«Жас биологтар - 2015» интеллектуалдық ойыны

Биология пәні бойынша 9 сыныптар арасындағы«Жас биологтар - 2015» интеллектуалдық ойыныИнтеллектуалдық ойынның мақсаты:Білімділік: -Оқушылардың биология пәнінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау,толықтыру және бекіту. - Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Дамытушылық:-Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету,ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту.Тәрбиелік: -О...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 12.02.2015 ж

Биология пәні бойынша 9 сыныптар арасындағы

«Жас биологтар - 2015» интеллектуалдық ойыны

Интеллектуалдық ойынның мақсаты:

Білімділік:

-Оқушылардың биология пәнінен өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау,толықтыру және бекіту.
- Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылық:

-Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету,ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту.
Тәрбиелік:

-Оқушыларды зеректікке,өзінің мүмкіншілігіне сене білуге,басқалардың пікірін сыйлап,топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: компьютерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, топпен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: информатика, химия, тіл сабағы.

Интеллектуалдық ойын сабағының жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі:

а)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
б)психологиялық дайындық.

Ойынның тақырыбы мен мақсатын таныстыру (слайд арқылы).

2. Негізгі кезең:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жас биологтар - 2015» атты 9 сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін интеллектуалды сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл - тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім - кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

І - топ: 9 «а» сынып оқушылары

1. Мансұр Гүлмира

2. Мансұр Элмира

3. Жамантаева Айсана

4. Жеткерова Ақбөпе

ІІ - топ: 9 «ә» сынып оқушылары

1. Жайсан Маржан

2. Жұманова Марина

3. Көптілеуова Әсел

4. Үйсінбай Гүлназ

ІІІ - топ: 9 «б» сынып оқушылары

1. Бейсенбай Гүлсім

2. Захар Арайлым

3. Елмұратов Әмзебек

4. Сейтқазы Нұрсайын

VІ - топ: 9 «в» сынып оқушылары

1. Бахрадинова Марина

2. Дүйсенқызы Ақбота

3. Ибайдуллаева Гүлмира

4. Сихымбай Елнұр

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:

1. ----------------------------------

2. ----------------------------------

3. ----------------------------------

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырайын:

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

І-кезең: «Кім білгір?»

ІІ-кезең: «Терминдер аукционы»

ІІІ-кезең: «Төртінші артық»

VІ-кезең: «Ғажайып биология!»

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды.

Биология пәнін сүйсең сен,

Ортаға сал барыңды - деп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ.

1.«Кім білгір?» кезеңінде алдымен биологияның бір саласы таңдалады және сол бойынша топтарға 10 сұрақ оқылады. Топтағы сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап берулері тиіс. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт!

1. Зоология бөлімі бойынша: (қызғылт пен ақ түсті раушан гүлдер)

1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым герпетология

2. Балықтың зәр шығару мүшесі бүйрек

3.Ұша алмайтын құстар пингвин

4. Шеміршекті балық акула

5. Сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын жануар: түйе

6. Дене температурасы тұрақсыз омыртқалы жануарлардың атауы:

салқынқандылар

7. Құрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі Латимерия

8. Бунақденелілердің аяғының саны нешеу? 6 немесе 3 жұп

9. Алғаш кеуде қуысы нелерде пайда болды? жорғалаушыларда

10. Қан соратын сүліктің арнаулы бездерінен бөлінетін қандай зат? гирудин

2. Ботаника бөлімі бойынша:(Сары раушан гүлдер)

1. 1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым Ж.Күдерин

2. Ғарышқа ұшқан балдырды ата хлорелла

3. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым Тимирязев

4. Ақмола облысында орналасқан қорық Қорғалжын

5. Жапырақта түзілген қоректік заттарды тамырға жеткізуші флоэма

6. Жемістердің қандай топтары бар? Құрғақ және шырынды

7. Кактус тікенектері - түрі өзгерген: жапырақ

8. Фагоцитоз құбылысын зерттеген ғалым: Мечников
9. Қосжарнақтылар класының ерекшелігі жарнақ саны 2

10. Құлқайырлар тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік: жалбызтікен

3. Цитология және гистология бөлімдері бойынша:(қызғылт пен ақ түсті раушан)

1. Жануар жасушасындағы қоректік зат гликоген

2. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас қоймалжың зат цитоплазма

3. Жасуша теориясын жасаған ғалымдар Шванн мен Шлейден

4. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітетін біржарғақшалы органоид

лизосома

5. Жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін органоид митохондрия

6. Сабақтың, тамырдың ең ұшында орналасатын ұлпа түзуші

7. Өсімдіктің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде болатын ұлпа

тірек

8. Өсімдік жасушасындағы қоректік зат крахмал

9. Бұлшықет ұлпасының жасушасы миелин

10. Дәнекер ұлпасына не жатады? Қан, сүйек

4. Генетика және селекция негіздері: (қызғылт сары түсті раушан гүлдер)

1. Адамның дене жасушасында неше хромосома бар? 46

2. Aта-аналары бір-бірінен екі жұп белгі бойынша ажыратылатын дараларды шағылыстыру дигибридті

3. Генетикалық заңдылықтарға сүйенбей,жеміс-жидек дақылдарының өте көп іріктемелерін шығарған ғалым И.Мичурин

4. Генетика терминин кім ұсынды? У. Бэтсон

5. Жақын туыстық будандастырудың атауы: инбридинг

6. Тіркес тұқым қуалау заңдылығын ашқан ғалым: Т.Морган

7. Адамзат білімінің ең жаңа білім саласы Гендік инженерия

8. Мутация мөлшерін саналы түрде арттыру бағытты мутагенез

9. Ұсақ ағзалардан алынады себінді

10. Қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиакберов т.б

ІІ-кезең: Терминдер аукционы, бұл кезеңде оқушыларға биология саласы бойынша термин сөздер беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойылады.

І-топқа:

1.Микробиология 2.Микология 3.Бриология 4. Маммалогия 5.Ихтиология 6.Гельминтология 7. Энтомология 8. Генетика

ІІ-топқа:

1.Ботаника 2.Зоология 3.Анатомия 4.Физиология 5.Экология

6.Орнитология 7.Териология 8.Лихенология

ІІІ-топқа:

1.Палеонтология 2.Эмбриология 3.Вирусология 4.Иппология

5. Алгология 6. Арахнология 7.Биохимия 8.Цитология

ІV-топқа:

1.Селекция 2.Остиология 3.Кардиология 4.Бактериология 5.Морфология 6.Систематика 7.Гистология 8.Герпетология

ІІІ-кезең: «Төртінші артық» деп аталады, мұнда суреттер беріледі. Соның ішіндегі артық бір суретті табу және неге артық екенін түсіндіру қажет.

VІ-кезең: «Ғажайып биология!». Мұнда өздеріңе берілген ребустарды дұрыс шешулерің тиіс.

Осымен бүгінгі «Жас биологтар - 2015» интеллектуалды сайысымыз

өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Сөз кезегі әділ қазылар алқасында.

Қош сау болыңыздар!







Биология пәні бойынша 9 сыныптар арасындағы

«Жас биологтар - 2015» интеллектуалдық ойынының қорытындысы



Сыныптар

Топ №

Жалпы ұпай саны

Алған орыны

Белсене қатысып, марапатталған оқушылар

1

9 «а»

І

12


Мансұр Гүлмира

2

9 «ә»

ІІ

19

3

Жайсан Маржан, Жұманова Марина

3

9 «б»

ІІІ

25

1

Бейсенбай Гүлсім, Әбирова Динара

4

9 «в»

ІV

22

2

Сихымбай Елнұр




Қатысушы мұғалімдер тарапынан айтылған сындар:

1.Сарыбаева Раушан әпки: «Бүгінгі ойын сабақтың құрылымы өте жақсы. Болашақта қатысушы топтардың аттары, эмблемалары мен галстуктары болса» деген ойын айтты.

2. Уразова Жұлдыз ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: «Ойын сабағы ұнады, суретпен берілген тапсырмалар өте қызықты болды. Бірақ 1-ші бөлімдегі әр топқа қойылған сұрақтарға анимация жасалып, интербелсенді тақтадан шығып тұрғанда тіпті жақсы болар еді» деп ойын жеткізді.









© 2010-2022