«ХХІ ғасыр азаматы » атты интелектуалды сайыс сабағы

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: « ХХІ ғасыр азаматы » аттыинтелектуалды сайыс сабағы.Мақсаты:биология,химия пәндері бойынша оқушылардың танымдық біліктіліктерін,оқушылардың шығармашылықбелсенділігін дамыту.Міндеті: 1.Химия,биология,географияпәндері бойынша оқушылардың білімін,біліктілігін,сауаттылығынанықтау.2.Оқушылардыңойлау,есте сақтау,қызығушылық қабілеттерін дамыту.3.Табиғаттықорғауға,адамгершілікке тәрбиелеу.Пән аралық байланыс: география,биология,химия, 1.Жүргізуші
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: « ХХІ ғасыр азаматы » атты интелектуалды сайыс сабағы.

Мақсаты:биология,химия пәндері бойынша оқушылардың танымдық біліктіліктерін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту.

Міндеті:

1.Химия,биология,география пәндері бойынша оқушылардың білімін,біліктілігін,сауаттылығын анықтау.

2.Оқушылардың ойлау,есте сақтау,қызығушылық қабілеттерін дамыту.

3.Табиғатты қорғауға,адамгершілікке тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: география,биология,химия,

1.Жүргізуші

Ежелден қазақ халқы білім,ғылымды қуып «Қына тастан,ақыл жастан шығады» деп ұрпағын ақылдылыққа,білімділікке баулыған. «Жас күнің-білім іздеу,нақты дер шағың,халқыңның ойлай берші оңар жағын» дей келе ақыл,білім ұшқырлықпен ойлылықты қажет ететін «ХХІ ғасыр азаматы» атты интелектуалды сайыс сабағына хош келдіңіздер.

Ғылымның ізін қуып,оқу мен білім нәрін сусындатқан мына сайыскерлерімізді таныстырып өтсек.(Сайыскерлер таныстырылады)

1.Әшімхан Ілияс

2.Керімқұл Салтанат

3.Қуандық Әділет

4.Қалдыбай Олжас

5.Иманберді Айдар

6.Тұғылшы Нұрзат

Бүгінгі біздің білім додосының тақырыбы табиғатқа арналады. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,бұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, табиғатты аялау,қастерлеу әрбір адамзаттың парасатты парызы.

Табиғат,жанымды алсаң

Алшы менің,

Кім білсін

Бір түйір жерге түскен

тамшың едім

Кім білсін

Қаншама әлі шырқарымды

Кім білсін

Қай күні сен қырқарыңды

Жоғалтпасаң болғаны ұрпағымды-деп Мұқағали ағамыз секілді ұлы бабалар үлкен үміт арттырған ұрпақтарының бүгінгі бір бөлігіне сәттілік тілейміз.

Енді ойынымыздың 6 түрімен таныстырайық:

І кезең.Бәйге

ІІ кезең.Тіл өнері

ІІІ кезең. Егерде мен

ІҮ кезең. Ғажайып үштік

Ү кезең Жорға

ҮІ кезең. Бейнет түбі -зейнет.

Енді бүгін ойынымызға әділ баға беріп отыратын әділ - қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік (әділ-қазылар мүшелерімен таныстырылады)

1.Оқу және тәрбие ісі жөніндегі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары-Сүмесін Айнагүл

2.

3.

4.


І «Бәйге». Бұл кезеңнің шарты мынандай : мұнда 14 сұрақ қойылады. Алдыңғы белгіні бірінші көтеріп үлгерген ойыншы жауап беру құқығына ие болса, сол ойыншыға 10 ұпай беріледі.

1. Жер шарын бірінші айналып өткен саяхатшы. (Ф. Магеллан)

2. Қайта қалпына келетін табиғат ресурсы. (Биологиялық)

3. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады. (Силикаттар)

4. Ең ауыр металл. (Осмий)

5. «Сөз жүректен шығады» сөзінің авторы. (Абай)

6. Рефлекс құбылысын зерттеген ғалым. (И.П.Павлов)

7. Ең терең шұңғыма. (Мариан шұңғымасы, Тынық мұхиты)

8. Қарағанды көмірін ең алғаш тапқан адам. (Ә. Байжанов)

9. Сұйық металл. (Сынап)

10. Ит мысықты неге тістейді. (Аузындағы қышқылын кетіру үшін)

11. Қанның құрамындағы элемент. (Ғе)

12. Денесінді қышқылы бар жәндік. (Құмырсқа)

ІІ «Тіл өнері». Шарты: Әр түрлі мақал-мәтелдерден, ақын ғұламалардың сөздерінен, жұмбақтардан 8 сұрақ оқылады. Арасында қалдырылған сөздерді орыс және ағылшын тілдеріне аударасыздар. Тек бір тілге аударған ойыншы -10 ұпай, екі тілге - 20 ұпай алады. Жауаптарды қағаздарға жазады.

1. Аузы жаман елді былғайды,

...... жаман төрді былғайды . (аяқ, нога, leg)

2 Өзім газбын, менімен демаласың,

Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (оттек, кислород,оксигениум)

3.Құлагер , шешең сұңқар, әкең тұлпар,

Соғып ең дөненіңде ......... арқар. (сегіз, восемь, eight)

4 Өзі жылтыр күмістей,

Жұмсақтығы тағы бар,

Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері табылар. (алюминий, алюминий, алюминиум)

5.Малды ауылды торыған,

Малшы малын қорыған.

Құйрығын жымып жорытқан,

Аңшыдан қатты қорыққан. (қасқыр, волк, wolf)

6.Тоқыған ауы, шыбын - шіркейдің жауы. (өрмекші, паук,spider)

7.Өзі ауыр металға жатады,

Балалар осы металл құйған сақамен атады. (қорғасын, свинец,

плюмбум)

8.Ауыз жесе ............ ұялар. (көз, глаза, eya)

ІІІ «Егерде мен...» Халыққа атағы кең жайылған Балаби қартайған шағында халқын жиып: Жерден ауыр не?

Судан терең не?

Оттан ыстық не?

Көктен биік не? - деп 4 сұрақ берген екен. Ешкім бүл сұрақтарға жауап таппаған. Сонда Балаби өз сұрақтарына өзі жауап береді.

Балабидің орнында сіздер не айтар едіңіздер?

Жауабы. Жерден ауыр - ақыл, білім.

Судан терең - оқу, ғылым

Оттан ыстық - фәни жалған, адам өмірі

Көктен биік - тәкаппардың көңілі - деп жауап берген екен.

(Толық жауап бермеген ойыншы ойыннан шығады)


ІҮ «Ғажайып үштік» Бұл бөлімде оқушылар қосымша мүмкіндік ала алады. Алған жағдайда ұпайдың жартысына ғана ие болады.

Тамаша табиғат

2

4

6

Ғажайып химия әлемі

2

4

6

Ақпараттық технология

2

4

6


Тамаша табиғат.

(2 ұпай) Ұшып келе жатып жеміне төмен қарай самғаған кезде сағатына 300 шақырым, одан да көп жылдамдықпен зулайды. (қосымша көмек. Ол құстардың ішіндегі ұшу шапшаңдығы жөнінен «ең рекордшы құс» атағына ие болған)

Жауабы: Сұңқар.

(4 ұпай) Оның биіктігі 2,5 м, салмағы 120 кг. Олардың жұмыртқасы да өте ірі. Ол сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүгіреді. (қосымша көмек. Ол Африкада мекендейді ). Жауабы : Страус.

(6 ұпай) Оның ұзындығы 30 м , салмағы 150000 кг . Оны тіпті 5 қабат үймен салыстыруға болады. (қосымша көмек. Ол дүние жүзіндегі ең алып жануар) Көк кит.

Ғажайып химия әлемі.

(2 ұпай) Металдардың ішіндегі ең балқу температурасы жоғарысы. Сондықтан одан қызуы өте жоғары болатын электр шамдарының жіңішке сымдарын жасайды .

Жауабы: Вольфрам.

(4 ұпай) Галогендер деп нені айтамыз. Оған қандай элементтер жатады.

Жауабы : Фтор, хлор, бром, йод.

(6 ұпай) Неліктен темір аспан тасы деп аталған. Жауабы : Себебі, метеориттің құрамында темір бар.

Ақпараттық технология

(2 ұпай) Төрт бөліктен тұратын , компьютердің негізгі құрылғыларына жататын құрылғы. (қосымша көмек. Ақпарат енгізу және оның жұмысын басқаратын құрылғы)

Жауабы: Пернетақта.

(4 ұпай) Ағымды желіге байланыс құралы арқылы компьютерлерді жалғауға арналған құрылғы . (қосымша көмек. Ол интернетке шығу үшін керек) Жауабы : Модем.

(6 ұпай) Қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқа да мәліметтер жиынтығы.(қосымша көмек.Оның жиі кездесетін zip.rar деген типтері бар)

Жауабы : Мұрағат.

Ү «Лездеме сұрақтар» Бірінші жағы оқылады, екінші жағын оқушы лезде айту қажет.

А - нұсқасы Ә - нұсқасы

1. Ақ тұңғиық - гүл 1. Анхель - сарқырама

2. Гренландия - арал 2. Африка - материк

3. Мариан - шұңғыма 3. Анд - тау

4. Х. Колумб - саяхатшы 4. Чад - көл

5. Ганг - өзен 5. Кірпікшелі кебісше - жәндік

6. Аустралия - материк 6. Амазонка - өзен

7.Мұхит суында кездесетін 7. Химияның арнайы бөлігін

элемент-марганец құрайтын элемент-көміртек

8. Греция - мемелекет 8. Ереван - астана

9. Беринг - бұғаз 9. Гибралтар - бұғаз

10. Керік - жануар 10. Кенгуру - жануар

ҮІ «Бейнет түбі - зейнет» Бағалау бөлімі. Сұрақтарға үнемі қатысып жауап беріп отырған оқушылар бағаланады.



© 2010-2022