• Преподавателю
  • Биология
  • Плаундардың құрылысы, көбеюі және дамуы. Плаундардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Плаундардың құрылысы, көбеюі және дамуы. Плаундардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ №37 Пән мұғалімі: Мусина К.А.

Бекітемін

Күні:

Пәні:Биология

Сыныбы:6

Сабақтың тақырыбы

Плаундардың құрылысы, көбеюі және дамуы. Плаундардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Мақсаты

Плаундардың құрылысы көбеюі және дамуы, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын оқып үйрену.

Күтілетін нәтижелері

А.Плаундардың маңызын түсінеді.

В.Плаундардың көбеюі мен дамуын тұжырымдайды.

С.Құрылысын жетік меңгеріп, тіршілік мүмкіншіліктерін болжайды.

Керекті жабдықтар

А3 қағазы, маркерлер, смайликтер, стикерлер, интерактивті тақта.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру. Амандасу. Әр түрлі фигуралар көмегімен топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру: «Ыстық орындық» әдісімен «Қырықбуындар құрылысы, түрлері, маңызы» тақырыбы тексеріледі. Ортаға әр топ мүшелерінің шешімімен оқушы шығару ұсынылады. Ол оқушының алдын ала дайындалған орындыққа отыруын мұғалім өтінеді.

Амандасады. Фигуралар көмегімен топқа бөлінеді.

Мұғалім және оқушылар «ыстық орындықта» отырған оқушыға өткен тақырып материалдарынан сұрақтар қояды. Оқушы қойылған сұрақтың жауабын білмесе, «келесі» деп басқа сұрақтың қоюын өтінеді. Бірнеше сұрақтардан кейін орындықта отырған оқушының орнын келесі оқушы алмастырады.

Тұсаукесер

«Стоп кадр» арқылы оқушыларға ой қозғау жүргізілу. Бейнебаян көрсете отырып оқушылардың қабылдауын визуалдандыру арқылы сын тұрғыдан ойлауға түрткі болу.

Оқушылар бейнебаяннан көрген деректерін сын тұрғыдан ойланып когнитивті қабылданған деректерін интерпретациялап сипаттауға әрекеттенеді.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.

«Галлереяға саяхат» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

1)Тақырыпты өздігінен оқуға тапсыру.

2)Әр топқа тапсырма беру.

3) Топ ішінде берілген тапсырма бойынша талқылау жүргізуді ұсыну.

4) Тапсырмадағы негізгі ойды оқушылар жеке-жеке қағаз бетіне түсіру.

5)Қағаз бетіне түсірген жұмыстарын қабырғаға ілуді ұсыну.

І топ. Қырықжапырақтәріздестерге жалпы сипаттама.

ІІ топ. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

ІІІ топ. Плаунтәріздестерге сипаттама

ІҮ топ. Кездесуі, дамуы, маңызы.

Формативті: қол соғу топтарды топтарды бағалау, мадақтау, сенім білдіру, смайлик

Кеңейтілген тапсырма: синкуин, түйін сөз.

Кеппешөптерден плаун құрылысын қарап бөліктерін оқулықтағы суретпен салыстыруды ұсыну.

Дәптерге тақырыпты жазу.

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, ЖАДА -да диалогтік оқу тәсілдері үйлесімді қолданыла отырып, топ ішінде талдайды. Керекті мәліметтерді топ шешімі бойынша қағаз бетіне түсіреді. Ойларын жинақтап жүйелеп үйренеді.

Топтар жұмыстарын қабырғаның көрнекі жерге ілінуін қадағалау барысында бәсекелестік туындайды. Бәсекелестіктің көрініс алуы кезінде көшбасшылар анықталады.

Қабырғаға ілінген жұмыстарды оқушылар галлереяны аралағандай көріп тұстарына смайликтер көмегімен формативті баға береді. Өзге топтың жұмысын бағалау барысында өз білімдерін толықтырады.

Мүмкіндіктеріне қарай тапсырманы орындайды. Кеппешөптермен жұмыстана отырып, танымдылығы дамиды.

Қорытынды

Рефлексия:

Үйге тапсырма:

«Венн диаграммасы» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.

плаундар

ұқсастықтары

қырыжапырақ

Кері байланыс: 3:2:1

§36

Сабақта плаундарды қырықбуындармен, қырықжапырақтармен салыстырады.

Өз ойларын білдіреді.

Күнделіктеріне жазу








© 2010-2022