Ауру қоздырғыш қарапайымдар. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Биология 7

Тақырыбы: Ауру қоздырғыш қарапайымдар. Қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Оқу - тәрбие істерінің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаты: Оқушыларға қарапайымдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызытуралы білім беру.

Міндеттері:

Білімділік:Паразитті тіршілік ететін қарапайымдардың түрлерімен таныстыру. Маңызы туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Эстетикалық , гигиеналық тәрбие беру.

Құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, кесте, суреттер.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру. СТО, ауызша баяндау

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу. 2. Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен кезеңдерімен таныстыру.

2.Үй тапсырмасын тексеру. §40 мазмұндау. Сұрақ - жауап әдісімен амеба, эвглена, кебісшені қайталау. Дәптерге жазған мағлұматтарды сұрау. 1. «Кім жылдам?» ойыны.
1. Қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?
2. Қарапайымдар табиғатта қай жерлерде көп таралған?
3. Цистаның қандай маңызы бар?
4. Кірпікшелі біржасушалы жәндік?
5. Денесінде хлоропласторы бар біржасушалы жәндік?
6. Дене пішіні тұрақсыз жалған аяқты жәндік?
2. «Құпия сан» ойыны.
1. Өсімдіктер тәрізді қоректенетін жәндік?
2. Қыста жәндіктер неге өлмейді?
3. Денесінде бақалшақ болатын амебаның түрі?
4. Домаланғының бір түрінің шоғырында қанша жасушаға дейін болады?
5. Эвглена мен домаланғыны басқаша қалай атайды?
6. Амеба мен арцелланың басқаша атауы?
Жауаптары:1. Тамыраяқтылар.2. Арцелла.3. Талшықтылар.4. Эвглена 5. Циста түзейді 6. 500 - 1000
3. Жаңа білімдерді қалыптастыру. Жалпы біржасушалы жәндіктер екі топқа бөлінеді:
1. Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылар
2. Адам мен жануарлардың әртүрлі мүшесінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі аурулар тудыратын біржасушалылар.
Еркін жүріп тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындардың табиғатта және адам өмірінде өзіндік маңызы зор. Бұлардың көпшілігі бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Мысалы жасыл эвленаны санитарлық жәндік деп аталу себебі, ол суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақ шаяндарға, біржасушалы жәндіктерге, балықтар мен шабақтарға, басқа да су жәндіктеріне қорек болады. Біржасушалы жәндіктердің қалдықтарынан су түбіндегі шөгінді құралады. Геолог ғылымдар осы шөгінділер жинақталған жерлерде мұнайдың мол қоры болатындығын анықтаған. Топырақ түзуге де өз үлестерін қосады.
Қарапайымдардың ішінде адам өмірі мен жануарлардың әртурлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Соларды мына кестеден қарап, толықтырайық.
Паразитті тіршілік ететін жәндіктер
Трипанасома жұлын сұйықтығында, қанда паразиттік тіршілік етеді. Қанның қызыл түйіршігін бүлдіріп, адамда, малда жұқпалы ауру туғызады. Таратушылары сона, қандала, цеце шыбыны. Табиғаттағы иесі киік. Адамда ұйқы ауруын, жылқыда кілеңкі ауруын, сиырда су ауруын туғызады.
Безгек паразиті тасмалдаушысы безгек паразиті. Қанның қызыл түйіршігінде тіршілік етеді. Бір түйіршіктен екіншісіне ауысқанда ауру ұстайды. Қазір бұл ауруларға қарсы хинин, акрехин дәрілері жасалған. Безгек қарапайым безгек жәндік безгегі арқылы өріс алатындығын, сол қоздырғышты ауру қанынан тұңғыш рет 1879 жылы орыс дәрігері В. И. Афанасьев байқап, оны 1881 жылы француз ғалымы Лаверан қуаттады. 1900 жылы италиан зоологы Батиста Грасси безгек ауруын тек безгек масасы арқылы таралатындығын тәжірибе арқылы дәлелдеді.
Құртамыш спора арқалы көбейетін біржасушалы жәндік, ішек, бауыр, бүйрек, т. б. мүшелердің жасушаларын зақымдай отырып кокцидиоз деп аталатын ауру туғызады.
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарда қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек орын, киімді, ыдыс аяқты, азық түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп кетуіне мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.
4. Жаңа білімді бекіту. Кесте толтыру.

Жәндік аты --------------- Тудыратын ауру аты.------ Жұқтырушы орта
Дизентерия амебасы ---- Қантышқақ ауруы --------- Жуылмаған көкөніс, лас су
Безгек паразиті ---------- Безгек ауруы ----------------- Безгек масасы
Трипанасома ----------- Адамда ұйқы ауруы.

Жылқыда киеңкі.----------- Сиырда су ауруы ----------- Сона, қандала, цеце шыбыны
Лейшмания -------------- Лейшманиоз ------------------ Құм шіркейі
Құртамыш ---------------- Кокцидиоз -------------------- Лас қол, лас су
Лямблия ------------------- Лямблиоз --------------------- Лас, қайнамаған су

Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру барысында сұрақтар берілді. Сұрақтар:
1. Паразитті жәндіктер деген ұғымды қалай түсінеміз?
2. Қандай аурулар біржасушалы паразиттер арқылы таралады.
3. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген халық нақылын қалай түсінесің?.
Қорытынды: Қорытындылау.Тақырыпты қорытындылау кезінде оқушыларды екі топқа бөліп, бір тобы біржасушалы жәндіктердің зиянын ізде, екінші топ табиғатқа маңызын іздеп, айқындап, Венн диаграмассын толтырады.
1. Еркін жүріп тіршілік ететін жәндіктер суды ластанудан тазартады, топырақ түзейді
2. Бір жасушалы қарапайым жәндіктер жалпы қоректік тізбекке кіреді
3. Паразит жәндіктер адам, жануарлардың әр түрлі ауру туғызады
Блумның «Мен» жүйесі бойынша оқушылар сабақты өздері қортындылайды.

Үй тапсырмасын беру. §40 мазмұндау. Дәптерге жазған терминдерді жаттау.





© 2010-2022