Биологиядан 7 сынып бойынша БАҚЫЛАУ ҮЗІГІ

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бақылау үзігі

I-вариант

  1. Сүтқоректілерге тән емес белгі:

А) Денесін түкті жамылғы қаптауы

В) Құлақ қалқанының болуы

С) Қауырсынды жамылғы

Д) Сүт бездерінің болуы

Е) Баласын сүтпен асырау

  1. Тұмауды қоздырушылар:

А) Бактериялар

В) Вирустар

С) Саңырауқұлақтар

Д) Шаң-тозаңдар

Е) Құрттар

  1. Балықтардың денесін берік ұстауға көмектесетін жүзбе қанаты:

А) Аналь

В) Көкірек

С) Арқа

Д) Құйрықасты

Е) Құрсақ

  1. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенді:

А) Саламандра

В) Сақиналы құртжылан

С) Даната құрбақасы

Д) Жасыл құрбақа

Е) Қызылаяқ бақа

  1. Қосжынысты көпжасушалы:

А) Өрмекші

В) Шыбын

С) Құмырсқа

Д) Таспақұрт

Е) Ара

  1. Сүйекті балық:

А) Көк акула

В) Тікенекті жұп балық

С) Тұтасбас

Д) Шортан

Е) Жолақ акула

  1. Мүктерді зерттейтін ғылым:

А) Биология

В) Бриология

С) Цитология

Д) Микология

Е) Эмбриология

  1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырымен селбесіп тіршілік ететін, тамақ өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылатын тірі табиғаттың ерекше тобы:

А) Саңырауқұлақтар

В) Вирустар

С) Жануарлар

Д) Мүктер

Е) Плаундар

  1. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын майлы өсімдік:

А) Жүгері

В) Күнбағыс

С) Күріш

Д) Тары

Е) Бидай

  1. Бунақденелілерде қанша жұп аяқ екенін белгілеңіз:

А) 3

В) 2

С) 8

Д) 5

Е) 4

  1. Бауырсорғыштың кірпікшелі дернәсілінің аралық иесі:

А) Балықтар

В) Тоспаұлу

С) Сиыр

Д) Қой

Е) Жылқы

  1. Қыналарға ең қажетті жағдай:

А) Қара топырақ

В) Ылғалды топырақ

С) Оттегіне бай таза ауа

Д) Көмірқышқылға бай ауа

Е) Құнарсыз топырақ

  1. Кладофора балдырын пайдаланатын өндіріс:

А) Тамақ өндірісі

В) Тоқыма өндірісі

С) Қағаз өндірісі

Д) Пласмассалау

Е) Фармацевтика өндірісі

  1. Бақаның дернәсілі:

А) Итшабақ

В) Наяда

С) Жұлдызқұрт

Д) Имаго

Е) Уылдырық

  1. Жұмыр құрттардың сыртқы қабаты:

А) Гиподерма

В) Көлденең жолақты бұлшықет

С) Бірыңғай салалы бұлшықет

Д) Сірқабық

Е) Энтодерма

  1. Қырықбуында фотосинтез жүреді:

А) Жасыл сабағында

В) Жаздық өркен

С) Жасыл жапырағында

Д) Жасыл тамырында

Е) Тамырсабағында

  1. Жеуге жарамды саңырауқұлақ:

А) Қастауыш

В) Тат саңырауқұлағы

С) Еменқұлақ

Д) Қозықұйрық

Е) Ашытқы саңырауқұлағы

  1. Ашық тұқымды бір үйлі өсімдік:

А) Туйя

В) Самырсын

С) Қарағай

Д) Секвоя

Е) Арша

  1. Пенициллин антибиотигі алынады:

А) Қалпақшалы саңырауқұлақтан

В) Ақұнтақ саңырауқұлағынан

С) Түлкіжем саңырауқұлағынан

Д) Зең саңырауқұлағынан

Е) Ашытқы саңырауқұлағынан

  1. Жүрегі төрт қуысты жорғалаушы:

А) Крокодил

В) Тасбақалар

С) Құбылғы (хамелеон)

Д) Жыландар

Е) Гаттерия

© 2010-2022