Семинар сабақ ҰБТ-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс – тәсілдер

Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

ҰБТ-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс - тәсілдер Тәнтану курсы

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың тәнтану курсы бойынша алған білімдерін қайталау, жүйелеу, жинақтау.

Сабақтың жоспары:

І. Тірек сызбамен жұмыс

ІІ. Бәйге (10 ұрақ)

ІІІ. Биологиялық сөздік (қан тарату жүйесі)

ІV. Сәйкестендіру тест(ішкі секреция бездері)

V. Сандар сөйлейді(асқорыту жүйесі)

VІ.Тест жұмысы

VІІ. Жорға

І. Тірек сызбамен жұмыс ( интерактивті тақтада ішкі секреция бездері, асқорыту жүйесі, қан тарату жүйесі, )

ІІ.Бәйге (10 сұрақ)

1.Адам ағзасын зерттейтін ғылым?

2.Цитология нені зерттейді?

3.Денедегі барлық сүйектердің жиынтығы?

4.Маңдай сүйегінің саны?

5.Омыртқа жотасының бөлімдері?

6.Адам қанша жасқа дейін өседі?

7.Сегізкөз омыртқаларының байланысы?

8.Адамдағы бұлшықеттердің саны?

9.Денедегі барлық сүйектердің саны?

10.Кеуде қуысының алдыңғы жағындағы сүйек?

1.Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады?

2.Адреналин гормоны жүректің жиырылуын?

3.Гипотониялық ауруларда қан қысымы ?

4.Тез ашуланғыш, терлегіш ауру

5.Гуморальдық реттелуде негізгі роль атқаратын заттар?

6.Төбе сүйегінің саны?

7.Арқа мен сегізкөз омыртқаларының иілімінің бағыты?

8.Құйымшақ омыртқаларының саны?

9.Адамдағы сүйектердің қозғалмалы байланысы?

10.Қуану мен ренжуді білдіретін бұлшық ет?

1.Арқа омыртқаларының саны?

2.Толарсақтағы ең үлкен сүйек?

3.Мойын омыртқасының саны?

4.Адам денесіндегі буындар саны?

5.Тірек қимыл жүйесін зерттейтін ғылым және дәрігер

6.Гипофиздің зәрдің түзілу жылдамдығын бәсеңдетіп, су алмасуды өзгертетін бөлімі

7.Адиссон ауруының екінші аты

8.Оттегіге қаныққан қан алдымен жүректің қай бөлігіне жеткізіледі?

9.Қарыншаның жиырылу уақыты?

10.Қанайналудың орталық мүшесі

ІІІ. Биологиялық сөздік (қан тарату жүйесі интерактивті тақтада )

Семинар сабақ ҰБТ-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс – тәсілдер

ІV. Сәйкестендіру тест(ішкі секреция бездері жеке жұмыс)

Секрециялық бездер

Гормондар

1

Бүйрек үсті безі

Тироксин

2

Гипофиз

Паратгормон

3

Қалқанша безі

Самотропин

4

Айырша без(тимус)

Адреналин

5

Аталық жыныс без

Тимозин

6

Бүйрек үсті безі милы қабаты

Вазопрессин

7

Аналық жыныс без

Тестостерон

8

Қалқанша маңы без

Инсулин

9

Ұйқы безі

Экстроген

10

Гипофиз

Кортизон

11

Гипофиз алдыңғы бөлігі

Өсу

V. Сандар сыры (асқорыту жүйесі интерактивті тақтада)

Семинар сабақ ҰБТ-ға дайындық барысында биология пәнінен қолданылатын әдіс – тәсілдер

VІ.Тест жұмысы (жеке жұмыс)

VІІ. Жорға

1.Ағзада мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін ... деп аталады Гуморальдық реттелу

2.Ағзадағы ең ірі сүйек Ортан жілік

3.Ағзаның иммундық қасиеті ... гормоны жетіспегенде пайда болады Тимозин

4.Ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы Аралық миға байланысты

5.Ағзаның ішкі ортасы Қан,лимфа,ұлпа сұйықтығы

6.Ағзаның тіршілік процестеріне жұмсалатын қуатты " өндіретін" жасушаның "энергия станциясы" Митахондрия.

7.Ағзаның тітіркендіргішке жүйке жүйесі арқылы қайтаратын жауабы: Рефлекс.

8.Адам «ақшам соқыр» ауруы кезінде Кешкі уақытта заттарды ажырата алмайды

9.Адам 1 минутта неше рет тыныс алып, дем шығарады: 12-18 рет.

10.Адам ағзасына су мен тағамның құрамына йод жетіспегенде Алқым ісу

11.Адам ағзасындағы сүйектердің саны 200

12.Адам ағзасындағы ұлпа ... топқа бөлінеді 4

13.Адам денесін қозғалысқа келтіретін Сүйектер мен бұлшықеттер

14.Адам денесіндегі буындар саны 230.

15.Адам денесіндегі бұлшық еттері ұрық жапырақшасынан қалыптасады Мезодермадан

17.Адам жасушасының плазмалық жарғақшасы ... түзіледі Май мен нәруызды заттан

18.Адам және жануарлар жасушасында тері ауруын қоздыратын паразиттік жәндік: Лейшмания.

19.Адам қаңқасындағы сүйектер саны 200-ден астам

20.Адам мен жануарлардың ішіндегі тіршілік етіп,ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын біржасушалы қарапайым жәндік: Дизентерия амебасы.

21.Адам сыртқы ортада болып жатқан ақпараттардың ... көзбен қабылдайды 80 - 90 % астамын

22.Адамда есту мүшесі қай жерде орналасады Самай сүйегінің қуысында

23.Адамда омыртқалардың саны 33 - 34

24.Адамдағы сезім мүшелері 5 түрлі

25.Адамдардың пайда болу кезеңі Антропоген

26.Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының өкілі: Лейшмания.

27.Адамның аяқ сүйектері Ортан жілік,асықты жілік,табан

28.Адамның бассүйегінің ми бөліміне қай сүйек кірмейді Төменгі жақ сүйегі

29.Адамның дене жасушаларындағы хромосомалар саны 46

30.Аддисон ауруының екінші аты Қола ауруы

Үйге тапсырма: терминдер, тест

© 2010-2022