көрнекіліктер: итреаактивті тақта, ағаш суреттері, жапырақтар.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,топтастыру,сергіту сәті, ойын,биологиялық диктант.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.
Хормен:Табиғат,ел-анамыз,
Табиғатқа біз баламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (Оқушылар үш топқа бөлініп, сұраққа жауап бере отырып,ағаштарға жапырақтарды жапсырады).

Балалар, қазір біз сендермен мына төмендегі тапсырмаларды орындайық.

1. Сұрақтарға ауызша жауап беріп тапсырманы орындайық.

1.Жапырақ тақтасы қандай қызмет атқарады?
2. Сағағының қызыметі қандай?
3. Бөбешік жапырақша қандай қызымет атқарады?

2. Төменде бейнеленген жай және күрделі жапырақтарды өсімдіктердің тиісті тобының тұсына толтыр.

3.Карточкалар тарату арқылы үй тапсырмасын тексеру.

( карточкаларды жарты оқушылар орындап жатқан кезде интерактивті тақтада берілген сұрақтарға, басқа оқушылар жауап береді ).

4. Сөзжұмбақты шешу.

Балалар, жауабын дұрыс шешкенде бастапқы төркөзден өсімдіктің органикалық зат түзетін мүшесінің аты шығады.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сәл өзгешелеу болады. Өйткені біз сабағымызды топтық жұмыс бойынша жарыс түрінде өткіземіз.

Көмірқышқыл газы + су (күн сәулесі/жасыл өсімдік) → қант (глюкоза) + оттегі ═ фотосинтез.

Өсімдік жапырағының хлоропластарында күн сәулесінің қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез деп атайды. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843-1920).

Оқулықпен жұмыс.

Балаларға оқулықта берілген тәжірибелерді түсіндіру.

  1. Жарықта, жасыл жапырақта органикалық заттардың түзілу тәжірибесі.

  2. Жарық түскенде өсімдік жапырағының оттегін бөлу тәжірибесі.

Ұяшықтар сөйлейді.

Балалар, ал енді ойлан, тап , ұяшықтар сөйлейді ойынын ойнайық.

Балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, енді сергіту сәтін жасап алайық.

Сергіту сәті.

Балалар, мына өлең жолдарын қимыл - қозғалыспен жасап, айтайық.

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

Жел соққанда ырғалып,

Жапырақтар түседі.

Биологиялық диктант.

Жарайсыңдар! Балалар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Ал енді сабағымызды қорытындылайық.

Қорытынды

Жақсы, балалар сендер өсімдіктің өсімді мүшесі жапырақты жақсы меңгеріпсіңдер. Өте тамаша оқу іс-әрекетіне қатыстыңдар.

Біз бүгінгі сабақта нені білдіңдер?

1.Фотосинтез қандай процесс?

2.Қант жапырақтың қай бөлігінде түзіледі?

3.Фотосинтез кезіндет ең алғаш қандай зат түзіледі?

Мұғалім төмендегі мына сөйлеммен қорытындылап, сабақты аяқтайды.

Ағаш көркі жапырақ екен. Ағашқа әдемілік беретін жапырақ. ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы бар. Сол Заңның 38-бабында табиғатты қорғау,оны таза ұстау әр адамның міндеті делінген. Балалар, келешекті көркейтетін сіздер. Айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғаңдар, өсімдікті көп өсіріңдер.

Үй тапсырмасы. §18 оқып, 29-суретті жұмыс дәптеріне салып келу.

Оқушылардың білімдерін.





№ 2 мектеп - балабақша кешені















Ашық сабақ

Тақырыбы: Жапырақта органикалық заттардың жарықта түзілуі. Фотосинтез.

6 «г» сынып







Өткізген: Косаева К.Т















Приозерск 2013 жыл









© 2010-2022