Саңырауқұлақтың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы З. А. Жақаева

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Күнтізбелік жоспар бойынша сабақтың №11

Сілтеме

Күнтізбелік -тақырыптық жоспар 7 -сынып.

Жалпы мақсаттар:

  • 3-тарау.Саңырауқұлартар дүниесі. Саңырауқұлақтар бөлімін еске түсіре отырып қорытындылау;

  • Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерінің, топта және жұпта жұмыс істеу дағдыларының дамуына жағдай жасау;

  • Оқушыларға төменгі және жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар туралы білім алу, мақсатқа жету, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыруға, тұлға ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлу;

  • Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау және эксперттік бағалау арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектесу;

Оқыту нәтижелері н/е күтілетін нәтижелер:

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты білімді болу және сабақта талдау, өмірде көз жеткізу, қатесін мойындау және түзете алуы;

Негізгі идеялар:

Саңырауқұлақтардың маңызын айқындау

Ресурстар н/е құрал-жабдықтар:

Интерактив тақта, 7-сынып оқулығы, бағалау парағы, бейне слайдтар, жарық микроскобы, микропрепараттар, электронды оқулық, динамикалық материалдар.

Тапсырмалар н/е жаттығулар: ().

Кіре салысымен топтарға бөліп отырғызу. (2 мин).

А) Қоржыннан алған асықтарының нөміріне сәйкес топқа бөлінеді;

Ә) Әр топ жасырылған тақырыпты таңдайды;

Б) Таңдаған тақырыбының қорғау бағытын анықтайды.

І тобы ІІ тобы ІІІ тобы ІV тобы

I кезең
Сынып төрт топқа бөлінеді, әр топта 4 -5 оқушы. Олар өздері таңдаған тақырып бойынша саңырауқұлақтардың не пайдалы жағын, не зиянды жағын дәлелдеп қорғау үшін дайындалады. Ол үшін өткен тақырыптарды еске түсіре отырып дәлелдемелер жазады.

Мысалы үшін топтар төмендегідей бөлінуі мүмкін.

І топ

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы пайдалы маңызы (+)

ІІ топ

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы зиянды маңызы (-)

ІІІ топ

Саңырауқұлақтардың адам өміріндегі пайдасы (+)

ІV топ

Саңырауқұлақтардың адам өміріндегі зияны (-)

Эксперттер оқушылардың топтағы белсенділігі мен теориялық білім деңгейін, топта өздерін ұстау қабілеттерін бақылайды және бағалайды.

IІ кезең

Пікірталас кезеңі. Әр топ өз ұстанған бағытын нақты дәлелдермен қорғайды.

Эксперттер топ атынан сөйлеушілердің (топ спикерінің) тіл байлығы мен сөздік қорын, өз ойын ашып айту қабілеттерін бақылайды және бағалайды.

IІІ кезең

«Жасырын сөзді тап» Жаңа терминдерді ойын арқылы меңгерту және зейін тұрақтылығын, ойлау қабілетін тексеру.

Саңырауқұлақтың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы З.А.Жақаева

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Эксперттердің бағалаулары негізінде бағаланады.

Топпен жұмыс жасау : Зерттеушілік әңгіме

Топтар (тақырыпқа айқындалған бағыты бойынша топпен ақылдасу 10 минут)

Топтар ( өз жауаптарын дәлелдеу. Топтан бір оқушының сөйлеуі (5 мин).

Топтар қарсыластарының жауаптарын мұқият тыңдап, келісетіндерін не келіспей тақырыпты толықтыратынын айтады.

Интерактив тақтамен жұмыс «Жасырын сөзді тап».

Рефлексия. «Бізідң пікіріміз...» Берілген парақққа жүргізілген сабақ туралы топ өз пікірлерін жазып қалдырады.(5 мин).

Меңгеруін бағалау. 2 мин

Оқушыларды бағалау

Қорытындылау

Келесі тапсырмалар:

Ү/т § 11оқу. Эссе жазу(өз еріктерімен).Шығармашылық жұмыс.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Интернеттен саңырауқұлақтар туралы қосымша мәліметтер жинау.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

«-»

«+»








© 2010-2022