Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қаракөл орта мектебі












Ашық сабақ


Тақырыбы: Өрмекшілер класы. Өрмекші тәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Шаршы өрмекші. Сыртқы құрылысы. Тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез-құлығы

Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Биология пәні

7 «а» сынып

Биология пәнінің мұғалімі: Д.Искендирова






2015 жыл

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі Г.Умирзакова

7 сынып

Биология

25.12.2015 ж

Сабақтың тақырыбы

Өрмекшілер класы. Өрмекші тәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Шаршы өрмекші. Сыртқы құрылысы. Тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез-құлығы.

Сілтеме,

көрнектіліктер

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Биология оқыту әдістемесі. 7 сынып
3. 7- сыныпқа арналған биология оқулығы. Қ.Қайым,
Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов,Ж.Қожантаева.
4. 4. Биология пәні бойынша дидактикалық материалдар

Жалпы

мақсаты

Өрмекшітәрізділер класына жалпы сипаттама бере отырып, өрмекші тәрізділерге жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктеріне, олардың көптүрлілігіне, сыртқы құрылысы мен тіршілік ортасына, тіршілік ету дағдыларына тоқсталып, түсінік беру

Міндеттері

Оқушылар өз бетінше ойланады, проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі дамиды, мәтінге талдау жасауды үйренеді, белсенді тыңдайды, сұрақ қоюға дағдыланады, ауызекі сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Күтілетін нәтиже

  1. Өрмекшітәріздестер класымен жан-жақты танысады.

  2. Шаршылы өрмекшінің тіршілігі, сыртқы құрылысы, қоректенуі, тыныс алу мүшелері, қанайналымы, зәршығаруы, көбеюімен танысады және өздіктерінен сипаттама бере алады.

Негізгі идеялар:

Алған білімдерін өмірде қолдана алуына жағдай жасау, ойлау дағдыларын арттыру.

Тапсырмалар

А) Үй жұмысы: «Ғажайып алаң» ойыны

В) Жаңа сабақты меңгерту: Топтық жұмыс

С) Бекіту: «Қораптағы тапсырмалар»

Д) Қорытындылау: өтілген тақырып бойынша ой-толғаныс, рефлексия алу;

Е) Үйге тапсырма: тақырыпты оқу

Ресустар

1.Интербелсенді тақта. 2.Электронды оқулық. 3.Плакаттар мен суреттер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

I.Ұйымдастыру

3 минут

1.Оқушылармен сәлемдесу,

Түгелдеу.

2.Топқа бөлу

3.«Жүрек жылуы» тренингін өткізу

1-топ:Шаянтәрізділер
2-топ: Өрмекшітәрізділер
3-топ: Бунақденелілер

3.Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсыну

1.Мұғаліммен

сәлемдесу.

2.Оқушылар құрылымдалған топқа бөлініп отырады.

3.«Жүрек жылуы» тренигін жасайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

8 минут

«Ғажайып алаң» ойыны

Сұрақтары:

1.Шаянтәрізділер қайда тіршілік етеді? суда

2.Асшаян, өзен шаяны, таңғышаянның дене бөліктері? Денесі 2 бөліктен тұрады:

баскөкірек, құрсақ

3.Хитинді жабын қандай қызмет атқарады? Хитинді жабын жәндіктің ішкі

мүшелерін зақымданудан қорғайды.

4.Шаянтәрізділердің қанша түрі бар? 25 мыңнан астам түрі бар

5.Планктон дегеніміз не? Су бетінде қалқып жүретін ұсақ ағзалар

6.Шаянтәрізділер немен зәр шығарады? Екі жасыл без

7.Шаянтәрізділердің тыныс алу жүйесі? Желбезек

8.Шаянтәрізділердің қан айналымы? Ашық

Оқушылар ғажайып ойынын ойнап, сұрақтарға жауап береді.

III.Жаңа сабақты игеру кезеңі

10 минут

Ұзын-ұзын ұзардай,

Ұзыннан аққан сулардай.

Ағаш атқа мінгізіп,

Ұзартып қойған мұнардай.

(Өрмекші)

Өрмекшітәріздестер туралы интерактивті тақта арқылы қысқаша түсіндіру

1 топ. Өрмекшітәріздестер. Шаршылы өрмекшінің тіршілігі және сыртқы құрылысы

2 топ. Қоректенуі, тыныс алуы

3 топ. Қан айналымы, зәршығаруы, жүйке жүйесі, көбеюі

Оқушылар ойлану

арқылы жұмбақты шешеді, жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.





Мұғалім түсіндірмесінен кейін оқулықтағы тақырыппен танысады, топта талдайды, постер дайындап, қорғайды.

Сыни тұрғы-сынан

ойлау

IV.Түсінгенін тексеру кезеңі

10 минут

Тапсырма: «Қораптағы тапсырмалар»

«Салыстырмалы кесте» Биологиялық диктант

Тест жұмысы

Сабаққа қатыспай отырған оқушыларға қосымша тапсырма беру

Терминмен жұмыс

Арахнология - өрмекшілерді зерттейтін ғылым

Күйісаяқ- өрмекшітәрізділердің І-ші жұп аяғы қысқышпен, iлмекпен

аяқталатын бөлік

(хелицера)

Тұтқы аяқ -өрмекшітәрізділердің ІІ-ші жұп аяғы сезу және қармалау қызметтерін атқаратын бөлік

Демтүтік - тынысалу мүшесі. Мальпигий - зәр шығару түтігі.

Акарология- кенені зерттейтін ғылым.

Әр топтың топ басшылары келіп қораптан тапсырма таңдап алады да топ болып орындайды.

Әр топ өздері таңдап алған тапсырмаларын орынайды.

Сабаққа қатыспай отырған оқушылар қосымша тапсырма орындайды.

Бірлес-

кен

топтық жұмыс

V.Қорытынды (рефлексия)

7 минут

Тақырыптық түйінді сөздер

Келтірілген сөздердің қайсысы жатады?

«Сөздер банкісі», «Біздің тақырып» 2 банка қойылған. Бірінші банкада тақырыппен бірге оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы жоқ сөздер салынған.

Рефлексия

Биология пәнінен сабақ жоспары 7 сынып

Оқушылар сөздер банкасынан бір-бірден сөздер таңдап алып, тақырыпқа қатысы бар сөзді біздің тақырып банкасына салады.

Оқушылар бүгінгі сабаққа рефлексия жасайды.

Рефлек-

сия

VI.Бағалау

3 минут

Оқушыларды өзін-өзін бағалату және тасбақа, машина, ұшақ арқылы мұғалімнің бағалауы

Оқушылар бағалау парақшасына өздерін бағалайды.

Өзін-

өзі баға-лайды.

VII.Үйге тапсырма беру.

2 минут

Тақырыпты оқу,

тест құрастыру, сурет салу,

кене, қыршаян, қарақұрт

туралы материалдар жинау

Тақырыпты оқу,

тест құрастыру, сурет салу, кене, қыршаян, қарақұрт туралы материалдар жинау










© 2010-2022