Сабақ жоспары Вирус

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шахтинск қаласы №16 лицей-мектебі

Қарағанды Сабақ жоспары Вирус

Шахтинск қаласы

№16 лицей-мектебі

Биолгия пән мұғалімі

Нурпеисова Кунсулу Алимовна

Санаты: 1




1-сабақ «Вирус» тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары 6-сынып

Сабақтың мақсаты: вирустардың құрылысын, қасиеттерін және тіршілік ету ерекшеліктерін анықтау.

Міндеттері:

Білім беру:

  • Оқушыларды вирустың ашылу тарихымен таныстыру;

  • Вирустың құрылысын, жіктелуін үйрету;

  • Тіршілік ерекшеліктерін және маңызын таныстыру;

  • Тарататын ауру түрлерімен таныстырып, олардан сақтану жолдарын қарастыру.

Дамыту:

  • Оқушыларды оқулықтармен және компьютер құралдарымен жұмыс жасауды қалыптастыру;

  • Топпен жұмыс жасауды жалғастыру;

  • Жаңа терминдер арқылы ой өрістерін дамыту;

  • Сын тұрғысынан ойлану арқылы салыстыруға, мазмұндауға, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Тәрбиелік:

  • Өз денсаулықтарына ұқыптылықпен қарауға жағдай жасау;

  • Вирус арқылы таралатын аурулардан сақтану үшін денсаулық мәдениетін қалыптастыру;

  • Өз пікірлерін еркін жеткізуге мүмкіндік туғызу.

Сабақ әдісі: жаңа тақырыпты меңгеру

Оқыту технологиясы: АКТ - технология,

Тірек түсініктер: вирус, вирусология, генетикалық материалдар, бактериофаг, ИТИС, оба, сіріспе,топалаң т.б..

Құрал жабдықтар: оқулық, дәптер.

САБАҚ БАРЫСЫ

I. Оргмомент (30 сек). Амандасу, оқушының сабаққа дайындықтарын анықтап, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

II. Үй жұмысын қайталау (3 мин)

Оқушылар сұраққа жауап береді (слайд 2):

  1. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың айырмашылықтарын ата?

  2. Тірі ағзалардың қандай қасиеттері бар?

  3. Әр бір тірі ағзалардың ең ұсақ өлшем бірлігі?

  4. Жасушаларды зерттейтін ғылым саласы?

  5. Барлық тірі ағзалар жасуша санына байланысты қандай топтарға бөлінеді?

  6. Өсімдік жасушасының органоидтарын атап, сипаттама беріңдер?

III. Топқа бөлу: 1-топ «Тірі табиғат»

2-топ «Өлі табиғат»

3-топ «Бактериялар»

Бүгінгі сабаққа дайындалған кезде мені мынадай материалдар таң қалдырды

(1-2 мин)

  1. Қазақстанда тұмаудан қайтыс болған адамдар саны

  2. ИТИС-тен қайтыс болған адамдар саны

  3. Басқа да ісік ауруларынан қайтыс болған адамдар саны.

Бүгінгі сабақта біз не туралы айтамыз? Қалай ойлайсыздар неге қазіргі ХХІ ғасырда барлығы дамыған заманда осындай қауіпті ауруларға қарсы тұратын вакциналар жоқ. Мысалы: ЖИТС-тан?

Бүгінгі сабаққа қандай проблемалық сұрақ қоюға болады?

Проблемалық сұрақ: Неліктен ауру тудыратын вирустар мен күрес жүргізу және оларды мүлдем жою өте қиын?

Вирустарға қарсы тұру үшін нені білу керекпіз? Өздерінді вирустардан қорғай алатын адамбыз деп ойланыңыздар, ең бірінші не істейсіздер?

Вирустар туралы қандай білім қажет сіздерге?

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

Вирустардың құрылысын, құрамын, тіршілік әрекетін білу.

Оқушыларға Twig-Bilim мектеп бағдарламасы негізінде жасалған мыңдаған керемет қысқа фильмдер мен оқу материалдарынан тұратын сайытынан оқытушы фильмдер бөлімінен Вирус дегеніміз не? Атты бейне фильм көрсету арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал жасадым.

IV. Жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

Оқушылар ақпарат береді (3 минуты)

Вирустардың ашылу тарихы.

1887 ж Крымдағы темекі плантациясында белгісіз ауру тарала бастады. Өсімдік жапырақтары абстракты суреттермен жабылып, әр түрлі мазайкалар тәрізді бір жапырақтан екінші жапырақтарға жұғып, бір өсімдіктен екіншісіне тарала бастады. Ауыл шаруашылығы үлкен шығынға тап болды. Оқиға болған жерге жас ғалым Санкт-Петербург университетінің бітірушісі Дмитрий Ивановский жұқтырушы аурулар туралы әр түрлі тәжірибелер мен зерттеулер жүргізе бастады. (слайд 6) 1892 ж. ғаламшарға жаңа жаңалық жаңа тіршілік формасы өте ұсақ микроскопиялық ағзалар, сүзгіштердің ең жіңішке жерлерінен өте алатын ағзаларды ашты. Ашылған ағзаларды Ивановский «фильтрлеуші бактериялар» деп атады. 1899 ж голландиялық ғалым Мартин Бейеринк вирус деген терминді енгізді (слайд 7). Латын тілінен аударғанда «vira» сөзі «у» деген мағынаны білдіреді. Ивановскийдің ашқандарынан кейін жаңа вирустар және вирус арқылы таралатын өсімдік, жануарлар мен адамдар аурулары: тұмау, сіреспе, топалаң, балалардың сал ауруы, ЖИТС, өсімдіктерде темекі теңбіл ауруы т.б. аурулар ашыла бастады. Осы ашылулар биология ғылымына жаңалық болып, сонымен қатар өз бетінше бір ғылым - вирусология («vira» - у, «logos» - ғылым) болып енді.

Вирустарды зерттейтін ғылым саласы вирусология деп аталады. (слайд 8)

Оқушылар бүгінгі сабақ басында қойылған сұраққа жауап беру үшін біз сіздермен зерттеу жүргізе отырып, не себепті вирустар деп аталды? Олардың құрылыстарында қандай ерекшеліктер бар? Жұмысымыз тез жүру үшін әр топ вирустардың әр түрлі қасиеттерін сипаттайды.

Топпен жұмыс (10 минут) (слайд 14)

Бірінші топ - «Вирустар бұл нәруызды қапшықпен қапталған жаман жаңалықтар».

Екінші топ - «Вирустардың көптүрлілігі»

Үшінші топ - «Өмір сіріңкенің қорабына ұқсас, оны дұрыс қолдана алмасаң-өте қауіпті»

І-топ сұрақтары:

  1. Вирус қандай ағза?

  2. Олардың мөлшері, пішіндері, құрылысы.

ІІ-топ сұрақтары:

  1. Вирустардың көбеюі, ашылу тарихы бойынша сұрақтар құрастырып, өрмекші торын жасау.

ІІІ-топ сұрақтары:

  1. Вирус арқылы таралатын ауру түрлері, олардан сақтану жолдарын қарастырады.

Бұл жұмысқа сіздерге 10 минут беріледі, жұмысқа кірісеміз. Жұмысты аяқтаған соң әр топтан бір қорғаушы шығып қорғайды.

І-топ: Вирустың жалпы сипаттамасы:

  • Ви́рус ( лат. virus - у) - жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті зат, яғни жасушасыз құрылым.

  • Вирус жасуша ішінде ғана әрекет ететін паразит болып табылады - олар жасушадан тысқары көбейе алмайды.

Вирустар: (слайд 11)

  • Мөлшері өте ұсақ тірі ағзалар

  • Құрылысы өте қарапайым

  • Жасушасыз тірлік құрылымы

  • Химиялық құрамы тек органикалық қосылыстардан құралған, ал бейорганикалық құрамы яғни су, тұздары жоқ .

  • Вирустар энергия жұмсамайды, қоректенбейді

  • Вирустар өспейді зат алмасу қасиееттері жоқ

Тіршілік етеді, көбейеді басқа жасушаларды зақымдайды.

  • Тірі және өлі формалардың аралық буыны

  • Вирустардың әр бір түрі тек белгілі бір жасушаларды ғана анықтап зақымдайды.

  • Жаңа ортаға жеңіл бейімделеді

  • Мутацияланады

  • Көбісі ауру туғызады

  • Көп уақыт бойы анықталмайтын күйде бола алады. (слайд 26)

100 топқа бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі түсті дақтар, жолақтар пайда болады. Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді.

Тірі табиғатта (ағзалы әлемде) вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көрінбейді. Вирустардың басқа тірі ағзалардан ерекшелігі - тірі жасушадан тысқары тіршілік ете алмайды. Вирус - жасушасы жоқ кішкене бөлшек, яғни жасушасыз құрылым. Ол тірі және өлі формалардың аралық буыны деп есептеледі. Бактерия жасушасына еніп көбейетін вирус бактериофаг деп аталады. Вирус - жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.

Вирустар адам және өсімдік, жануар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзады, ауру туғызады.

Өсімдіктер физиологы және микробиолог, орыс ғалымы Дмитрий Иосифович Ивановский (1864-1920) темекі теңбілін зерттеп, 1892 жылы вирусты ашты.

Нидерландия ботанигі және микробиологы Мартин Виллем Бейерник

(1851-1931) «вирус» терминін 1899 жылы ғылымға енгізді.

Вирустар 2 күйде болады: дамылдау немесе жасушасыз күйдегі вирустар (вирус бөлшектері немесе вибриондар) және көбею немесе жасуша іші кщіндегі (вирус-жасуша жиынтығы) вирустар.

ІІ-топ «Вирустардың көптүрлілігі».. (слайд 17)

1.Ағза жасушасына вирустың жабысуы.

2.Вирустың жасуша ішіне енуі -яғни уландыруы.

3. Вирионды қабылдауға ағзаны қалыптастырады

4. Вирусты ақуыздың Синтезделуі капсидтердің өздігінен жиналуы.

5. Көп вирустардың жасушадан шығуы.

6. Сол кезде жасуша жойылады немесе тірі қалады.

  • 1-деңгей. Вирустың клеткаға жабысуы. Жасушаның жоғарғы қабатында арнайы рецепторлар орналасады, сол рецепторларға бактериофаг жіпшелерімен байланысады. Әр түрлі жасушаларға қатаң жазылуы осылай жүзеге асады.

  • 2-деңгей.Вирустың жасушаға енуі. Бактериофаг жасуша ішіне өсінділерін еңгізеді де шприцтің инесі тәрізді жасуша ішіне өзінің ДНҚ мен РНҚ-сің итереді. Осылай фагтің генетикалық ақпараты жасуша ішіне енеді, ал капсид сыртында қалады.

  • Этап 3. Вирустың көбеюі яғни вирустық геномнің редупликациясы.

  • Этап 4. Вирустық нәруыздың синтезі және капсидтің қалыптасуы.

  • Этап 5. Вирустардың шасушадан шығуы. Ал жасуша мен не болады? Ол өледі. Міне осылай вирустардың тіршілік әрекеттері жүзеге асады. Қандай қорытынды жасауға болады? Дәптерлеріне жазындар.

  • ІІІ-топ: " Вирус арқылы таралатын ауру түрлері, олардан сақтану жолдарын қарастырады".

Вирустар өсімдіктерде ауру туғызады (слайд 6)

Вирустар жануарларда ауру туғызады (слайд 7)

Вирустар адамдарда ауру туғызады (слайд 5)

Бактериофагтар бактерия жасушасына енетін вирустар (слайд 17)

Вирустардың таралу жолдары (слайд 18)

Адамдарды ғана емес басқа да тірі ағзаларды вирустардан сақтанудің қандай жолдарын ұсынар едіндер? (оқушылардың жауаптары). Егер біз вирустардан сақтану профилактикаларына көніл бөлмесек онда кез келген ағзалардың жоюылына әкеліп соғады. Сондықтан, адамдар вирустардың әр түрлерімен үздіксіз күрес жүргізеді.

(слайд 19)

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

ЖИТС дегеніміз не, және оны тарататын вирус қалай аталады?

Бұл вирустардың таралу жолдары қандай?

Төменде көрсетілгендердің қайсысы қауіпті, қайсысы қауіпсіз болып табылады

Масаның шаққаны

Бір сабын мен жуыну

Беттен сүю

ЖИТС пен ауыратын адамдарды күту

Басқа адамның тіс щеткасын қолдану

Денеге суреттер (татуаж) салу

Құлақты тесу

Қан құю

Төсек тарақандарының шағуы

Бассейнде жүзу

ЖИТС пен ауыратын адамды құшақтау

Осы алған мәліметтерге сүйене отырып вирустың қандай маңызы бар? Қорытынды жасандар (слайд 21)

V Қорытынды (5 минут) Интерактивті тест орындау. iTEST сайтына кіріп 7-сыныптан Жасушасыз тіршілік құрылымы. Вирустар атты тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап беруді ұсындым.

(слайд 23 - 26)

VI Бағалау ( 2 мин)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын, мақсатың және проблемалық сұрағын есімізге түсірейік: (слайд 27)

Проблемалық сұрақ. Неліктен ауру тудыратын вирустар мен күрес жүргізу және оларды мүлдем жою өте қиын?

  • Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сұраққа жауап таптық па? (Оқушылардың жауаптары) - Вирусы микроскопичны

  • Мөлшері өте ұсақ тірі ағзалар

  • Құрылысы өте қарапайым

  • Жасушасыз тірлік құрылымы

  • Жаңа ортаға жеңіл бейімделеді

  • Мутацияланады

  • Көп уақыт бойы тыныштық күйде бола алады.

VII Үй жұмысы (30 сек) (слайд 28)

  • 20 параграф, параграфтың соңындағы сұрақтарға жауап беру

  • Шығармашылық жұмыс: вирус арқылы жұғатын аурулар туралы эссе жазу.

  • Неге компьютерді зақымдайтындарды да вирустар деп атайды? Осы сүраққа қысқаша зерттеу жүргізу.

Рефлексия (30 сек) (слайд 29) «Екі жұлдыз, бір тілек».



© 2010-2022