• Преподавателю
  • Биология
  • Биология пәні бойынша Өсімдік жасушасының құрылысы және химиялық құрамы тақырыбында қысқа мерзімді жоспар

Биология пәні бойынша Өсімдік жасушасының құрылысы және химиялық құрамы тақырыбында қысқа мерзімді жоспар

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Мұғалім: _Тауова Нұрсұлу Раулқызы___ Сынып: _6 "а, б"________

Апта-

Сынып 6"а"

Сынып 6"б"

Күні-

Күні-

-сабақ


Сабақ тақырыбы

Өсімдік жасушасының құрылысы және химиялық құрамы. № 3 зертханалық жұмыс. Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, салыстыру.

Сабақ мақсаты

Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамымен танысу, пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындауға үйрету;

Сілтеме

Бағалау парағы Ғаламтор; биология журналдары

Табыс критерийі

1) Ұлғайтқыш құралдарды , микроскоптың құрылысын білу;

2) Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамын біледі, денешіктерінің атқаратын қызметін айта алу;

3) Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындап, салыстыра алу;

Күтілетін нәтижелер

1. Ұлғайтқыш құралдарды , микроскоптың құрылысын біледі;

2. Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамын біледі, денешіктерінің атқаратын қызметін айта алады;

3. Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындап, салыстыра алады;

Тапсырмалар

Білу. 1 тапсырма: Ұлғайтқыш құралдарды , микроскоптың құрылысы туралы білімдерін зерделеу;

"Сұрақтар жаңбыры" әдісі

Түсіну. 2 тапсырма: Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамын біледі, денешіктерінің атқаратын қызметін үйрету;

" Көршіме айтамын"әдісі

Қолдану. Талдау.

"Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау"әдісі

Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындап, салыстыруға үйрету;

Жинақтау. Бағалау

Жаңа сабақ бойынша бойынша алған білімдерін жинақтау:

Оқулықпен жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалім және оқушы немен айналысады

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Түстер арқылы топқа бөлу; а)Оқушыларға психологиялық көңіл-күй туғызу ә)Топқа бөлу

Түстер арқылы топқа бөлінеді;

ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру

Білу. 1 тапсырма: Ұлғайтқыш құралдарды , микроскоптың құрылысы туралы білімдерін зерделеу;

"Сұрақтар жаңбыры"

әдісі

"Сұрақтар жаңбыры" әдісі бойынша сұрақтар:

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

Жетістік критерий Стикер

ІІІ. Жаңа тақырып

Түсіну. 2 тапсырма: Өсімдік жасушасының құрылысы мен химиялық құрамын біледі, денешіктерінің атқаратын қызметін үйрету;

" Көршіме айтамын"әдісі

1-жұп: Денесі бір ғана жасушадан тұратын (мейлі өсімдік я жануар болсын) ағзаларда әр жасуша өз алдына жеке ағза болып есептеледі. Көп жасушалы ағзадағы бір жасуша ағзаның кішкене бір бөлшегі ғана. Жеке бір жасушаның құрылысы - жасуша қабықшасы, цитоплазма, ядро, пластидтер және вакуоль

2-жұп: Жасуша қабықшасы жасушаның сыртын қаптайды. Ол өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа да қосылыстарда ерімейтін мықты болады. Қабықша - жасунықтан (целлюлоза) тұрады. Қабықшаның өте жұқарған жерін - саңылау деп атайды (саңылау тесік емес, тек салыстырмалы атауы). Саңылау арқылы, біріншіден, бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады. Екіншіден, бір жасушаның цитоплазмасы екінші жасушаның цитоплазмасымен байланысады. Қабықша жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді. Ішкі бөліктерін зақымданудан, кеуіп кетуден қорғайды.

3-жұп: Цитоплазма (грекше «цитос» - жасуша; «плазма» - сұйықтық) - жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат. Цитоплазманың құрамында 60-90% су, 10-20% нәруыз, 2-3% май, 1% бейорганикалық заттар бар. Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер (органоидтар) цитоплазмада орналасады. Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады. Цитоплазмада жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады. Ол үздіксіз қозғалыста болады.

4-жұп:Ядро - цитоплазмаға қарағанда тығыз әрі сыртында 2 қабат қабықшасы бар. Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады. Жасуша қабықшасындағыдай ядро қабықшасында да өте жұқарған (саңылау) жерлері көп. Саңылаулары арқылы цитоплазма сұйықтығымен өзара ұдайы байланысып зат алмасады. Әрбір тірі жасушаның тіршілігі ядро мен цитоплазманың тіршілік әрекетіне байланысты. Ядро жасушаның көбеюіне қатысады.

5-жұп: Пластидтер - тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. Бұлар бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер - хлоропластар, хромопластар, лейкопластар деп 3-ке бөлінеді.

6-жұп: Хлоропластар өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктің барлық жасыл мүшелерінде кездеседі. Хлоропласта жасыл пигмент - хлорофилл бар. Органикалық зат түзуге қатысады.

7- жұп: Хромопластар гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, жемтамырларға қызыл, сары түс береді.

8- жұп: Лейкопластар - өсімдіктің тұқымында, тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер. Олар өсімдікте қоректік қор жинауға қатысады.

9- жұп: Вакуоль - цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынғатолы болатын бөлігі. Жасуша шырынының жиналуына байланысты біртіндеп пайда болады. Шырынның құрамындағы органикалық қышқылдар, витаминдер, тұздар жасушаның қоректенуіне жұмсалады. Вакуоль жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді. Егер қысым өзгерсе, өсімдік қурап қалады. Вакуоль сулы ортаны қалыптастырады. Ол улы заттарды ыдыратады.

Өзін-өзі бағалау

Шығармашылық жұмыс

Қолдану. Талдау.

"Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау"әдісі

Пияз қабықшасының өңі мен бөлме өсімдіктерінің жапырағының препаратын дайындап, салыстыруға үйрету;

"Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау"әдісі бойынша жұмыстар:

1-топқа:

1-сурет. Пияз өңі жасушасының құрылысы

Биология пәні бойынша Өсімдік жасушасының құрылысы және химиялық құрамы тақырыбында қысқа мерзімді жоспар

1. Ядро; 2. Пластидтер; 3. Вакуоль; 4. Сыртқы қалың қабықша; 5.Ішкі жұқа қабықша; 6. Цитоплазма.

2- топқа:

2-сурет. Пластидтері (хлоропластары) бар жасушаның құрылысы.

Биология пәні бойынша Өсімдік жасушасының құрылысы және химиялық құрамы тақырыбында қысқа мерзімді жоспар

Жасуша пішіндері

Биология пәні бойынша Өсімдік жасушасының құрылысы және химиялық құрамы тақырыбында қысқа мерзімді жоспар

"2 жұлдыз, 1 тілек"

бетшесі

Жинақтау. Бағалау

Жаңа сабақ бойынша бойынша алған білімдерін жинақтау:

Оқулықпен жұмыс

Конспект сұрақтар

Бір жасуша мен екінші жасуша арасында өзара су, газ, зат алмасады:

Бактериялар мен саңырауқұлақтарда болмайды:

Гүл күлтелеріне, күзгі жапырақтарға, піскен жемістерге, қызыл сары түс береді:

Жасунықтан (целлюлоза) тұрады:

Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейді:

Жасушада жүретін барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысады:

Жасушадағы зат алмасудың көпшілігі жүзеге асады:

Жасушаның көбеюіне қатысады:

Жасушаның тіршілігіне қажетті денешіктер:

Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат:

Лейкопластар:

Саңылау:

Сулы ортаны қалыптастырып, улы заттарды ыдыратады:

Сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын жасуша бөлігі:

Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер:

Хлоропласта жасыл пигмент -

Хлоропластар:

Цитоплазма:

Цитоплазманың ішінен пішіні өте анық байқалады:

Цитоплазманың құрамында:

Қабықшаның өте жұқарған жері:

Әрбір тірі жасушаның тіршілігі:

Өсімдіктің тамырында, түйнегінде кездесетін түссіз, ұсақ денешіктер:

Өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқа қосылыстарда ерімейтін жасушаның сырты:

Топты бағалау

Жиынтық бағалау

Дерек көздер және жабдықтар

Флипчарт, қағаздар, стикер

Кейінгі тапсырма мен портфолио деректері

Кейінгі оқу

Биология-Қазақстан мектептерінде;

Биологя анықтамалығы;

Үй тапсырмасы. §4 оқып, 5-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.

Сабақты талдау

Топта, жұпта , жеке жұмыс бойынша талдау;

Сабақты бағалау

Мұғалімнің оқушыларды бағалауы

Оқушылардың табыс критерийлері бойынша өздерін және баяндамашыны бағалауы, топтардың бірін- бірі және тапсырмаға сәйкес түсінгендерін бағалауы;

Сабақ бойынша өзгертулер







© 2010-2022