Сыныптан тыс жұмыс: Өзін-өзі тану әлеміне саяхат

Раздел Биология
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Сыныптан тыс жұмыс

Сынып 2 «в»

Күні : 28.01.2013жыл

Тақырыбы: Өзін - өзі тану еліне саяхат.

Мақсаты: балалардың өзін-өзі тануына,адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету;

Міндеттері:

-шығармашылық қабілетін, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамытуға;

-өзіне деген сенімін арттыруға;

-өзін-өзі және бірін-бірі тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: интерактив тақтасы,үнтаспа,суреттер,плакаттар,жапырақтар

«Өзін-өзі тану еліне саяхаттың» үлкейтілген суретін интербелсенді тақтадан көрсетіліп тұрады.

-Балалар бүгінгі кешімізде «Өзін-өзі тану еліне» саяхаттаймыз.Ол елде орман-тау, өзен-көл, патшалықтар, елді-мекендер мен сарайлар бар. «Өзін-өзі тану елі»- «Тіл табысу», «Білім», «Табиғат», «Өнерлі ел», «Достық» деген өлкелерден тұрады. Бұл елдің ең биік шыңы «Адамгершілік»деп аталады. «Адамгершілік» шыңына жету үшін әр өлкенің өз тапсырмасы бар .Сол тапсырманы орындай отырып шыңға қарай өрмелейік. «Адамгершілік»шыңында әрқашан күніміз жарқырап бізге шуағын шашып тұрады.

Мұғалім суреттен көрсете отырып,балаларды осы өлке шарттарымен таныстырады.

-Балалар бұл өлке «Тіл табысу»өлкесі.Бұл өлкеде сыпайы,бір-біріне қамқор,мейірімді адамдар өмір сүреді.Бізде бойымыздағы жақсы қасиеттерді көрсете білейік.Ол үшін оқушылар қарым-қатынаста қолданылатын жақсы сөздерді қаншалықты білетінін, қандай жағдайда пайдалану керектігін тексеру: (мыс:сәлеметсізбе?,сау болыңыз!,ғафу етіңіз т.с.с.) Ойын-жаттығу «Құрмет-ізет»

- «Білім »өлкесі сіздердің қаншалықты білімді екендеріңізді тексереді.

-«Табиғат» өлкесінде сіздердің табиғат жанын , яғни өсімдік топырақ, ауа қасиеттерін сезіну қабілеттерін анықтау;

- «Өнерлі ел» өлкесінде балалар шығармашылығы тамашаланады.,ән айту,би билеу;

- «Достық »өлкесінде барлық адамдарды татулыққа ,ауызбіршілікке шақырады.

Оқушыларды бөліп ,жоғарыда көрсетілген шарттармен таныстыру;

Мұғалім:

-Тәрбиенің асқары-

Абай атам табынған.

Әдептілік бастауы

Бес асыл боп табылған.

Көптің ойын бүрлетіп,

Әдеп жайын қозғасын

Бастайық сол үлгі етіп,

Бес асыл сөз басын:

Рақым:Шарапаттан тұратын

Мен боламын рақым.

Тек жақсылық жолында

Салтанатын құратын

Сыйым-ізгі махаббат,

Тигізерім шарағат.

Кішілерге қамқор боп,

Қартқа тұрам «аталап».

Қанағат:Ындыныңмен ашқарақ

Құнығудың қандайын

Жөнге салам бастан-ақ,

Тыйып ұстап әрдайым

Мен боламын өмірің,

Байлығың да,барыңда

Тоқ болады көңілің,

Жүрсем әр кез жаныңда.

Терең ой:Қыран қанат құстаймын,

Талабыңды ұштаймын.

Зерделіге достаймын,

Дарындыны қостаймын.

Ақылы азға қонбаймын-

Сол ғой менін зор қайғым

Саңылауы бар.түйсігі

Торғай-екеш торғайдың.

Талап:Таудай болса ,талабың,

Бағың болып жанамын.

Мен бар жерде болмайды

Алынбас еш қамалың

Тұрсам келіп бабыма,

Тоят аңсар шағыма.

Көктей өтіп,арманның

Қондырамын тағына!

Еңбек:Жасампаз төрді тұлетіп,

Жаңғыртқан қайта мың рет.

Шөлейтті жерді гүл етіп,

Жайқалтқан мені бір құдірет!

Бәрі де менің жеңісім

Зейнетім, демек жемісім,

Шалқыған астық,кенішім-

Ырысты бейбіт ел үшін!

Мұғалім:Қанағат,Рақым,Терең ой.

Талап,Еңбек -өркен-ді

Бәрі саған керек қой,

Ұлы өмірің-ертеңгі.

Бес асыл іс-бұл арлы,

Үлгі болған ғасырдан.

Қастер тұтып бұларды,

Ардақтап өс жасыңнан.

Әдептілік-әсемдік,

Соны әспеттеп жырлайық

Өнеге алып өсерлік,

Өрендерді тыңдайық.

«Тіл табысу»-ойын «Құрмет-ізет» деп аталады.Тақтаға жапырақсыз ағаштардың /үлкен-кіші/ суреті салынған плакаттар ілінеді.Жапырақ пішінді қағазға жазылған құрметті ,ізетті сөздерді екі командаға бөліп беріледі.Оқушылар жапырақтарды дауыстап оқып,осы сөздер үлкендер айтатын болса үлкен ағашқа кішілер айтатын болса, кіші ағашқа апарып ілу. Жапырақтағы сөздер үлгісі : өтіңіз,жолыңыз болсын т.с.с.

Оқушылар ойланғанша Ө.Тұрманжановтың «Ізгі сөз» 2 сынып оқушысы Мерей:

-Мектебімізге барғанда

Жолыққан бар жандарға

Ертемен,ақ пейілмен,

Не деймін мен?

Қайырлы …/таң!/-деймін мен.

-Күндіз де елді елеймін.

Не деймін мен?

Қайырлы …/күн!/-деймін мен.

-Үйге кешке келемін

Не дерімдібілемін.

Не деймін мен?

Кеш…./жарық!-деп кіремін.

«Білім»өлкесі.Оқушылар кезектесіп , білім және еңбек туралы мақал-мәтел айту.

Екініші тапсырманы бастамас бұрын кітап кейпінде «Кітап жыры» Е.Ашықбаев өлеңі оқылады.

Деме:

«Оңай үйренем»

Ақыл айтсам

-Егеспе

Оқу деген-

«Инемен құдық қазу» емес пе?

Менің әрбір жолымда-

Мен отырсам қолыңда, білмегенді білесің.

Көп пайдадан құр қалма,

Жалқауланып отырып,

Қолдан келіп тұрғанда:

«Кел,балалар,оқылық!»

Екінші тапсырма жұмбақ жасыру:

1.Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толып жатқан қазына бар,

Қорек қып пайдаланар тамам халық/кітап/

2.Ұзын ,ұзын .ұзын жол

Ұшына жеткен барма екен?

Түбі терең қара су,

Түбіне жеткен бар ма екен?

Түбіне жетіп сол судың,

Қанып ішкен бар ма екен? /оқу/

3. «Табиғат өлкесі».Табиғат-дегеніміз-аң ,құс ,өсімдік,тау,өзен,көл,ауа,жер,су. Біздің тіршілік ортамыз.Олардың барлығы бізге берген сыйы.Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау,оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті. Адам табиғаттан сұлулықты, әдемілікті үйренеді.Ол үшін адамға табиғатты тану,сезіну және оның ерекше екенін терең түсіну қажет.Адам табиғаттың сұлулығын әсерлі сөзбен сырлы өлеңмен, ғажап суреттермен жеткізе алады.

1-тапырма а)табиғаттың адамға пайдасы туралы әңгімелеу,

2-тапсырма, «Су», «Ауа» сөздері беріледі.Осы сөздерге еніп өздерін таныстырып, пайдасын,қасиетін таныстырады.

Гүлжазира мен Мерей.

4.«Өнерлі ел».

1.Ортағаоқушылар шығып әртүрлі өз өнерлерін көрсетеді, биін билейді, ән айтады.

Гүлжазира өзбек биі, Мерей «Ақкөгершін» әні, Ақерке «Айгөлек» әні, «Қошақаным» әні, «Ертегілер» әні Балнұр, Ғалия Гүлжазира, Чинури биі.

5. «Достық»өлкесі.

1. «Жарнама» ойыны. Бір оқушы ортаға шығап өзінің оқитын мектебін,сыныбын, және өзің таныстырып жарнамалайды.

2. «Егер мен….»деп аталады.Онда ер балалар мен қыз болсам,қыз балалар егер мен ұл болсам деп пікірін білдіреді.

Балнұр, Нұрбол.

Ақеркенің орындауында ән : «Дос болайық,бәріміз»

Сөзі:Х.Талғаров.

Әні:И.Нүсіпбаев

Қорытындылау: Гүлжазираның орындауында «Әрқашан күн сөнбесін»әнімен аяқтау.







© 2010-2022