Сабақ жоспарыТүр. Түрдің критерийлері. Популация. (9-класс)

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні________________

Сабақтың тақырыбы: §38. Түр. Түрдің критерийлері. Популация.

№9 зертханалық жұмыс.

Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Түр, түрдің критерийлерімен таныстыру,популацияның анықтамасын түсіндіру арқылы оқушылардың білімдерін арттыру, зертханалық жұмыс жасау арқылы теориялық білімді практикамен ұштастыру.

  2. Оқушылардың бұрын алған білімдерін қорытындылауға және салыстыруға үйрету, пәнге

деген қызығушылығын арттыру, оқулық мәтінімен жұмыс істеу, негізгілерін бөліп көрсету,

алған білімді қисынды негізде қорытуға дағдыландыру.

  1. Биосфералық өзара байланысын түсіну негізінде тірі ағзалардың әр түрлі топтарына

ықыласпен қарауға тәрбиелеу. Ғылыми деректер негізінде материалистік көзқарасты

қалыптастыру ,өз денсаулығына, өзінің оқушылық міндеттеріне сапалы түрде ықыласпен

қарауға мүмкіндік беру.

Көрнекіліктер: карточкалар, тірі ағзалардың суреттері, эволюциялық шежіре, түр

өлшемдерінің сызбасы.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Жұмыс дәптерлерін тексеру.

Биологиялық диктант
Эмбриологиялық дәлелдемелерге арналған биологиялық диктант

● Жануарлардың ұрықтық дамуының ұқсастығы шығу тегінің................. екендігін дәлелдейді.
● Әртүрлі жануарларұрықтарының даму ұқсастығын..................... анықтады.
● Жеке даму кезін.;.................;................ сатысынан өтеді.
● Омыртқалы жануарлардың ұрықтары, ең алғашқы даму сатысында................. бөлімдерінен тұрады.
● Жүйке жүйесі алдымен.............. тәрізді болады.
● Омыртқалылардың ұрығында бәрінен бұрын.................. белгілері қалыптасады.
● Типтенсоң................. белгілері қалыптасады.
● Балықтарда жұп аяқтары.................... айналады.

10. «Бас қатырғылар базары» ойыны.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

А) Тірек-сызбамен жұмыс.

  1. Түр анықтамасы. Түр- сыртқы белгілері мен тіршілік әрекеттерінің үдерістері бойынша ұқсас, біркелкі жағдайларға мұқьаж, белгілі аумақта топтасып-популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен будан түзбейтін дарақтардың тобы.

Сабақ жоспарыТүр. Түрдің критерийлері. Популация.(9-класс)Сабақ жоспарыТүр. Түрдің критерийлері. Популация.(9-класс)Сабақ жоспарыТүр. Түрдің критерийлері. Популация.(9-класс)Сабақ жоспарыТүр. Түрдің критерийлері. Популация.(9-класс)Түр өлшемдері

анатомиялық-морфологиялық физиологиялық-биохимиялық

генетикалық эволюциялық-географиялық

  • Анатомиялық-морфологиялық өлшем.

  • Физиологиялық-биохимиялық өлшем.

  • Генетикалық өлшем.

  • Экологиялық өлшем.

  1. Популяция анықтамасы және сипаттамасы.

Популяция дегеніміз - бір аумақта, таралу аймағының белгілі бөлігінде үнемі еркін шағылысатын және дәл осы түрдің өзге топтарынан азды-көпті оқшауланған дарақтар тобы.

Ә) Топпен жұмыс. Постер құру.

1-топ. Морфологиялық өлшем

2-топ. Физиологиялық өлшем.

3-топ. Генетикалық өлшем

4-топ. Экологиялық өлшем.

ІҮ. №9 зертханалық жұмыс.

Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері.

Ү. Сабақты бекіту.

А) Фронтиальды сұрақтар.

  1. Түр деген не?

  2. Түрдің қандай өлшемдері бар?

  3. Қазіргі кезде қай өлшем негізгі деп есептеледі?

  4. Түрше деген не?

  5. Микроэволюция деген не?

  6. Анатомиялық-морфологиялық өлшем дегеніміз не?

  7. Физиологиялық-биохимиялық өлшем дегеніміз не?

  8. Генетикалық өлшем дегеніміз не?

  9. Эволюциялық-географиялық өлшем дегеніміз не?

  10. Популяция дегеніміз не?

  11. Дарақтар қандай негізгі қағида бойынша бір популяцияға бірігеді?

  12. Популяцияның сипаттамасы қандай?

Ә) Кесте толтыру.


Түр критерилері

сипаттамасы

морфологиялық өлшем

физиологиялық өлшем

генетикалық өлшем

экологиялық өлшем


Б) Жұмыс дәптерін толтыру.

ҮІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

§38 оқу, жұмыс дәптерлерін толтыру, деңгейлік сұрақтарға дайындалу.


© 2010-2022