Урок по биологии Өрмекшітәріздестер класы

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Биология Пән мұғалімі: Сынып: 7 Сабақ: 28 Күні:

Сабақтың

тақырыбы:

Өрмекшітәрізділер класы.Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі.Крест өрмекшісінің сыртқы құрылысы,тіршілік ортасы,тіршілік ету дағдысы және мінез-құлығы.

Сілтеме:

Биология 7 сыныпқа арналған оқулық, Электронды оқулық, Ғаламтордан алынған материалдар.


Жалпы мақсаты:

Өрмекшітәрізділер класына тән белгілер, өрмекшітәрізділердің көптүрлілігі,крест өрмекшісінің сыртқы құрылысы,тіршілік ортасы,тіршілік ету дағдысы және мінез-құлығы туралы білім қалыптастыру.

Оқу нәтижелері:

-Өрмекшітәрізділер класына тән белгілерін ажыратады;

- өрмекшітәрізділердің көптүрлілігімен танысады;

- крест өрмекшісінің сыртқы құрылысын зерделейді;

- тіршілік ортасы,тіршілік ету дағдысы және мінез-құлығын зерттейді.

Дереккөздер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық./Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.Алматы «Атамұра», 2012/

Биология жұмыс дәптері.

Биология оқыту әдістемесі.

Сабақтың кезеңдері

Блум таксономиясы


Модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыты

І. Қызығушылықты ояту.


Білу.

Түсіну

СТО

ТжДБо

ОЖТ


Сергіту сәті. Екі өтірік ,бір шындық. Өткен тақырып шаянтәрізділер туралы екі өтірік,бір шындық айту.

Топтарға бөлу

Түрлі сурет таңдау арқылы.

Тақырыпқа шығу: Өрмекшітәрізділер туралы видеофильм қарау.

Қалай ойлайсындар бүгінгі тақырыбымыз не туралы ?

Мақсат қою. Өрмекшітәрізділердің көптүрлілігімен танысып, олардың сыртқы құрылысы мен тіршілік әрекетін түсіну

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, бір-бірлеріне өткен тақырып бойынша екі шындық,бір өтірік айтады.

Сурет қималарынан буынаяқтылардыі жинау арқылы топқа бөлінеді.

Топ басшысы бағалау парағындағы критерийімен танысып, аты-жөндерін жазып өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайды.

Оқушылар видео көреді.

Сұрақтарға жауап беріп, оқушылар дәптерлеріне сабақтың тақырыбы мен сабаққа мақсат жазады.

2 мин

5 мин

2 мин

3 мин


ІІ. Мағынаны ажырату

Қолдану.

Талдау


ТжДБо

ОЖТ


Тапсырма №2. Мәтінмен жұмыс. Тақырыпты оқып, жұпта, топта ойларыңды ортаға ұсын.

Бағыт беру /тапсырма бойынша/ Топта постермен жұмыс.

І топ:Өрмекшітәріздестердің көптүрлілігі

ІІ топ:Өрмекшітәріздестердің сыртқы құрылысы ІІІ топ Өрмекшітәрізділердің тіршілік ортасы,тіршілік ету дағдысы ІV топ Өрмекшітәрізділердің мінез-құлығы

Қағаз қималарына «*» жазып таңдау арқылы топ спикері тағайындалады.

Ақпаратпен танысып, меңгергендерін бір-бірімен талқылап, өз ойларын айтады, ортаға салады.

Қағаз қималарына «*» жазып таңдау арқылы топ спикері тағайындалады. Топ спикері постердің қасында тұрады.

«Аквариум» әдісі бойынша әр топ өз тақырыптарын қорғайды.

Екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау

5 мин

15 мин

5 мин


ІІІ. Ой-толғаныс


Жинақтау,

Бағалау


ОЖЕСОжО

СТО

ОүБжОБ


1.жинақтау мақсатында

«Он сұрақ» әдісін ұсыну.

2.Қорытындылау. Сонымен, Алдыңызға қойған мақсатына жеттіңіз бе?

  • «Не ұнады (ұнамады)?», «Нені білдім (білмедім)?», «Маған әлі нені үйрену керек?»

Оқушыларға сабаққа қатысқаны үшін алғыс айту.

3.Бағалау. Мұғалім оқушыларының бағалары бойынша өз пікірін айтады

1.Бір оқушы таңдап алынады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикер жапсырылады - қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

2. Сабақ пен оның мақсатына жеткені немесе жетпегені жайлы оқушылардың жауаптары.

«Не ұнады (ұнамады)?», «Нені білдім (білмедім)?», «Маған әлі нені үйрену керек?» сұрақтарға өз пікірлерін, жауаптарын жазады.

3. Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды


5 мин

3 мин


1 мин


Үй жұмысы


қосымша мәлімет бойынша дайындалу.

Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.

1 мин






© 2010-2022