Ашық сабақ. Тақырыбы Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау. (6 сынып)

Мақсаты: Тамыр бөлімдерін бір-бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.Құрал-жабдықтар: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі және т. б.Жұмыстың барысы:1. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.3....
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

Мақсаты: Тамыр бөлімдерін бір-бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: сабақтан 10-15 күн бұрын өсірілген асбұршақ пен бидай өскіндері, микроскоп, оған керекті жабдықтары, ұлғайтқыш қол әйнегі және т. б.

Жұмыстың барысы:

1. Сабақ өтерден 10-15 күн бұрын тұқымынан өндірілген асбұршақ пен бидайдың өскіндерінің жас тамырларын салыстырып, қандай тамыр жүйесіне жататынын ажырату.

2. Бидайдың жас өскінінің тамырын ұлғайтқыш әйнекпен қарап, тамыр бөлімдерін (аймақтарын) анықтау.

3. Тамыр түкшелері бар аймақты тауып, алып жатқан аумағын қарау.

4. Тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоппен қарау, тамыр оймақшасы жасушаларының ерекшеліктеріне көңіл аудару, суретін салу, оқулықтың суретімен салыстыру.

Ескерту: Препарат жасау үшін жас тамырдың ең ұшынан 5 мм-дей кесіп, сол күйінде су тамызып, жабын шынымен жауып қарауға болады.

Нәтижесі:

1) Берілген өсімдіктердің тұсындағы санын дәл келетін тамыр жүйесінің бағанына жазыңдар.

1. Пияз

3. Сәбіз

5. Асқабақ

7. Ермен

9. Асбұршақ

2. Қауын

4. Жүгері

6. Күріш

8. Қамыс

10. Сұлы


Кіндік тамыр жүйесі

Шашақ тамыр жүйесі


2

Ашық сабақ. Тақырыбы Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.(6 сынып)) Тамыр бөлімдерін атап, әрбір бөлімнің атқаратын қызметін жаз:

1.____________________________________

Қызметі: ____________________________________________________

____________________________________________________________

2.____________________________________

Қызметі: ____________________________________________________

___________________________________________________________

3._______________________________

Қызметі: __________________________________________________

4._______________________________

Қызметі: ____________________________________________________

____________________________________________________________

Қорытынды:

1. Тамыр бөліміне не кірмейді?_____________________________________________________

2. Тамыр оймақшасының атқаратын қызметі қандай?__________________________________

_______________________________________________________________________________

Сабақ: 8

Тақырыбы: §9. Тамыр - өсімдіктердің топырақтан қоректену мүшесі. Тыңайтқыштар

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің тамыры арқылы қоректену фукциясын және ондағы тынайтқыш түрлері жайлы мағлұмат беру.

Құрал-жабдықтар: плакаттар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Тамыр жүйесі

кіндік

шашақ

Қауын

Пияз

Сәбіз

Жүгері

Асқабақ

Күріш

Ермен

Қамыс

Асбұршақ

Сұлы

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Өсімдіктердің минерелды қоректенуі

Топырақ - өсімдіктердің су және қоректік элементтер алатын жердің үстіңгі құнарлы қабаты.

Өсімдіктер топырақтан:

  1. макроэлементтер (калий, фосфор, азот және т.б);

  2. микроэлементтер (бор, кальций, магний, күкірт, кобальт және т.б.) алады.

Тынайтқыштар минералды және органикалық болып екі топқа бөлінеді:

Минералды тынайтқыштар былай сипатталады:

1. құрамында бір элементтің басымырақ болуы: калийлі (калий хлориді), фосфорлы (суперфосфат), азотты (селитра, несепнәр, аммоний сульфаты);

2. элементтердің толықтылығына байланысты: толық - құрамында азот, фосфор және калийдің болуы, толымсыз - құрамында осы элементтердің біреуінің болмауы.

Органикалық тынайтқыштар органикалық заттардан шыққан қарашірік, құс саңғырығы, көң, шымтезектен тұрады.

Түйіршікті тынайтқыштар шар тәрізді түйіршікті түрде дайындалған.

Үстеме қоректендіру - өсімдіктер өсіп келе жатқан кезде тыңайтқыш себу. Топыраққа күлді және қүрғақ минералды тынайтқыш себуді құрғақ үстеме қоректендіру деп, ал топырақта суда ерітілген немесе су қосылған тынайтқыштар қосуды сұйық үстеме қоректендіру деп атаайды.

Өсімдіктерді топырақсыз өсіру. Гидропоника - өсімдіктерді организмнің қоректенуі үшін қажетті барлық элементтері бар сулы қоректік қоспада өсіру.

Минереалды қоректену - өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіру. Қоректік заттар өсімдіктің жер үсті мүшелеріне минералды тұздардың ерітіндісі ретінде жеткізіледі. Топырақтан қоректенуде азоттың алатын орны ерекше. Егер өсімдікте азот жетіспесе, өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтарды дамымай қалады. Бидайдың түптенуі баяулап, төменгі жапырақтары сарғайып, қызарады да, ақырында қурап түседі. Фосфор жасуша қабықшасын түзеді. Өсімдікте фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді. Калий жеткіліксіз болса өсімдік өте аласа болып өседі. Жапырақтары мен сабақтары нашар дамып, тірек ұлпасы жетілмейді. Өсімдіктің сабақтары әлсіз болып, жатып қалады. Калий тамыр мен түйнек жақсы дамып, қоректік заттардың қорға жиналуы үшін керек.

ІV. Бекіту.

Өсімдік аты

Тыңайт-қыш

Қай мүшесіне қажет

Шашу мерзімі

Қандай күйде

Қырыққабат

азот

жапырағы мен сабағына

жаздың алғашқы айы

сұйық ерітінді

Қызанақ

фосфор, калий

жемісіне

жаздың екінші жартысы

құрғақ және ерітінді

Картоп

фосфор, калий

түйнегіне

жаздың екінші жартысы

ерітінді және құрғақ

Күздік дақылдар

калий

барлық мүшесін суыққа төзімді етуге

күзде, тұқым себер алдында

құрғақ

Үй тапсырмасы. §9 оқып келу.


© 2010-2022