Конспект Жүректің қан айналым жүйесі

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 25,11,2015

Сыныбы: 8 «а»

Сабақтың тақырыбы:

Жүрек қан тамырлар жүйесі.

Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері

Мақсаты:

Оқушыларға қан тамырларының түрлері мен олардың ерекшекліктері, үлкен және кіші қанайналым шеңберлері мен олардың маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың қанайналым жүйесі туралы білімдерін толықтыру, дүниетанымдығын арттыру..Оқушылардың тіл байлығын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

  • Оқушылар қаңқа құрылысын зерттеп білудің маңыздылығын түйсінеді;

  • Курстың мақсаты мен бағдарлама құрылымымен танысады;

  • Өз бетімен және топтық жұмыс арқылы сыни ойлауға дағдыланады.

  • Шығармашылық ізденіске талпынады.

Әдіс-тәсілдер:

диалогтық оқыту, әдісі бойынша топтық жұмыс, сыни ойлау, жеке шығармашылық жұмыс, мәтінмен, ақпарат құралдарымен жұмыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру:

Оқушылардың қатысын тексеру.

«жүрек» құрылысы бойынша оқушыларды топқа бөлу:

стикерлер таратылады. Оқушылар ішінен өзіне ұнағанын таңдап алады. Бірдей түстілері бар оқушылар бір топқа біріктіріледі.

Оқушылар таңдаған суреттер бойынша топқа бірігеді.

Жүрек туралы видео


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1 топқа: Жүрек.

1. Ішкі ортаға не жатады: қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа

2. Қанның мөлшері қанша: 4,5-5 л

3. Қан пластинкасы қалай аталады: тромбоцит

4. Гемоглобин не: қанның қызыл пигменті

5. Эритроциттің диаметрі: 7,5 мкм

6. Плазма нәруызы қаншаға бөлінеді3

7. Фагозитоз қандай процесс: бөгде бөлшектерді сіңіру, қорыту

8. Лейкоцит қызметін ашқан ғалым: Мечников

9. Лимфа латынша: таза су, ылғалТаза су, ылғал

10. Ұлпа сұйықтығы мөлшері: 14-20 л

11. Эритроциттің тіршілік ұзақтығы120 күн

12Лимфа диаметрі:5-6.5 мкм

13Кемік май түрлері:түтікті жалпақ, қысқа сүйектер

14. 1 қантоп реципиенті:барлық топтар

2 топқа: Артериялар

1. АИВ адам иммунитет тапшылығы вирусы

2. Қанның түссіз жасушалары: лейкоцит

3. Қанды қабылдайтын адам: реципиент

4. Егу арқылы қабылданатын иммунитет: жасанды

5. Қан ұйымайтын ауру: гемофилия

6. Қан ұю ұзақтығы: 4-5 мин

7. Қанның қызыл пигемнті: гемоглобин

8. Қан ұюына қатысатын жасуша: тромбоцит

9.Бөгде бөлшектерді сіңіру процесі: фагоцитоз

10. Тұқымқуалайтын иммунитет: табиғи

11. Мөлдір сұйықтық:лимфа

12Гемофилия қандай ауру:қан ұйымауы

13Ішкі ортаға не жатады:қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы

3топқа Капиллярлар

1. Адам лимфа түйіндерінің саны: 460

2. Лейкоциттің қызметі: фогоцитоз

3. Қан глюкозасы қызметі: жасушаның энергия көзі

4. Ядросыз қан жасушасы: эритроцит

5. Плазма нәруызы қанша топ: 3

6. Тромбоцит қызметі: қан ұю

7. Рентген сәулесінен лимфоциттер: жойылады

8. Плазма нәруыздарын ата: альбумин глобулин фибриноген

9. Тромбоциттің тіршілік ұзақтығы: 7-10 күн

10. Лимфа түйіндерінің түсі: қызғылт-сұр

11. Ағзаның қорғану реакциясы:иммунитет

12. Лейкоцит тіршілігі:2-5 тәулік

13. Қан плазмасының мөлшері:55

тест 1-нұсқа

1. Қанның ядросыз қызыл түйіршіктері қалай аталады?

А) лейкоциттер ә) эритроциттер б)тромбоциттер в)лимфоциттер

2. Қан ұйымайтын ауру қалай аталады? А) қаназдық ә) анемия б) гемофилия в) дистрофия

3. Эритроциттердің 1мм³ қан көлеміндегі мөлшері

А) 4,5-5млн ә) 250-400мың б) 6-9млн в) 0,9%

4.Тромбоциттер өзінен қандай заттарды бөліп шығарады?

А) протромбин ә) фибрин б) гемоглобин в) серотонин

5. Жүректің ішкі жағын астрлайды........

А) эндокард ә) эпикард б) миокард в) перикард

6. Қан беруші адам..........

А) реципиент ә) донор б) пациент в) гипоксия

7. Фагоцитоз құбылысын зерттеген ғалым

А)Э.Геккель ә) Сеченов б) Мечников в) Павлов

8. Ересек адамның жүрегінің салмағы қанша?

А) 300гр ә) 500гр б) 200гр в)1500гр

9. Жүректі емдейтін маман дәрігер

А) эндокринолог ә) лор б) кардиолог в) терапевт

10. Ірі ядроды қан клеткалары бар қан жасушалары

А) эритроциттер ә) тромбоциттер б) лимфоциттер в) лейкоциттер

ІІ нұсқа

1. Организмде зат алмасуды қамтамасыз ететін қан тамырлары жүйесінде қанның үнемі айналыста болып тұруын... ......... д.а.

а) қанайналым ә) зәршығару б) тынысалу в) көбею

2. Жүректің бұлшық етінің жиырылып, босаңсуы...........д.а.

А) босаңсу ә) жиырылу б) ырғақтылық в) қанайналым

3. Ересек адамның жүрегінің салмағы неше грамм?

А) 200гр ә(500гр б) 1500гр в) 300гр

4. Жүректің жұмысын зерттейтін ғылым

А) эндокринология ә) кардиология б) терапия в)онкология

5. Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты

А) эпикард ә) миокард б) эндокард в) педикард

6. Адам ағзасында неше литр қан болады?

А) 4,5-5л ә) 5-6л б) 6-7л в) 7 -8л

7. IV топтың қанын қандай топқа құяды?

А) І-ІІ ә) ІІ-ІІІ б) І-ІІІ в) ІV

8. Қанда протромбин ақуызының түзілуіне әсер ететін дәрумен

А) А ә) Д б) К в) С

9. Ағзаның қорғаныштық қаситке ие болуы

А) иммунитет ә) фагоцит б) лимфоцит в) гемоглобин

10. Қанды қабылдаушы адам

А) донор ә) реципиент б) иммунитет в) фагоцитоз

Тест жауаптары:

І нұсқа ІІ нұсқа

1-ә 1-а

2-б 2-б

3-а 3-в

4-в 4-ә

5-а 5-ә

6-ә 6-а

7-б 7-в

8-а 8-б

9-б 9-а

10-в 10-ә

1 …дегеніміз-жүректің өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылу қабілеті.

А.Жүрек циклі Б.иммунитет В.Лимфа
2 Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең… деп аталады.

А.Тироксин Б.Адреналин В.Фагоцитоз
3 Жүректің жұмысын бүйрек үсті безінің гармоны-- … күшейтеді

А.. 0,1 сек Б. 0,3 сек В.0,8 сек
4 Жүрекшенің жиырылуы… созылады.

А.0,1 Б.0,3 сек В.0,4
5 Қарыншаның жиырылуы …созылады.

А.Жүрек циклі В.Жүрек автоматизмі
6 Жүректің бір ретсоғуына барлығы …уақыт керек.

А.70-75 Б.81-85 В.80-85
7 Жүрек қалыпты жағдайда минутына …рет соғады.

А.0,3 Б.0,8 сек В.0,1
8 Жүрек жұмысына қалқанша без гармоны …де әсер етеді.

А. Симпатикалық В.Парасимпатикалық
9 ….жүйкелер жиілікті жылдамдатып,жүрек бұлшық етінің жиырылу күшін арттырады.

А.Адреналин Б.Иммунитет В. Тироксин
10 Қанның құрамындағы тұздар…жүрек жұмысын баяулатса ,…күшейтеді.

А.Калий,кальций Б.калий,темір В.көміртегі.кальций

1.А 2.Б 3.А 4.Б 5.В 6.А 7.Б 8А 9.В 10.А

Жаңа тақырып бойынша іскерлік білік- дағдыларын дамыту:

Жаңа тақырыпқа байланысты презентациялар көмегімен дәріс түрінде оқушыларға қысқаша мағлұмат беріледі:

Дәрісті мұқият тыңдайды.

  • Мәліметтерді талдауға қатысады.

тақырыптық презентациялар

1. Соғады күні - түні алмай тыным.
Құлайды ол тоқтаса таудай тілің Жұмбақтар

1. Жанды мотор сынбайды

Күні-түні тынбайды

Кейде оның жүрісін

Дәрігерлер тыңдайды.

2. Тарам-тарам бір ғалам

Айқыш-ұйқыш шырғалаң

Толған ағыс тоқтаса,

Жоғалады бірге адам

«Ақша жоғалтсаң - ешеңе де жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң көп нәрсені жоғалтқаның, денсаулығыңды жоғалтсаң - бәрін жоғалтқаның» - демекші оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайды қарамауын, бірінші байлық - денсаулық екендігі туралы терең түсінік берілді.
Қосымша деректер: а) Қан топтары. Қан мен мінез. Адам қанының тобына байланысты мінезін анықтау.
Бірінші топ - қаны бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл - сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.
Екінші топ - сезімтал, сәл нәрседен көңілің қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне - өзі талап қойғыш, өз іс - әрекеттерін мұқият бақылап отырады.
Үшінші топ - секемшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жәйтті тез есінен шығарады.
Төртінші топ - көздеген мақсатына жетуге жан - тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз әрі табансыз.
б) Қан туралы ертедегі түсінік.
Адамдар көптеген уақыттар бойы қанды құдіретті, қасиетті күш ретінде таныды. Қанмен бір - біріне адал анттарын берісті. Қазақта «қан жылап тұрып айтты» деген сөз бар, бұл да қанның құдіретіне байланысты айтылған сөз қолданысты. Ежелгі гректерде құдайларына құрбандыққа қан апаратын дәстүр болған. Гректер қанды «жан» тасымалдаушы ретінде таныды. Гиппократ жүйке ауруына шалдыққандарға дені сау адамдардың қанын ем ретінде ішуді ұсынған. Ол дені сау адамдардың қаны таза болады деп есептеген.
Қанды ертеректе дәрілік сусындар қатарына жатқызып келді. Ержүрек және ақкөңіл адамдардың қандарын құю адамдарды ұлы батыр қылады деген теріс пікірде болған. Мысалы, Рим папасы Иннокентий VIII қартайған кезінде үш жас өспірімнің қанын өзіне құюды бұйырған, соңы өкінішке ұрындырып, Рим папасы да, жас өспірімдер де өлген. Ал Франция ханшайымы Мария Медичи (XVII ғ.) кәрілікке қарсы қан ішіп отырған, бірақ одан оған ешқандай ем қонбаған. Адамдар қан айналым және жүрек қағысы туралы білсе де, оның себебін түсіндіре алмады. Аристотельдің бұдан 2300 жыл бұрын «Қан мен жылу жүректе түзіледі» деген оғаш пікірі ғылымда XX ғасырдай дұрыс делініп келді. Мигулэю Сервет Везалий еңбектерінің негізінде кіші қанайналым жолын 1553 жылы ашты. Уильям Гарвей 1628 жылы «Жануарлар қаны мен жүрек қозғалысына анатомиялық зерттеу» еңбегінде қанайналымды толық түсіндіріп берді.

А)Қанайналымның үлкен шеңбері

Сол жақ жүрекшеден артерия қаны-сол жақ қарынша-қолқа-барлық мүшелер мен ұлпалар- жүрекке бағытталады.

Қанның сол жақ қарыншадан барлық мүшелер мен ұлпаларға, оң жақ жүрекшеге қозғалуы қанайналымның үлкен шеңбері деп аталады.

Б)Қанайналымның кіші шеңбері

Оң жақ жүрекшеден вена қаны -оң жақ қарыншаға-өкпе артериясы-өкпе капилляры- өкпе венасы-сол жақ жүрекше.

Қанайналымның кіші шеңберінің артериясында вена қаны,венада артерия қаны ағады.

Қанның оң жақ қарыншадан өкпеге,одан сол жақ жүрекшеге қозғалуы өкпе немесе қанайналымның кіші шеңбері деп аталады.

Кім жылдам?

Адамда жалпы қанша капилярлар бар?

2 млрд

Артериола капилярлар айналуы үшін диаметри қанша мкмга жетуі керек?

100 мкм

Капиляр арнасы қанша мкм құрайды?

4-20

Артериялардың ең ірісі қалай аталады?

Қолқа (аорта)

Жүректің ішкі астарлы қабаты

эндокард

Капилярлардың веналық ұшы не түзеді?

Венула

Биологиялық диктант

1. Қанның тұйық жүрек қан тамырлары жүйесі бойынша үздіксіз қозғалуы ................ (қан айналым) деп аталады.

2. Жүрек сұйықтықтың аздаған мөлшері бар .................( жүрек қабында) орналасқан.

3. Жүрек қабырғасының негізгі бөлігін ................ (бұлшықет қабаты) құрайды.

4. Артерия қабырғасы ........(қалың), иілгіш және ............болып келеді.

5. Жүрек ..............(тұтас қалқа) арқылы оң және сол жақ бөлікке бөлінеді.

Эссе жазу. «Жүрек- жан жылуы».

Операциялық-орындаушылық кезең

  1. Оқушыларға топ бойынша үй жұмыстарын қорғауға мүмкіндік береді.

  1. Жеке жұмысқа арналған тапсырма :

сұрақтар бойынша тест тапсырмалары беріледі

  1. .

  1. Тест тапсырмаларына жауап береді.

  1. Бірін-бірі тексереді

Оқушылардың презентац иялары, фотосуреттер.

Тест тапсырмалары

Рефлексиялық-бағалау кезеңі:

сәтті,сәтсіз тұстарым

- түсінген жоқпын;

- әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

- барлығы түсінікті.

Оқушылар рефлексия


Үйге тапсырма беру:

Келесі сабаққа қажетті дайындап келуді тапсыру.

Интернет және қосымша әдебиеттер көмегімен суреттер, мәліметтер жинайды. Презентациялар дайындайды.

Мультимедиялық құрылғы

Конспект Жүректің қан айналым жүйесіКонспект Жүректің қан айналым жүйесіКонспект Жүректің қан айналым жүйесіКонспект Жүректің қан айналым жүйесіКонспект Жүректің қан айналым жүйесі

© 2010-2022