Сабақ жоспар: Есту мүшесі және оның құрылысы

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесі және оның құрылысы

Сабақтың мақсаты Есту мүшесі құлақтың маңызы, қызметі және құрылысы жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: саралап деңгейлеп оқыту, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: деңгей бойынша карточкалар, мультимедиялық жабдық.

Пән аралық байланыс: тарих, психология.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құрал-жабдықтарын, сынып оқушыларын түгелдеу.

ІІ. Психологиялық дайындық. - әуен тындау

III. Жаңа сабақ. Есту мүшесі және оның құрылысы

Кластер

Бізді қоршаған орта түрлі дыбыстарға толы. Құстардың үні, жапырақтың, судың сылдыры, адамдардың дауысы, ән - бұлардың барлығы дыбыс болып саналады. Адам бұлардың барлығын естиді. Есту мүшесі адамға осы дыбыстарды естіп, оларды бір-бірінен айыруға көмектеседі. Есту қабілеті арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі, информация алады, оқиды. Есту еңбек етуде маңызы зор.

Есту мүшесі бұл - құлақ. Есту мүшесі 3 бөліктен тұрады

3 топқа бөлу - жаңа тақырыпты постер қоғау арқылы тусіну

1 топ - құлақ құрылысы

2 топ- құлақтың қызметі

3 топ- құлақ аурулары мен аурудың себептері

Қазіргі кезде сезім мүшелерінің кемістіктері жиі кездеседі. Бірақта орын басу процесі жүреді. Мысалға: көру қабілеті нашар болатын болса, оның орнына есту, сипап сезу мүшелері қызметін атқарады. Бұл орын басу процесі деп аталады. Сондай адамдардың бірі - Ольга Ивановна Скороходова

Ольга Ивановна Скороходова - 5 жасында менингитпен ауырып, соның салдарынан көзі көрмейді, біртіндеп сол құлағы естуден қалады. Уақыт өте екі құлағынан айрылады. Құлағы естуден қалғаннан кейін сөздік қоры азаяды. Скороходованың өмірінде көз бен құлақ орнына иіс сезу, сипап сезу қызмет атқарады.

Ольга Ивановна Скороходова бірде көрмеге барып, онда А.С.Пушкиннің бейнесін қолымен сипап ұстай отыра оның дұрыс жасалмағандығын айтады

Сөздік жұмыс.

Сырғимақ - сырғаның орны.

Дабыл жарғағы - ортаңғы құлақты сыртқы құлақтан бөліп тұрады.

Иірім түтігі - ұлу тәрізді дене.

Дәптермен жұмыс.

1-2 топ оқушылары арнайы карточкада берілген есту мүшесінің бөлімдерін қысқаша дәптерге жазу қажет.

3-4 топ оқушылары карточкадағы құлақ құрылысының әр бөлімін (сыртқы, ортаңғы, ішкі) үш түрлі түспен ажыратып бояу. Әрине мұғалімнің және мултимедиялық экран көмегіне сүйене отырып.

Сергіту сәті.

Орнымызда отырып:

  • Екі қолымызбен сырғимақты уқалаймыз (10 рет);

  • Екі қолымызбен құлағымызды айналдыра уқалау (10 рет).

Оқушылар біз бұл жаттығуды біріншіден біздің тақырыбымызға, ал екіншіден адам денесіндегі барлық мүшелерге тиісті нүктелердің құлақта орналасуына, сол нүктелерге массаж жасай отырып сол мүшелердің қызметін арттыруымызға болатынына байланысты жаттығуды алып отырмыз. Мысалға құлақты тесудің де белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіні жайлы айта кетуге де болады. Яғни, сырғимақта орналасқан құлақ нүктесін белгілеп, анықтап алу қажет .

Егерде басқа нүктеге түсетін болса, онда ағзада орналасқан басқа мүшелердің қызметіне әсерін тигіуі мүмкін .

Кітаппен жұмыс. Тізбектей оқу.

Әр оқушы өзінің оқыған жолдарына түсінік беріп, мағынасын ашу.?

Мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс.

  1. Адам өміріндегі естудің қандай маңызы бар?

  2. Есту мүшесі қандай бөлімдерден тұрады?

  3. Иірім түтігі неден тұрады?

  4. Біз қалай дыбысты қабылдаймыз?

V. Бекіту. Аквариумдағы алтын балық

VI. Үй тапсырмасы.

VII.Бағалау.

VІІІ. Рефлексия


© 2010-2022